Word текстік процессоры. Текстік құжаттарды құру, редакциялау және форматтау
Автор: bekarysaid • Сентябрь 20, 2021 • Лабораторная работа • 449 Слов (2 Страниц) • 381 Просмотры
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №3
Тақырыбы: «Word текстік процессоры. Текстік құжаттарды құру, редакциялау және форматтау»
Мақсаты: Word текстік процессорында текстік құжаттарды құру,
редакциялау және форматтау тәсілдерін меңгерту.
Негізгі түсініктер:
Текстік процессорлар (мысалы,MSWord программасы)– текстік құжаттарды дайындау, түзету және қағазға басып шығару сияқты текстік редакторларға тән қарапайым әрекеттермен қатар, құжаттан берілген сөзді немесе фрагментті іздеу, алмастыру, текстік құжатқа макрокомандалардың көмегімен объектілер орналастыру, т.б. күрделі әрекеттерді де орындай алатын программа.
Құжат құру Word программасында екі түрлі жолмен орындалады: дайын шаблондарды (макеттерді) пайдалану және жаңа құжат (новый документ) негізінде құру.
Құжатты редакциялау терілген құжаттағы түрлі қателерді жөндеуді, текстегі фрагменттердің орындарын ауыстыру, алып тастау, қосу және т.б. қамтиды. Қате терілген символдарды жою BACKSPACE, DELETE пернелерінің көмегімен жаслады..
Текстік құжаттарды форматтауды Word программасының терезесіндегі Форматирование саймандар панеліндегі батырмалар немесе негізгі мәзірдегі Форматопциясының командалары арқылы жүзеге асырады.
Текстік құжатты форматтау тәсілдері:
- Шрифтгарнитурасын таңдау және өзгерту
- Шрифт өлшемін өзгерту
- Шрифтің сызылымын (начертание) өзгерту
- Тексті бетке қатысты туралау
- Маркерленген және номерленген тізімдер жасау
- Абзацтың параметрлерін орнату.
Құжатты сақтау.Word текстік процессорының құжаттары стандарт кеңеймесі .doc болып келетін файлдар түрінде сақталады. Құжаттарды сақтау әдісінің параметрлері, Сервис ->Параметры командасының терезесіндегі , Сохранение жапсырмасы бөлімінде көрсетіледі.
Құжаттарды ашу және жабу. Құжатты ашу, бұл бұрын даярланған және файл түрінде сақталған құжаттар үшін ғана мүмкін болады, ол Файл ->Открыть командасы көмегімен орындалады. Файл->Закрыть командасы арқылы ашылған құжатты жабуға болады , мұның басқа да тәсілдері бар.
Өздік жұмыс тапсырмалары
- Текстік құжат құрыңыз / көп нүктенің орынына қойылатын файлдың аты 3-кестедан алынады, 1-тапсырма/.
- Құжаттағы абзацтар саны ... болуы керек /2-тапсырма/.
- Абзацтарды форматтаңыз /3-тапсырма/.
- Бірнеше жолдардан тұратын тізім ... жасаңыз /4-тапсырма/.
- Тізімдегі тексті ... бағанға бөліңіз /5-тапсырма/.
- Құжатқа ... қойыңыз /6-тапсырма/.
3 кесте
Вар. № | Тапсырмалардың номерлері | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
2 | Лаб_W2 | 5 | шрифті с подчеркиванием, №14, жол арасы междустрочный интервал двойной | Номер ленген | 5 | төменгі колонтит. ( дата) |
1.М.Қ.Қозыбаев 1931 жылы 16 қараша қазіргі Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Тазкөл басындағы ауылда шаруа отбасында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы жылдары жасөспірім бала кезінен колхозда еңбекке араласқан. 1947 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Мендіқара педагогикалық училищесін үздік бітіріп, бір жыл Үлгілі жеті жылдық мектебінде мұғалім болып қызмет етеді. Болашақ ғалымның тәрбиесіне ата-анасымен қатар кейін көрнекті қайраткер болып танылған ағасы Қозыбаев Оразалы Әбілұлы айтарлықтай ықпал жасады.
...