Қалпына келтірілмейтін жүйелердің сенімділік көрсеткіштерін есептеу
Автор: madikemelbek • Февраль 25, 2024 • Лабораторная работа • 1,363 Слов (6 Страниц) • 142 Просмотры
ҒҰМАРБЕК ДАУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
№1 Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Қалпына келтірілмейтін жүйелердің сенімділік көрсеткіштерін есептеу.
Мамандығы: Автоматтандыру және басқару
Пәні: Басқару жүйелерінің сенімділігінің негіздері
Орындаған:
Группа:
Тексерген:
______________________«_______»____________ жыл
(бағасы) (қолы)
Алматы
№1 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС.
Қалпына келтірілмейтін жүйелердің сенімділік көрсеткіштерін есептеу.
Жұмыстың мақсаты: Қалпына келтрілмейтін жүйелердің басты көрсеткіштерін анықтап, технологиялық процесстерді автоматты басқару жүйелердің сенімділік ықтималды сипаттамаларды сынау.
1. Қалпына келтірілмейтін технологиялық процестерді басқару жұйелері Бірінші тоқтаудан кейін қалпына келтірудің пайдасы болмайтын және қалпына келтірудің мүмкіншілігі болмайтын жүйелер қалпына келтірілмейтін деп айтады. Технологиялық процесстерді автоматтандыру жүйелердің көбісі қалпына келтірілмейтін болып (мысалы, егер ол жүйе қызмет етуге жетімсіз болып, яғни технологиялык агрегаттың жүмысты күйінде персоналға жетімдігі жоқта) немесе тоқтаудан кейінгі мезгілде персоналдың жүйеге жетімдігі болып, жүйені жөндеуге мүмкін болса,жүйе қалпына келтірілетін болып саналады. Жүйенің әр түрлі элементтері (мысалы, интегралды схемаларды, резисторлары, конденсаторлары.) қалпына келтірілмейтін болады. Осындай элементгерден құрылған жүйелер қалпына келтірілмейтін болып саналады. Ол мысалы, өлшеу блоктары, басқару блоктары, куатты жағдайды тіркейтін блоктар болады. 1.1 суретте котелдің дара қорғаудың құрама схемасы берілген.
[pic 1]
ИБ-информациялық бөлшек; ББ-басқаратын бөлшек; ЖББ- жалпы элементгердің басқаратын бөлшегі; ОБ-орындаушы бөлшек. Котелдің жалған тоқтауы суреттегі кез келген бөлшегін тоқтауынан пайда болуы мүмкін. Реактордың қуатын реттейтін жүйені (1.2 сурет) калпына келтірілмейтін жүйе деп санауға болады. 1.2 сурет
[pic 2]
1.2 сурет
Автоматтандырылған реттеу жүйеге ионизациялық камера 1 қоректендіру блогымен 2, терможұп 3, нормалау тұрлендіргіш , реттеу құрылғысы 5, орындаушы механизм 6 кіреді. Бұл жүйеде 1, 3, 6 элементтер реактордың жұмысты күйінде қалпына келтірілмейді. Сондықтан белгілі шартта жүйе қалпына келтірілмейтін болып саналады . Ол мысалы келесі шарттар болады: котелдің ішіндегі немесе турбинаның подшипниктеріне орнатылған датчиктар, басқаратын блоктарға кіретін интегралды схемалар сынып немесе тоқтаса жүйе қалпына келтірілмейді.
2. Сенімділік көрсеткіштерді есептеу Бір немесе бірнеше жүйенің сенімділік қасиеттерін сипаттайтын сандық көрсеткіштерін сенімділік көрсеткіштері деп атайды. Қалпына келтірілмейтін жүйелер тоқтаусыздық көрсеткіштермен толыіқ сипатталынады.
Тоқтауға дейін өлшеген уақыттың таратылу функциясы F(t) - ол тоқтауға дейін істеген жұмыс уақыт Т берілген t уакытынан кем болатын кездейсоқ оқиғаның ықтималдығы:
F(t)=P{T<t} (2.1)
Функцияның статистикалық анықтамасы келесі функция болады:
(t)=N(t)/N (2.2)[pic 3]
Бұнда N(t)- t уақытқа дейінгі тоқталған жүйелердің саны;
N- сыналатын жүйелердің саны.
Сенімділік функциясы:
P(t)=P{T>t}=1-F(t) (2.3)
Функцияның статистикалық анықтамасы:
P(t)=1-F(t)=N-N(t)/N (2.4)
Бұнда N-N(t)- t уақытта жұмысқа қабілетті күйінде қалған жүйелердің саны.
Таратылу функциясының тығыздығы: f(t)= dF(t)/dt (2.5)
...