Есептер шығару.(Айналу денесінің көлемін анықталған интегралдың көмегімен есептеу)
Автор: гульназ Мавлитаева • Февраль 21, 2022 • Контрольная работа • 433 Слов (2 Страниц) • 635 Просмотры
«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК
Орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған педагогтың сабақ жоспары
Сабақ тақырыбы: Есептер шығару.(Айналу денесінің көлемін анықталған интегралдың көмегімен есептеу)
Пән: математика
Дайындаған педагог: Сулейменова М.Б.
Күні:
1. Курс, оқу жылы, топ: І курс, 2021-2022 оқу жылы
Сабақ типі: аралас
2. Мақсаты, міндеттері: анықталған интеграл көмегімен айналу денесінің шамасын есептеу формуласын есептерді шешуде қолдану.
2.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі
- анықталған интеграл ұғымының геометриялық мағынасы;
- айналу денесінің көлемін табу формуласы.
2.2 Күтілетін нәтиже:
- анықталған интеграл көмегімен айналу денелерінің көлемін табуды білу;
- айналу денесінің көлемін табу формуласын есептер шығаруда қолдану.
2.3 Бағалау критерийі:
- Функция графигін салады
- Айналу денесін анықтайды
- Көлем формуласына дұрыс қояды
- Аралықтарды анықтайды
- Көлемді дұрыс табады.
3. Сабақты жабдықтау
3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер:
А.Е.Әбілқасымова, З.Ә.Жұмағұлова. Алгебра және анализ бастамалары. 11 сынып, - Алматы: Мектеп, 2019. https://www.okulyk.kz/algebra/663/
3.2 Техникалық құралдар, материалдар:
компьютер, интербелсенді тақта, learningapps, https://quizizz.com сайтымен жұмыс, презентация
4. Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру. Амандасу. Білім алушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
а) Сабаққа әзірлікті бақылау; ә) Психологиялық ахуал орнату.
Сабақтың мақсатымен таныстыру. Сабақтың әр кезеңінде білім алушылардың жауабын есепке алып отыру.
ІІ. Миға шабуыл. 1.«Қарлы кесек» (өткен тақырыпты қайталау)
2. Интегралдық қисаптың негізгі ұғымдары мен кезеңдерін еске түсірейік. Тапсырма: Бос орындырды толтыр. (Ауызша)
[pic 1]
ІІІ. Тапсырма: Оқулықпен жұмыс. №4.6, №4.7
Дескрипторлар:
- Аралықтағы функция графигін салады;
- Айналу денесін көрсетеді;
- Айналу денесінің көлемін табу формуласын дұрыс қолданады;
- Айналу денесінің көлемін дұрыс есептейді.
ІV. Жұптық жұмыс
...