Инклюзивтік білім берудің нормативтік-құқықтық базасы
Автор: ирина толегеновна • Сентябрь 26, 2021 • Доклад • 633 Слов (3 Страниц) • 879 Просмотры
Тапсырма 1.
Тақырыбы: Инклюзивтік білім берудің нормативтік-құқықтық базасы
Қазақстан республикасындағы инклюзивті білім беру жүйесінің нормативтік-құқықтық базасы
шектеулі тұлғалардың құқығы көп уақыт бойы халықаралық қауымдастықтың назарында болып келді. Қазіргі уақытта көтеріліп отырған жалпы проблемаға байланысты біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан
- Адам құқығы туралы декларация,
- Мүгедектердің құқығы туралы декларация,
- Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген тұлғалардың құқығы туралы декларация,
- Бала құқығы туралы конвенция,
- Мүгедектердің мүмкіндігі мен ережелерін сақтаудағы тең құқығын сақтаудың стандартты ережелері
түріндегі бірқатар нормативтік құжаттар жасақталған.
Адамның өмір сүруін қанағаттандыру үшін оның құқығы мен еркіндігі сақталуы қажет. Адам құқығы мен еркіндігін қорғау, халықтың әлеуметтік қорғау мен оны жүзеге асыру механизмі адам құқығы мен еркіндігі туралы бекітілген халықаралық актілердің негізінде реттеледі.
БҰҰ-ның қабылдаған Уставына және Адам құқығы туралы жалпы декларацияға сай мүмкіндігі шектеулі тұлғалар белгіленген нормативтік құжаттар негізінде өздерінің азаматтық, саяси, әлеуметтік, мәдени құқықтарын жүзеге асырып, өзге адамдармен қатар өздерінің еркіндігі мен бостандығын сақтай алады.
Аталған құжаттардың қатарындағы Адам құқығы туралы жалпы декларация осы проблемаға сай қабылданған басқа да нормативтік құжаттардың құрылуына негіз болды. Құжаттардың жасақталуы барысында балаларды қорғау, балалардың денсаулығына назар аудару, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға ерекше назар аударудың қажеттілігі басым болды.
1989 жылғы 20 қарашадағы Бас Ассамблеяда Бала құқығы туралы конфенция қабылданып, баланың мүмкіндігін әлемдік деңгейде сақтай білу, оны дамытудың қажеттілігі қабылданды. Конвенцияның негізгі мақсаты - максималды түрде баланың қызығушылығын сақтау. Конвенцияның ережелері маңызды төрт талап негізінде (өмір сүруге қабілеттілік, даму, қорғау, қоғамдағы белсенді өмір сүруін қамтамасыз ету) қарастырылды. Конвенцияның 23-ші бабында «мүмкіндігі шектеулі баланың өмір сүруіне жағдай жасау» туралы мәселелер көтеріледі. Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуы, кәсіби еңбекке дайындығы, оларға медициналық көмек көрсету, денсаулығын нығайтудағы қажеттіліктердің қанағаттандырылуы туралы баса айтылады.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың мүмкіндіктерін сақтаудағы негізгі халықаралық құжаттардың мазмұны мынадай қорытынды жасауымызға мүмкіндік береді:
1. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың басқалармен бірдей тең құқылығын сақтау принципі;
2. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды (саңыраулар үшін) барлық жағдайлардағы аудармашылармен қамтамасыз ету;
3. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқығы бір ғана құжатта емес бірнеше құжаттарда баяндалады.
Қазақстан Республикасының арнайы білім беру жүйесі 90-шы жылдарда мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік бейімделуін жетілдіру мақсатында халықаралық құқықтық актілер қабылданды, олар “Бала құқықтары туралы Конвенция” (1989) және “Мүгедектердің құқықтарының тепе-теңдігін қамтамасыз ету туралы ережелер” (1993), білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларға арнайы білім беру және жағдайын реттеу үшін “Саламандық декларация” (1994).
...