Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тісті берілістер

Автор:   •  Декабрь 14, 2018  •  Реферат  •  2,114 Слов (9 Страниц)  •  1,336 Просмотры

Страница 1 из 9

Модуль 1 «Берілістер»

Дәріс 2.

Такырып: «Тісті берілістер»

Сұрақтар

1.Тісті берілістер тұралы жалпы түснік.

2.Тісті берілістердің дәлдігі және есепке алынатын күш.

3.Тістердің жұмыс істеу қабілеттілігі. [1], [6], [7], [8]

1.Жалпы Түсінік

Тісті берілістер деп қозғалысты, қозғалыс моментін біліктер арасында беру үшін және қозғалыстың бір түрін екінші түрге өзгертетін тісті ілінісуді айтады.

Тісті берілістер машиналарда өте көп кездеседі. Мыысалы, жеңіл автомашиналарда тісті дөңгелектердің саны 30÷35 болса,жону станоктарында 70÷80-гедейін жетеді. Тек қана автотрактор шаруашылықтарында жылына 30 млн. Тісті дөңгелек дайындау керек.

Барлық тісті берілістерді бірнеше түрге бөлуге болады (10.1-сурет).

Біріншіден, тісті дөңгелектер біліктерінің геометриялық остыерінің орналасуына байланысты:

  1. остері өзара паралель орналасқан берілістер, оған цилиндірлі тісті беріліс жатады;
  2. остері өзара қиылысқан берілістер, оған қонусты тісті берілістер жатады;
  3. остері өзара айқасқан берілістер, оған червякты тісті берілістер жатады;
  4. остері бір түзудің бойында орналасқан берілістер, оған планетарлық берілістер жатады;

Екіншіден, тісті берілістер ілінісуіне қарай екіге бөлінеді:

  1. сырттай ілінісетін тісті берілістер;
  2.  іштей ілінісетін тісті берілістер;

Үшіншіден, тістердің профильдері бойынша:

  1. эвольвент провильді тісті берілістер;
  2. циклойд провиль тісті берілістер;
  3. провилі шеңбер бойымен шектелген тісті берілістер, Новиқов ілінісі;
  4. толқынды ілініс;

Тістердің орналасуына байланысты:

  1. тік тістілер;
  2. қиғаш тістілер;
  3. шеврон тістілер;
  4.  дөңгелек тістілер.

Тісті берілістердің артықшылықтары мен кемшіліктері.

Артықшылықтары. 1. Тісті берілістер көмегімен өте үлкен қуат беруге болады (100000 артық күш) және олар басқа берілістерге қарағанда ықшамды, габариті шамалы келеді.

2. Басқа берілістерге қарағанда біліктерге және тіректерге аз күш түсіреді.

3. Тісті берілістер өте шыдамды келеді. Жақсы күтсе олар ондаған жылдар жұмыс істейді.

4. Пайдалы әсер қоэффиценті жоғары (бір сатылы редукторлар үшін η=0,97÷0,98).

Кемшіліктері. 1. Дайындалуы күрделі; 2. Жұмыс кезінде шу көп болады; 3. Қатаңдығы өте жоғары болғандықтан динамикалақ күштерді қабылдау қабілеттілігі нашар.

Салыстырмалы қасиеттері. 1. Қиғаш тістілер бір қалыпты, шусыз жұмыс істейді, бірақ ось күштері пайда болады.

2. Шеврон тістілердің ось күштері бір-бірімен теңеседі және жұмыс кезінде шу болмайды, иілуге шыдамдығы 25,30 процентке дейін өседі, бірақ дайындауы қиын.

3. Қонуты тісті берілістер қымбат. Қонструкциясы дәлдіклі талап етеді. Тістің бойында кернеу шоғырлануы пайда болады.

Эвольвента пішінді тісті берілістерден қысқаша мәлімет.

Тісті берілістердің геометриялық өлшемдерін есептеу және оларға тән кинематикалық байланыстар машина механизмдерінің теориясы пәнінде қарастырылады. Осыған байланысты біз бұл жерде тек негізгі ұғымдарды айтып кетпекшіміз.

Тісті берілістердің пішініне қойылатын басты талап, оның лездік беріліс санына тұрақты болуы қажет. Екіншіден, оны дайындау технологиясы күрделі болмау қажет. Осы екі талапқа эвольвента пішінді тиісті ілініс сәйкес келеді (10.2, 10.3-суреттер).

[pic 1] [pic 2]және [pic 3] ілінісу кезіндегі алғашқы шеңберлер диаметрі, ось шеңберлер бір-бірімен сырғанусыз жанасып айналады деп есептейміз, бұлар бастапқы шеңбер деп аталады.

[pic 4]= [pic 5]cos α және [pic 6]= [pic 7]cos α  негізгі шеңберлер диаметрі, жанама NN түзу сызығы осы шеңберлерді сырғанаусыз домалағанда эвольвента пішіні пайда болады.

...

Скачать:   txt (29.1 Kb)   pdf (708.1 Kb)   docx (336.8 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club