Код арқылы автоматтандырылған құлып жүйесін құрастыру
Автор: star_buck5 • Июнь 16, 2018 • Реферат • 11,471 Слов (46 Страниц) • 823 Просмотры
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Әбдірахман Б.М.
Код арқылы автоматтандырылған құлып жүйесін құрастыру
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
5B070200-«Автоматтандыру және басқару» мамандығы
Алматы, 2018
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
«Қорғауға жіберілді» «___» __________
Кафедра меңгерушісі
PhD, доцент_______________________Жакебаев Д.Б.
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: «Код арқылы автоматтандырылған құлып жүйесін құрастыру»
5B070200 – «Автоматтандыру және басқару» мамандығы
Орындаған Әбдірахман Б.М.
Ғылыми жетекші
э.ғ.д., профессор Байшоланова Қ.С.
Алматы, 2018
Аңдатпа
Дипломдық жұмыстың басты мақсаты тұрғын үйлер, мекемелердің қауіпсіздігін сақтау үшін құлып жүйесін кодтау арқылы автоматтандыру.Қауіпсіздік - тұрғын үйлер мен көптеген мекемелердің басты мәселе болып табылады, және де осы мәселені шешудің бірнеше тәсілі бар. Сол тәсілдердің ішінде ең қауіпсіз тәсіл ретінде саусақ іздерін сканерлеу арқылы құлып жүйесін автоматтандыру қарастырылды. Терроризм мен рұқсатсыз мекемеге кірудің алдын алу үшін қауіпсіз жүйе қажет. Бұл дипломдық жұмыста жеке меншік индексіне негізделген биометриялық жүйесі бар есік құлыптау жүйесінің дизайны мен прототипі берілген. Саусақ ізі сияқты биометриялық жүйе жүйелік транзакцияларға сенімді хаттамаларды қамтамасыз етеді және адамның жеке өміріне қол сұқпаушылық құқығын қорғайды. Бұл құрылғы саусақ ізі сенсорларының технологиясын қолдана отырып физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін Arduino UNO негізіндегі құрылғыларда жұмыс істейді.
Түйінді сөздер тізімі - биометриялық көрсеткіштер; Саусақ ізінің сенсоры; Қауіпсіздік жүйесі; Авторизациялау;
Кіріспе
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
САТЖ – сызықта алгебралық теңдеулер жүйесі;
(a, b) – ашық интервал [pic 1][pic 2];
Ω – анықталу облысы;
[pic 3] –Лебег кеңістігі, бұл кеңістікте функциялардың екінші ретті интегралы табылады;
[pic 4][pic 5] –Соболев кеңістігі, [pic 6][pic 7];
[pic 8][pic 9] – скаляр көбейтінді;
КІРІСПЕ
Соңғы жылдары антропогендік ластану процесін зерттеуге көп көңіл бөлінуде. Математикалық модельдеу әдісін антропогендік ластану процесінде қолдану – қарастырылып отырған облыста ластанудың таралуын сипаттайтын дербес туындылы бастапқы-шекаралық дифференциалдық теңдеулерді шешуге алып келеді. Бұл шекаралық есептер құрамына термодинамикалық, биохимиялық және басқа да параметрлер, сонымен қоса, ластану көзінің тығыздығын сипаттайтын функция енеді. Қарастырылып отырған процесті сипаттайтын шекаралық есептің шешімін табу үшін кіріс параметрлері, бастапқы және шекаралық шарттар, ластану көзінің ластану тығыздығы белгілі болуы қажет.
Алайда практикада, көбінесе бұл параметрлер немесе ластану көзінің тығыздығы белгісіз болуы мүмкін. Бұл жағдайларда берілген шекаралық есептің шешімімен қоса, белгісіз параметрлерді және ластану көзінің тығыздығын, қандайда бір қосымша шарттарды қолдану арқылы табу қажет. Мұндай есептер кері есептер деп аталады.
Қазіргі таңда кері есептерге деген қызығушылық артуда. Мұның екі себебі бар. Біріншіден, бұндай есептердің практикалық маңызы зор. Кері есептердің қолданылатын облыстары өте кең. Солардың кейбіреулерін атап өтейік: 1) математикада: есептеу математикасы, алгебра, интегралдық геометрия, интегралды және операторлық теңдеулер, дифференциалдық теңденулер, математикалық физика теңдеулері, тиімді басқару теориясы және т.б,. 2) геофизика, 3) кванттық механика, 4) акустика, 5) электродинамика, 6) химия, 7) жылу- және массатасымал, 8) мқнай және газ ісі, 9) гидрология и гидрогеология, 10) медицина, 11) экономика, 12) экология және т.б. екіншіден, кері есептер көбінесе қисынсыз болып келеді, осының кесірінен есепті шешу кезінде бірқатар проблемалар туындайды. Кері есептерді шешудің тиімді әдістерін құру, сандық әдістерін дамыту – күрделі кері есептерді, шешімнің қасиеттерін зерттеуге, теориялық проблемаларды тереңірек талдауға, соның ішінде шешімнің бар болуы және жалғыздығы және т.б. шығаруға мүмкіндік береді. Бұндай проблемалардың көп болуы және соңғы жылдары қол жеткен нәтижелер, кері есептердің практикалық маңыздылығы мәселесінің өзектілігін көрсетеді.
...