Ақпаратты тарату көздерінің эволюциясы және қазіргі заман мәдениеті
Автор: Samiga01 • Март 4, 2021 • Реферат • 6,246 Слов (25 Страниц) • 616 Просмотры
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
[pic 1]
Факультеті: «Тарих, археология және этнология»
Кафедрасы: «Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану»
СӨЖ
Тақырыбы: «Ақпаратты тарату көздерінің эволюциясы және қазіргі заман мәдениеті»
Тексерген: Асанова Баян Сүлейменқызы
Орындағандар: Мәлік Зарина
Макарам Аружан
Мұхаммедова Мақпал
Смаил Самиға
Утегенова Гүлдона
Шархан Мұхаммед- Қанапия
Алматы- 2021 жыл
ЖОСПАРЫ:
І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
І тарау. Ақпаратты тарату көздерінің эволюциясы
1.1. Ақпарат таратушылардың даму процесін саралау
1.2. Бұқаралық ақпарат көздерінің пайда болуы мен даму тарихы
ІІ тарау. Ақпаратты тарату жүйесі
2.1. Ақпарат құралдарының пайда болуы мен өркендеуі
2.2. Ақпаратты таратудың ірі нысандары
ІІІ. Қорытынды бөлім
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
І. Кіріспе бөлім
Ақпарат көлемінің өсуі ғылыми- техникалық прогресстің жоғары қаркыны, адамдардың танымдық іс- әрекетінің кеңеюі, жаңа ғылымның пайда болуы, өндірістік қана емес, әлеуметтік технологияның жылдам ауысуы, заманауи қоғам өмірінің серпінділіг бәрі ақпараттық ресурстардың едәуір өсуі үшін негіз болып табылды. Олардың есте қаларлықтай ерекшеліктері басқа ресурстарға қарағанда уакыт ағысымен азаймайды, кайта өсіп, толыға түсуімен сипатталады. Қоғамды ақпараттандыру, ақпараттық техника мен технологияның дамуы- адамның бүкіл тарихында оларды тіршілік карекетімен камтамасыз ету үшін кажетті акпараттар көлемінің артып, оның рөлінің ұдайы өсіп отыратын процессі, үнемі акпараттык техника мен технологияны жетілдіру процесімен қатар жүрді.
Ақпарат құралы- көпшілікке хабар тарататын құралдар жиынтығы. Ақпарат құралы- мемлекет тәуелсіздігінің саяси- экономикалық және ғылыми- технологиялық дербестігімен пара- пар басты белгілерінің бірі.
Ақпараттық мәдениет- өркениеттің даму кезенінде кез келген салада мамандардың кол жеткізе алатын ақпараттық мүмкіншіліктерінің жиынтығы. «Ақпараттык мәдениет» ұғымы қамтиды:
- оқу танымы мен ақпаратты кабылдау, жаңа мәтіндік хабарламалар ерекшеліктерін түсіну мен құжатты талдау кажеттілігі;
- кез келген кәсіптік оқудың білім алу кұралы екенін ұғыну;
- компьютерлік технология мен интеллектуалды әдістемені пайдалана отырып, акпараттарды қайта өңдей білу;
- құжаттар мен мәліметтер базасына өз бетінше ізденіс жасай білу және жеке ізденіс жүйелерін жүргізу;
- кез келген іс- әрекеттің табысты болуы үшін түлга аралык кәсіптік катынастың маңыздылыгын түсіну;
- коммуникациялык біліктілік деңгейін арттыруга ұмтылу;
- басканың көзкарасы мен пікіріне шыдамдылык көрсетуге тәрбиелеу, білімді тек кана алмай, беруге де даярлык жасау;
- телекоммуникациялык байланыс каналдары аркылы бірігіп жұмыс істеп, серіктес таба білу;
...