Мәліметтерді енгізу, өңдеу және шығару. print() функциясы. Программаларды жобалау, тіркестік мәліметтер, комментарийлер, айнымалылар, санды
Автор: Сания Торебек • Октябрь 2, 2022 • Лабораторная работа • 534 Слов (3 Страниц) • 413 Просмотры
«Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжі» МКҚК
Мәліметтерді енгізу, өңдеу және шығару. print() функциясы. Программаларды жобалау, тіркестік мәліметтер, комментарийлер, айнымалылар, сандық типтер.
(сабақ тақырыбы)
Модуль /пән атауы: ПМ06 Модульді бағдарламалау
Дайындаған педагог: Төребек Сәния Досымқызы
2022 жылғы "08" қыркүйек
1. Жалпы мәліметтер
Курс, топ 2ВТ-9A
Сабақтың түрі: аралас
2. Мақсаты, міндеттері
- Python бағдарламалау тілімен және оның ерекшеліктерімен тереңірек таныстыру танысу;
- Мәліметтерді енгізу, өңдеу және шығару жолдарын білу. Рrint() функциясын қолдана есептер шығару;
- Python тілінде тіркестік мәліметтер, комментарийлер, айнымалылар, сандық типтерді қолдана алу.
3. Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және (немесе) кәсіби дағдылар тізбесі
- студенттерді бағдарламалау тілімен, тілдің ерекшеліктерімен таныстыру; оқушыларда зерттелген материалды қолдану туралы алғашқы білімді қалыптастыру.
- студенттердің ақпараттық мәдениетін дамыту; өз бетінше және ұжымдық іс-әрекетке қабілеттілігі.
- студенттердің коммуникативтік біліктерін талдау, салыстыру, жүйелеу және жалпылау біліктерін жетілдіру.
- Python бағдарламалау тіліндегі енгізу, шығару функцияларын білу, сандық типтер туралы түсінік қалыптастыру; түсініктерді меңгеру құрдастарымен ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру; білім алуға, оның ішінде өзін-өзі тәрбиелеуге дайындық және қабілеттілік.
4. Қажетті ресурстар: компьютер, интерактивті тақта
5. Сабақтың барысы
Print функциясы
- Бұл Питон тілінің ең жиі қолданылатын функциясы
- Тілдің құрамдас ішкі (стандартты) функциясы
print "Some Text" – python 2.7.*
print("Another Text") – python 3.6.*
- Аргументтері:
print(*object, sep="", end='\n', file=sys.stdout, flush=False)
Мысал:
print("Кім маған ", " 1000 теңге бере алар екен", sep="дәл қазір", end="?!")
Соңғы жол нәтижесі:
Кім маған дәл қазір 1000 теңге бере алар екен?!
Мәлімет шығару форматтары
- Сіз шығарылатын мәліметті дұрыстап рәсімдей аласыз.
- Оны қалай істеуге болар екен?
- Оның бірнеше тәсілі бар:
1-мысал:
name = "Азат"
print("Танысайық, менің атым - %s" % name)
Нәтижесі
... /PycharmProjects/bb/venv/btanis.py
Танысайық, менің атым - Азат
Process finished with exit code 0
2-мысал:
name = "Азат" surname = "Ғаниұлы" print("Менің толық аты-жөнім - %s %s" % (surname, name))
3-мысал:
a = 10 b = 20 print("%i және %i қосындысы - " % (a,b),a+b)
Мәлімет шығару форматтары
10 және 20 қосындысы - 30
Менің толық аты-жөнім - Ғаниұлы Азат
4-мысал:
.format(...) әдіс
print("Оқу {1} болашақта {0} бола ма?".format("пайдалы ", "сендерге"))
Тапсырма: Кітаптардан .format() туралы толық оқып, келесі сабақта айтып бересіңдер.
Форматтардағы % таңбасы жайлы берілген түсініктер түйіні
...