Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мамандық бойынша жобалық қызметтің негізгі нәтижелерін ұсыну және қорғау

Автор:   •  Декабрь 4, 2020  •  Реферат  •  3,286 Слов (14 Страниц)  •  4,860 Просмотры

Страница 1 из 14

        

[pic 1]

«Астана медицина университеті» КеАҚ

Биостатистика, биоинформатика және ақпараттық технологиялар кафедрасы

БӨЖ

Tақырыбы: Мамандық бойынша жобалық қызметтің негізгі нәтижелерін ұсыну және қорғау

Орындаған: Құлымбаева Б. Е.

Мамандығы: Жалпы медицина

Тобы: 134        

Қабылдаған: Джаулыбаева Ж. Б.

        

Нұр-Сұлтан, 2020 ж.

Мазмұны

КІРІСПЕ………………………………......…………………........................………...3

1. МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ЖОБАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕ ЖАЛПЫ ШОЛУ

          1.1 Жобалық қызмет және оның түрлері ......……..........…………………… 4-5

          1.2 Жобаның мазмұны мен құрылымы; бағдарламасы; жобалық есебі ...... 5-8

2. ЖОБАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ НЕГІЗГІ НӘТИЖЕЛЕРІН ҰСЫНУ  ЖӘНЕ ҚОРҒАУ

  2.1 Жобалық қызметтің негізгі нәтижелерін ұсыну және оның негізгі қағидалары .......................................................................................................... 8-9

          2.2 Жобалық қызмет нәтижелерін қорғау және қорғау жолдары .............. 9-10

  2.3 Жобалық қызмет нәтижесін PowerPoint арқылы ұсыну және қорғау.10-12

3. МЕДИЦИНА САЛАСЫ ҮШІН ЖОБАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ МАҢЫЗЫ.........12-13

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………….…................……….... 14

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ……………………………....………… 15

Кіріспе

Жалпы қазіргі таңда білім беру жүйесінің дамуы – практикаға бағытталған оқытудың өсуіне әкелуде. Сол себепті теория мен практиканың арасындағы қарама-қайшылықты жеңудің бір жолы – білім беру практикасының жаңа түрлерін жобалау. Жобалық қызмет – бұл оқу, зерттеу, білім беру, конструктивті, шығармашылық қызмет болып табылатын нақты технологияларды қамтиды. Бұл технология студенттердің кәсіби құзіреттілігінің кеңістігін едәуір кеңейтеді. Ал мамандық бойынша жобалық қызмет белгілі бір сала қызметкерлеріне немесе студенттерге тікелей байланысты.

Білім беруді жаңғырту, білім беру кеңістігіне жүйелік талдау, ақпараттық технологиялар, семиотика сияқты санаттардың студенттер өміріне енгізілуі -  жобалық қызметтің болуын талап етеді. Топта жоба бойынша жұмыс істейтін студент жоспарлау, талдау, синтездеу іспетті белсенді әрекет кезеңдерінен өтеді, сонымен қатар қарым-қатынас дағдыларына да ие болады.

Сонымен жобалық қызмет мыналарды қамтиды:

- мақсат қою;

- объективтілік;

- бастамашылық;

- танымдық мәселелерді шешудегі өзіндік ерекшелік;

- тәсілдердің өзіндік ерекшелігі;

- ақыл-ой жұмысының қарқындылығы;

- зерттеу тәжірибесі;

- семиотикалық кеңістікті ұйымдастыру.

Жобалық қызметті ұсыну, яғни презентация – бұл топпен сөйлесу, жиналыста сөйлеу немесе топтың брифингі сияқты әртүрлі сөйлеу жағдайларына бейімделетін байланыс құралы. Презентациялар баяндамаларды графикалық тұрғыда ұсыну тәсілдерінің бірі.

Әрине де, жобалық қызмет қазіргі қоғамдағы барлық салалар, соның ішінде медицина саласы үшін де өте маңызды болып табылатыны сөзсіз.

1.1 Жобалық қызмет және оның түрлері

Кез келген сала қызметкерлерінің, оқушыларының, яғни студенттердің жобалық қызметі – тұлғалық-бағдарлы дамытушылық негіздегі оқыту әдістерінің бірі болып табылады. Мәселен, өзіндік зерттеу біліктерін, яғни проблеманы қою, ақпаратты жинау және өңдеу, эксперименттер жүргізу, алынған нәтижелерді талдау сияқты қасиеттерін дамытуға және  шығармашылық қабілеттер мен логикалық ойлауды дамытуға ықпал етеді, оқу процесі барысында алынған білімді біріктіреді және нақты өмірлік маңызды проблемалармен байланыстырады.

...

Скачать:   txt (48.3 Kb)   pdf (590.4 Kb)   docx (782.3 Kb)  
Продолжить читать еще 13 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club