Окытушы жүмысында Learning APPS веб-сервисiн колдану әдiстемесi
Автор: meruertkabylova • Сентябрь 13, 2021 • Доклад • 682 Слов (3 Страниц) • 293 Просмотры
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қарағанды облысының Білім басқармасы
Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі
ОҚЫТУШЫ ЖҰМЫСЫНДА LEARNING APPS ВЕБ-СЕРВИСІН ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
Әзірлеген: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты оқытушысы Кабылова М.Б.
LearningApps сервисін қолдану жолдары
LearningApps сервисі әр түрлі пәндерден интерактивті оқу-әдістемелік материалдар дайындау үшін қолданылады. Сервис ерекшелігі әр пәнге арналған түрлі дайын шаблондарды пайдалануға негізделген. Тапсырмалар тақырыптары әр алуан: карталардан жерді анықтаудан бастап, сөзжұмбақ шешу, білім картасын жасау секілді түрлі мазмұнға құрылған. Сервисте қазақ тілді тапсырмалар жоқ болғанымен, өзге тілді тапсырмалар көп. Мұндағы негізгі жұмыс тілі – орыс тілі. Шаблон құру тілі орыс тілінде берілген. Дегенмен сіз қазақ тіліндегі тапсырмаларды енгізе аласыз. Сервисте жұмысты бастау үшін тіркелу міндетті.
Google Chrome браузеріне кіріп, https://learningapps.org/ адресін енгізесіз. Сіздің браузеріңізде жаңа бет ашылады. (сурет №1)
[pic 1]
сурет №1
Жоғарыда көрсетілген беттің оң жақ жоғарғы шетінде «кіру»сөзі орыс тілінде жазылып тұрады. (сурет №2)
[pic 2]сурет №2
Егер сіз бұл сервиске алғаш рет кіріп тұрсаңыз, жаңа аккаунт ашу (Создать новый аккаунт) сөзін басыңыз. (сурет №3)
[pic 3] сурет №3
Берілген жолдарды талапқа сәйкес толтырып, өзіңіздің логиніңіз бен құпия сөзіңізге ие боласыз. Сөйтіп, сіз бұл сервиске тіркелгеннен кейін дайын жаттығулардың шаблонымен өз жаттығуларыңызды құрып, өз парақшаңызға сақтап қоясыз. Әлемнің кез келген жерінен өз парақшаңызға кіріп, дайындаған жаттығуларыңызды қолдана бересіз. Дайын шаблондар арқылы сіз тек мәтіндік, сөздік тапсырмалар ғана емес, аудио, видеоларды да енгізіп, өз керегіңізге жаратасыз. Өзіңіздің құрған жаттығуларыңызды тек өзіңіз көретіндей ғана сақтайсыз немесе көпшілік көретіндей етіп жариялай аласыз.
Сервиске тіркелгеннен соң LearningApps сервисінің бірінші парағында «Барлық жаттығулар» сілтемесі тұрады.(сурет №4)
[pic 4]сурет №4
Сілтемені басып, төменде берілген тізім ішінен өзіңізге керек пәнді таңдап алып, оның ішіндегі дайын жаттығуларды қолдансаңыз да болады. Егер сізге дайын жаттығулар ұнамаса немесе ондағы бір-екі сұрақты өзгерткіңіз келсе, тура сол таңдап алған жаттығуыңыздың төменгі жағында орналасқан «Ұқсасын құру (Создать подобное приложение)» сөзін басасыз. (сурет №5).
[pic 5] сурет №5
Әрі қарай өз қалауыңызбен сұрақтарды немесе тапсырмаларды өзгерте аласыз. Жаңадан жаттығу құрудың екінші бір түрі «Жаңа жаттығулар (Новое упражнение)» сілтемесін басу.(сурет №6)
[pic 6]сурет №6
«Жаңа жаттығулар» сілтемесін басу арқылы ашылған келесі бетте (сурет №6) дайын жаттығулар шаблондары пайда болады. Таңдаған біреуінің үстінен басу арқылы (сурет №7) жаттығудың шартымен, тапсырмалардың берілу үлгісімен танысуға мүмкіндік бар.
[pic 7] сурет №7
Жаттығумен толық танысып болған соң жоғарғы оң жақта тұрған «Жаңа қосымша құру» (сурет №8)сөзін басып, тура сондай жаттығуды дайын шаблонда өзіңіз қалауыңызбен құрасыз.
...