Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Символдар. Жолдармен жұмыс

Автор:   •  Октябрь 26, 2023  •  Лекция  •  751 Слов (4 Страниц)  •  180 Просмотры

Страница 1 из 4

Символдар. Жолдармен жұмыс.

Символдар

System.Char класының негізгі әдістері

Жолдар

Жолдармен жұмыс жасауға арналған әдістер

C#-та мәтіндік ақпаратты өңдеу есептерін шешуге арналған бірнеше құралдар бар. Олар: жеке символдар, символдар массиві және  жолдар.

Char символдық типі символдарды Unicode кодында сақтауға арналған. Символдық тип C# мәліметтер типінің кірістірілген (стандартты) типіне жатады және System атаулар кеңістігіндегі .Net кітапханасының Char стандартты класына сәйкес келеді. Бұл класта символдардың түрін және категориясын беретін, сонымен бірге символдарды жоғарғы немесе төменгі регистрге, санға түрледіретін статикалық әдістер анықталған. Негізгі әдістер 7.1-ші кестеде берілген.

7.1-кесте

System.Char класының негізгі әдістері

Әдіс

Сипаттамасы

GetNumericValue

Символдың сандық мағынасын қайтарады, егер де ол сан болса және қарама-қарсы жағдайда -1

GetUnicodeCategory

Unicode-символының категориясын қайтарады

IsControl

егер де символ басқарушы болса, trueқайтарады

IsDigit

егер де символ ондық сан болса,trueқайтарады

IsLetter

егер де символ әріп болса, trueқайтарады

IsLetterOrDigit

егер де символ әріп немесе сан болса, trueқайтарады

IsLower

егер де символ төменгі регистрде берілген болса,trueқайтарады

IsNumber

егер де символ сан болса (ондық немесе он алтылық), trueқайтарады

IsPunctuation

егер де символ тыныс белгісі болса, trueқайтарады

IsSeparator

егер де символ бөлгіш болса, trueқайтарады

IsUpper

егер де символ жоғары регистрде жазылған болса, trueқайтарады

IsWhiteSpace

егер де символ бос орынды болса (бос орын, жолды ауыстыру және каретканы қайтару), trueқайтарады

Parse

Жолды символға түрлендіреді (жол кем дегенде 1 символ тұруы қажет)

ToLower

Символды төменгі регистрге түрлендіреді

ToUpper

Символды жоғарғы регистрге түрлендіреді

MaxValue,MinValue

Символды максималды және минималды кодтармен қайтарады

Жолдар деп мәндері мәтін болып табылатын String класының объектісін айтады. Бұл класта жолдармен жұмыс жасауға арналған әдістер жиынтығы анықталған. Осы әдістерді қарастырайық.

Жолды пайдалану үшін, оны алдымен құру - қандай да бір мән меншіктеу керек.

Қарапайым жолды жариялап, оны экранға шығару мысалы:

static void Main(string[] args)

{

string s = "Сәлем, білімгер!";

Console.WriteLine(s);

}

static void Main(string[] args)

{

string s;

Console.WriteLine(s); // қате, себебі жол құрылмады

}

Жолдарды біріктіру (конкатенация) үшін "+" операторы қолданылады.

string s = "Сәлем," + " білімгер!";

"[ ]" операторы индекс бойынша жол символына қатынау үшін қолданылады:

string s = "Сәлем, білімгер!";

char c = s[2]; // 'л'

 Lengthқасиеті жолдың ұзындығын береді.

Арнайы символдар:

Табуляция символы – "\t"

Жолды ауыстыру символы – "\r\n"

Қос тырнақша – "\""

IsNullOrEmpty() әдісі – жолдың бос/бос еместігін тексереді. Егер жолдың мәні бос болса (null), True мәнін, әйтпесе False мәнін қайтарады

IsNullOrWhiteSpace() әдісі - IsNullOrEmpty() әдісі сияқты жұмыс атқарады, сонымен қатар жол бос орындар және табуляциялар ("\t") жиынтығынан тұрса True мәнін қайтарады

...

Скачать:   txt (11 Kb)   pdf (115.5 Kb)   docx (11.4 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club