Қазақстандағы статистиканың дамуы
Автор: Eldar01 • Январь 31, 2019 • Реферат • 1,842 Слов (8 Страниц) • 1,532 Просмотры
Жоспар:
1) Кіріспе
2) Қазақстандағы статистиканың дамуы
3) Қорытынды
4) Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Статистика (лат. status– жай-күй) –білім саласы, бұқаралық әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен үдерістердің сандық және сапалық көрсеткіштерін зерделейтін ғылым.Бұл терминды ең алғаш рет ғылымда 1749 жылы Готфрид Ахенваль өзінің “Статистика”атты кітабінде қолданды.Ғылым ретінде жалпы статистика 17-ғасырда пайда болды,алайда ежелгі заманда да бұл ғылым саласы адамға жұмыс жасады.Мысалы ретінде, б.з.б. 5-ғасырда Қытай халық санағы жүргізілген; Ежелгі Римде азаматтардың меншіктерін санағын жүргізген. Афинада антикалық заманда халықтың өлім-жітімінің статистикасы жүргізіліп отырған. Одан әрі 17-ғасырда статистика ғылымы дами бастады.Бұл кезде статистика 2 мектепке бөлінді.Әрі қарай дами келе біздің елімізге де келіп жетті.
Осы студенттің өзіндік жұмысында Қазақстандағы статистиканың дамуына тоқталып өтемін.Қазақстандағы статистика ғылымының қай ғасырда бастау алатыны, қазақ жеріндегі ең алғашқы статистикалық және тағы да басқа сұрақтарға жауап алуға болады. Жалпы қазақ халқында статистика ғылымы ерте дәуірде қолданылып келе жатыр.Қазақстанның статистикасын дамуын негізгі 3 кезеңге бөліп қарастыруға болады.Орталықтандырылмаған статистика, орталықтандырылған статистика, тәуелсіздік кезеңдегі статистика.
Қазақстандағы статистика ғылымының дамуы
Қазақстандағы статистика ғылымының дамуының бірінші кезеңі орталықтарлырылмаған статистика.Қазақстанның статистикасы Қазақ хандығы құрылғаннан бастап қазақ халқымен бірге дамып келе жатыр. 1456 жылы М.Х.Дулатидың “Тарих-и Рашиди” атты еңбегінен Керей және Жәнібек хандарымызға еріп, 200 мың адам Шу және Талас өзендерінің бойында Қазақ хандығын құрды. Бұл тарихи мәліметтен көретініміз,сол кезде қазақхалқы халық санақ жүйесін қолданғаны,яғни статистика ғылымының қолдануы.Бірақ ол кезде орталықтардырылған статистикалық қызмет болмағаны айтпаса да белгілі. Қазақ халқы өз заманында мал шаруашылығы дамыған кезең болған еді. Сол кезеңде қазақ халқы өзінің меншігіндегі мал-мүліктерін санап,санын біліп жүрген. Ханның қазынасындағы алтын тиынның саны да осы санатқа жатқызуға болады. Ханның алтынның көлемін санап,оны басқа салаларға бөліп тұратын арнайы адамы болған.Осы адам статистиканың бастапқы элементтерін қолданғаны белгілі. Бұл деректердің барлығы статистика ғылымының қазақ жерінде баяғыдан бар екенін көрсетеді.
Бірақ, бүгінгі Қазақстан аумағында азды-көпті болса да жүйелі және орталықтандырылған статистикалық қызметтің өмірге келуі XVІІІ-ғасырдың екінші жартысына, былайша айтқанда Қазақстанның Ресей империясының құрамына кіру кезеңіне жатады. Оның аумағындағы бірінші жалпы халық санағы, Орыс патшалығының барлық жеріндегідей, 1897 жылдың 9- ақпанындағы (28-қаңтардағы) жағдай бойынша өткізілді. Қазақстандағы статистиканың дамуы осы кезеңде қарқындай бастады.
Әлеуметтік-экономикалық статистика елдің даму деңгейі мен мүмкіндіктері жөнінде маңызды сандық ақпарат беруді қамтамасыз етеді. Статистика саясаттың ең маңызды бағытының бірі ретінде нақты мәселелерді дұрыс шешуге ықпал етеді, сонымен бірге қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық процестерге кіріктірілген барлық тұлғалар мен мекемелердің ақпаратқа қажеттілігін қанағаттандырып, пысықталған шешім қабылдауға септігін тигізеді.
Осы мақсат үшін қажет деректермен қамтамасыз ету жөніндегі өте күрделі жұмыс – “ресми статистикаға” жүктелген өте маңызды мемлекеттік міндет.
Қазақстан аумағында құрылған бірінші мемлекеттік ресми статистикалық орган болып, Түркістан губерналық статистикалық комитет (құрылған күні - 1868 жылдың 22-қаңтары) пен оған бағынышты Сырдария және Жетісу облыстарындағы статбюролар саналады. XІX ғасырдың 70-жылдарының ортасында Орал облыстық статкомитет, 1877 жылы Семей және Ақмола (Омск қаласында) және 1895 жылы Торғай облыстарының статкомитеттері ұйымдастырылды. Бірақ, 1920 жылға дейін Қазақстанда аталған және басқа да жергілікті статистикалық қызметті біріктіретін бірыңғай статистикалық орган болған жоқ.
...