Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тісті біріктіру

Автор:   •  Декабрь 7, 2021  •  Доклад  •  1,107 Слов (5 Страниц)  •  223 Просмотры

Страница 1 из 5

Дәріс 13 Тісті біріктіру

Айналдырушы момент үлкен болса, кілтек жарылып істен шығуы мүмкін. Осындай жағдайда тісті біріктіру қолданылады. Тісті біріктіруде күпшектің ішкі бетінде дәл сол пішінде етіп жасалған білік бетіндегі ойықтарға кіріп тұратын тістері болады. Біліктің бетінде де дәл осы пішінде жасалған, күпшектің ішкі бетіндегі ойықтарына кіріп тұратын тістері болады. Біріктіру үшін жасалған білік пен күпшіктің тістерін шлицтер деп те атайды.

Тісті біріктіру кілтектік біріктіруге ұқсас болғандықтан оны көп кілтекті біріктіру деуге болады. Тісті біріктірудің кілтектік біріктіруден артықшылықтары: ол кілтектік біріктіруден берік, сондықтан оны қуатты машиналарда қолдануға болады; білікке қондырылған тісті доңғалақ немесе басқа тетікбөлшек ось бойымен еркін қозғала алады; күпшек пен біліктің осьтері бір-бірімен дәл беттеседі. Сондықтан түрлі механизмдер мен машиналарда тісті біріктіру кеңінен қолданылады.

Тістердің көлденең қимадағы пішіндеріне қарай, оларды тікбұрышты, эвольвенталы, үшбұрышты, трапеция тәріздес деп ажыратады. Тікбұрышты және эвольвенталы тісті біріктірулер стандартталған. Тікбұрышты тістер көбірек кездеседі. Тісті біріктірудің негізгі параметрлері: 𝑧 − тістердің саны;

𝐷 − сыртқы (үлкен) диаметр; 𝑑 − ішкі (кіші) диаметр; 𝑏 − тістің ені. Аталған параметрлердің үшеуі (𝑧, 𝐷 және 𝑑) есептеп тағайындалған, ал олардың тағайындалған мәндеріне тістің белгілі бір ені сәйкес келеді. Осы параметрлердің мәндеріне қарай тікбұрышты тістердің көмегімен біріктіруді 3 серияға бөледі: жеңіл, орта және ауыр.

Тісті біріктіруде күпшек пен білік шлицтерiнің конструкцияларына байланысты мынадай жағдайлар болады:

  • біліктің ішкі диаметрі 𝑑 күпшектің ішкі диаметрінен сәл кішілеу, ал олардың сыртқы диаметрлері (𝐷) тең. Бұл жағдайда шлицтердің ішкі диаметрлерінің арасында саңылау болады (133а-сурет). Күпшек пен білікті осылайша біріктіруді сыртқы диаметрі (𝐷) бойынша центрлеу дейді;

[pic 1]

а)                ә)        б) 133-сурет

  • біліктің сыртқы диаметрі күпшектің үлкен диаметрінен сәл кішілеу, ал олардың ішкі диаметрлері өзара тең; сондықтан саңылаулар үлкен диаметрлердің арасында болады (133ә-сурет). Тісті біріктірудің осындай түрін оларды ішкі диаметрлері (𝑑) бойынша центрлеу дейді;
  • cаңылаулар үлкен және кіші диаметрлердің аралықтарында да болады (133б-сурет), өйткені күпшек тістерінің сыртқы диаметрі білік тістерінің сыртқы диаметрінен, ал күпшек тістерінің ішкі диаметрі білік тістерінің ішкі диаметрінен үлкенірек болады. Бұл жағдайда күпшек пен білік бүйір беттері (𝑏) бойынша центрленген дейді.

Тісті біліктің сызбасы 134-суретте беріліп отыр. Біліктің осін басты көріністе негізгі жазуға параллель орналастыру керек. Тістердің сыртқы

[pic 2]

  1. сурет

диаметрлеріне сәйкес жасаушыны және қиықжиекті жуан негізгі тұтас сызықпен көрсетеді. Шлицтердің ішкі диаметріне сәйкес жасаушыны жіңішке тұтас сызықпен жүргізу керек және бұл сызық қиықжиек сызығын қиып өтеді. Біліктің тісті және тістері жоқ бөлігі жіңішке тұтас сызықпен ажыратылады. Шлицтерді тіс жонатын дөңгелек жоңғыштармен (фрезалармен) ойып жасайды. Фрезаны (жонғышты) ойықтан шығарғанда пайда болатын тістердің профильдері өзге болады. Осы тістің профилі (көлденең қимасы) өзге бөлігін

оның негізгі бөлігінен ажырататын сызық та тұтас жіңішке сызықпен жүргізіледі. Егер басты кескінде жергілікті тілік пайдаланылса, онда тістердің ішкі диаметріне сәйкес сызықтың бөлігін жуан негізгі тұтас сызықпен көрсетеді. Басты көрініске тістердің ұзындығын (оның негізгі бөлігінің ұзындығын) және жонғыштың радиусын түсіреді. Біліктің осіне перпендикуляр жазықтықтағы кескінде тістердің сыртқы диаметрі бойынша жуан негізгі тұтас, ал ішкі диаметрі бойынша жіңішке тұтас сызықтармен шеңберлер жүргізіледі. Бұл көріністе шартты түрде бір тіс және екі ойық көрсетіледі. Өлшемдерден тістердің сыртқы және ішкі диаметрлері, тістің ені түсіріледі. Сол жақ көріністі қимамен алмастыруға болады. Қимада шартты түрде бір тіс екі ойық кескінделеді. Сол жақ көріністе қиықжиектің ескерілмейтінін білесіздер.

...

Скачать:   txt (15.3 Kb)   pdf (584.6 Kb)   docx (953.4 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club