QBasic редакторы
Автор: ziyakita • Декабрь 19, 2021 • Лабораторная работа • 544 Слов (3 Страниц) • 204 Просмотры
Тақырыбы: QBasic редакторы
Жұмыстың мақсаты: QBasic редакторын іске қосуды, программа мәтіндерін енгізуді, сақтауды, өңдеуді, программаны орындатуды, редакторды баптауды, мәзірлермен жұмыс істеуді, редактордың анықтамалық жүйесімен жұмыс істеуді үйрету.
QBasic редакторын іске қосу.
Qbasic программасының терезесі төмендегідей болады.
[pic 1]
Enter клавишін бассақ анықтамалық жүйенің терезесі ашылады, ESC клавишін бассақ курсор бірінші жолда көрінеді. Программа текстін теру кез-келген текстік редактордағы сияқты орындалады. Оң жақ төменгі бұрышта курсор орналасқан ағымдық жол нөмірі мен баған нөмірі көрініп тұрады. Редактордағы жол ұзындығы 256 символ.
Файл мәзірінде жаңа файл құру (Новый), файлды ашу (Открыть), сақтау (сохранить), атын өзгертіп сақтау(сохранить как), қағазға басып шығару (Печать), программадан шығу (Выход) командалары орналасқан.
Редактирование мәзірінде программа мәтінін не ерекшеленген фрагментін жадыға қиып алу (Вырезать), көшіру (Копировать), жадыға қиып алынған не көшірілген фрагменті курсор орналасқан жерге қою (Вставить), ерекшеленген мәтінді өшіру (Очистить), көмекші программалар -процедура (Новая Sub…), функция (Новая Function…) командалары орналасқан.
Мәзірдегі командалар аттарының оң жағындағы клавиштер комбинациясы командаларды мәзірге кірместен осы клавиштер арқылы орындауға болатынын білдіреді.
Просмотр мәзірінде көмекші программаларды көру (SUBs…), терезені екіге бөлу (разбить), нәтижені көру (Экран вывода) командалары орналасқан.
Поиск мәзірінде программа мәтінінен керекті символды не сөзді іздеу (Поиск), символды не сөзді басқа символмен не сөзбен алмастыру (Замена) командалары орналасқан.
Запуск мәзірінде программаны іске қосу (Запуск), қайта іске қосу (Перезапустить), жалғастыру (Продолжить) командалары бар.
Отладка мәзірінде программаны жөндеу командалары орналасқан.
Параметры мәзірінде Qbasic редакторын баптау командалары орналасқан. Параметры-экран командасы экранның түсін, текстің түсін өзгертуге мүмкіндік береді. Фон деген жерден экран түсін, Основной деген жерінен текст түсін таңдаймыз.
Параметры- Проверка синтаксиса - программаның синтаксистік дұрыс жазылыуын тексеріп отырады. Егер оның тұсына белгі қойылмаса синтаксисті тексермейді.
Справка мәзірінде Qbasic туралы анықтама алу командалары орналасқан. Qbasic жүйесінің командалары, операторлары туралы мәлімет алу үшін Справка-Предметный указатель командасын орындау керек. Шыққан терезеде алфабит бойынша командалар, функциялар, операторлар аттары көрінеді. Керектісіне курсорды тышқан арқылы не ТАB клавиші арқылы әкеліп Enter-ді бассаќ сол туралы мәліметті көрсетеді.
...