Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бейне түсіру

Автор:   •  Март 13, 2021  •  Лекция  •  1,183 Слов (5 Страниц)  •  4,514 Просмотры

Страница 1 из 5

Сабақтың  тақырыбы: Бейне түсіру

Естеріңе түсіріңдер:

• бейнемен жұмыс істеуге арналған қандай программаларды білесіңдер?

 • бейнемен жұмыс істеуге арналған программалар бейнені өңдеудің қандай мүмкіндіктерін ұсынады?

Меңгерілетін білім:

• бейне түсіру туралы түсінік;

• бейне түсіру қағидалары.

Қолына бейнекамера ұстаған кез келген адам бейне және кино әлеміне енеді. Шынайы сезімдерді жеткізу үшін бейнені түсірудің белгілі бір қағидаларын ұстану керек болады. Алайда бұл қағидаларды қатаң сақтау шарт емес. Олар қандай да бір код сияқты. Көрермендер экран бетінен сол код ты көре алатын болса, онда олар оператордың не жеткізгісі келгенін бірден ұғады.

Егер көрермен біздің айтқымыз келген мазмұнды бірден түсінгенін қалайтын болсақ, онда бейне түсірудің белгілі бір қағидаларын сақтауға тиіспіз. Бұл қағидаларды ұзақ уақыт бойы алдымен суретшілер, кейіннен фотографтармен кино, бейне операторлар қалыптастырған. Бейне түсірудің кейбір қағидаларын қарастырып көрелік.

1-қағида. Бейнені тағанмен (штатив) түсіру Бұл талаптың өзіндік негізі бар. Егер бейнені түсіруде таған қолданылса, онда арзан және жарықтығы төмен камерамен түсірілген бейне де сапалы болып шығады. Себебі камераны қолмен ұстап бейне түсірген кезде артқы фон үнемі қозғалыста болады. Бейнені өңдеуге арналған программалар үшін мұндай фондарды өңдеу қиындық тудырады және нәтижесінде бейненің сапасы төмендейді.

Бейнені түсіру нүктесін өзгерту

Бейне түсіру нүктелері нысан қозғалысының жолымен қиылыспауы керек. Мысалы, жүріп келе жатқан адам оң жағы нан түсірілсе, онда ол экранда сол жақтан оңға қарай қозғалады. Егер оның қозғалысын кесіп, сол жақтан түсіруді жалғастыратын болсақ, онда шын мәнінде де ол сол бағыт пен қозғалатын болады. Бірақ экран да оның қозғалысы енді оң жақтан солға қарай болады, яғни кері бағытта қозғалады.

Жүріп келе жатқан сәттегі бейне түсіру

Бейнені жүріп келе жатқан жануар немесе адам көзі мен түсіру жұмысы осылай атқарылады.

Камерамен айналдыра (дөңгелете) бейне түсіру

Бұл әдісті қолдану ұзақтығы барынша қысқа жайттарды: құлап бара жатқан зат, күрес және басқа да спорттық жарыстарды түсіруге болады.

2-қағида. Бейнені көз деңгейінде және көкжиек сызығына параллель түсіру 

Көз деңгейінен төмен бейнені түсіру нысанды кішірейтеді. Тиісті деңгейден төмен түсірілген кадрлар сәтсіз шығады. Ал камераны көкжиек деңгейі не қарай еңкейте ұстап түсіру экранда дұрыс бағытты сақтай алады.

Төменнен жоғары қарай түсіру Бұл әдіспен қозғалыстың жылдамдығын көрсетуге, нысандарды үлкейтуге болады. Еденнен түсірілген бала бейнесі экранда ірі болып көрінеді.

Жоғарыдан төмен қарай және жанынан түсіру.  Бұл әдіс кадрды кең көлемде беретіндіктен, бейнебақылауда қолданылады.

20–30 градус бұрышта түсіру Бұл әдіспен әдетте бейне клиптер мен жастардың теле бағдарламаларын түсіреді. Ол кадр динамикасын арттырады. Егер нысан бір орында тұрса, бұл әдісті қолданғаннан кейін ол нысан құлайтын сияқты әсер береді.

3-қағида. Өлшемді өзгерту (зум) қызметін қажет кезде ғана қолдану

Өлшемін өзгерту (жақындату, алыстату) – назар аударту әдістерінің бірі. Оператор бірінші және соңғы кадрға көрермен назарын аудару үшін өлшем өзгерту әдісін қолданады. Нысанды қатты жақындату арқылы түсіру бейне сапасын төмендетеді.

Алыс қашықтықты бірден жақындатып түсіру Бұл әдіс түсіру алаңын барынша кішірейтіп, артқы фонды алып тастайды.

Уақыт өте келе кадр өлшемін өзгерту Сөйлеп тұрған адам бейнесін ұзақ түсірген кадр көрерменді жалықтырады. Егер аз-аздан өлшем өзгерту қызметін қолданса, бейнеге динамика қосады. Бастысы кадр композициясы бұзылмауы үшін өлшемді өзгерту кезінде жақында тумен алыстату қашықтығы бірдей болғаны дұрыс.

Ең үлкен жақындықпен түсіру Бейне нысаны ретінде тек қана кейіпкерлерді емес, олардың дене мүшелерін түсіруге болады. Адамдардың қолы мен аяғын түсіргеннен, олардың сөйлеп тұрған кездерін түсірген қызығырақ. Сөйлеп тұрған адамның бетінің төменгі бөлігімен тыңдап тұрған адамның көзін ғана үлкен жақындықпен түсірсе, бейне әсерлі болады.

...

Скачать:   txt (16.3 Kb)   pdf (102.7 Kb)   docx (12.4 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club