Конустық тісті берілістер
Автор: blvckword • Февраль 27, 2022 • Лекция • 619 Слов (3 Страниц) • 464 Просмотры
КОНУСТЫҚ ТІСТІ БЕРІЛІСТЕР
Доңғалақтарының бастапқы және бөлгіш беттері конустық болатын қиылысатын осьтері бар тісті берілісті конустық деп атайды.
Конустық беріліс екі конустық тісті доңғалақтан тұрады (3.10-сурет) және δ1 + δ2 = ∑ бұрыштап қиылысатын осьтері бар біліктер арасындағы айналдыру моментін беру үшін қызмет етеді. Машина жасауда осьтер арасындағы бұрышы ∑ = 900 конустық беріліс анағұрлым кең таралған, бірақ [pic 1] бұрышпен берілістер болуы мүмкін. Конустық берілістер доңғалағын түзу (3.10, а-сурет), қиғаш (3.10, б-сурет), айналма (3.10, в-сурет) тістермен жасайды.
[pic 2]
а – түзу тісті доңғалақ; б – қиғаш тісті доңғалақ; в – дөңгелек тісті доңғалақ;
- 10-сурет - Конустық түзу тісті беріліс
[pic 3]
3.11 – сурет - Конустық тісті беріліс
[pic 4]
3.12-сурет – Гипоидты беріліс
Тоғыспалы осьтері бар біліктер арасындағы айналдыру моментін беруге арналған конустар доңғалақтары бар берілісті гипоидты деп атайды (3.12сурет). Бұл беріліс автомобильдерде қолданыс табады.
Конустық берілістер құны бойынша тең күштік параметрлер кезінде цилиндрлік берілістерден қымбат. Оларды қолдану тек біліктердің түйіндесетін осьтері кезінде моментті беру қажеттігімен ғана ұсынылады. Бір жұптың беріліс саны u ≤ 6,3.
Конустық берілістің бастапқы және бөлгіш төбелері О біліктердің осьтерінің қиылысу нүктесінде болады (3.14-сурет). Тістердің биіктігі мен қалыңдығы конустардың шыңдарына қарай бағытта азаяды. Конустық берілістің геометриялық параметрлері (3.13-сурет):
АОВ – тістегершіктің бөлгіш конусы;
ВОС – доңғалақтың бөлгіш конусы;
АО1В – тістегершіктің бөлгіш қосымша конусы; ВО2С – доңғалақтың бөлгіш қосымша конусы; δ1 – тістегершіктің бөлгіш конусының бұрышы; δ2 – доңғалақтың бөлгіш конусының бұрышы; de1 – тістегершіктің сыртқы бөлгіш диаметрі; de2 – сондай, доңғалақ; d1 – тістегершіктің орташа бөлгіш диаметрі; d2 – сондай, доңғалақ; b – тісті тәж ені (тіс ұзындығы); Re – сыртқы бөлгіш конустық қашықтық (немесе дистанция ұзындығы).
[pic 5]
3.13-сурет – Конустық берілістің геометриялық параметрлері
[pic 6]
3.14-сурет – Конустық түзу тісті беріліс
Конустық берілістің беріліс саны былай анықталады:
[pic 7]
Конустық берілісте бөлгіш шеңберлердің сансыз жиыны болуы мүмкін. Машина жасауда есептеу үшін сыртқы және орташа бөлгіш шеңберлерді қолданады (3.13-суретті қараңыз).
Конустық берілісте модуль мен бөлгіш диаметр цилиндрлік берілістердегідей қатынастармен байланысты, яғни d = mz сыртқы de және орташа dm бөлгіш диаметрлерді анықтайды:
...