Автокөлік қызмет есебін сипаттау және таныстыру
Автор: Yerkanat Musilim • Июль 1, 2018 • Реферат • 6,202 Слов (25 Страниц) • 794 Просмотры
ЖОСПАР
Кіріспе 3
1.Пәндік облысты сипаттау 5
1.1 Автокөлік қызмет есебін сипаттау және таныстыру 5
1.2 Автокөлік қызмет есебінің функциялық ерекшелітері 6
2. Концептуалды жобалау бөлімі 18
3. Логикалық жобалау 23
4. Физикалық жобалау бөлімі 27
Қорытынды 31
Қолданылған әдебиеттер 33
Кіріспе
«Деректер базалары және сараптық жүйелер» пәнінің оқыту мақсаты деректер базаларының құрылымдары мен құру тәсілдерін зерттеу, сонымен қатар өнім сапасының критерийлері мен оның сараптық жүйелерін құру бойынша бағалауды зерттеу болып табылады. Деректер базасындағы ақпарат деректер элементтерінің өзара байланысқан жеке жазбаларда құрастырылған. Жазбалар арасындағы байланыс сипаттамасы деректер базаларының екі негізгі ұйымын анықтайды: иерархиялық және реляциялық.
Пәннің міндеттері мен мазмұны:
- деректер базалары, деректер банкілері, сараптық бағалаулар, сараптық жүйелер туралы түсініктердің болуы;
- деректер базаларының құрылымын, құрамын және оларды құру тәсілдерін, деректер базаларын басқару жүйелерінің бірін, сарапшыларды таңдау әдістері мен критерийлерін, топтық сараптаманың тәсілдерін, сараптық жүйелерді құру негіздерін білу;
- пәннің терминологиясын қолдануды білу, деректер базаларының типін және оларды құру тәсілін таңдау, ДББЖ-нің бірінде жұмыс істеу, сараптық жүйелерді құру үшін қажетті критерийлерді іріктеу.
- деректер базалары мен өнім сапасының сараптық жүйелерін құруында тәжірибелік дағдыларды алу.
«Жасанды интеллект» ұғымы кең таралған, соның ішінде мамандардың да емес, терминдер мен түсініктер тобына жатады.
Жасанды интеллект бойынша Бірінші халықаралық конгресс 1969 жылы АҚШ өтті, оған әр бағыттарда зерттеу жүргізу ұсынылды:
- 1950 ж. бір тілден екінші тілге машиналық аударым бойынша жұмыстар басталды;
- 1957ж. Розенблат бейнелерді тану үшін персептрон деп аталатын құрылғы орнатты. Осы моделдегі басқа да көптеген құрылғыларды орнатуды бастауға үлесін қосты;
- 1959ж. Саймон және Ньюэлл GPS бағдарламасын құрды. Бұл жан-жақты шешуші, түрлі облыстардан келген тапсырмаларды шешу үшін арналған.
Ақпараттық технологиялар практикасында ақпарат дегеніміз деректер, белгілі бір объектілер туралы білім: фактілер, оқиғалар, заттар, процесстер немесе ойлар (абстракциялар), сонымен қатар белгілі бір контекстілерде ерекше мәнге ие ұғымдар.
Ақпарат теориясында бұл алғашқы ұғым. Оны анықтау үшін ақпараттық жағдайды елестету керек:
- ақпарат көзі;
- конструктивті объектілер (сигналдар, символдар, белгілер, аттар, белгілеулер) жиыны;
- символдар (хабарламалар, сигналдар) тізімін оларды беру үшін құратын хабарламалар көзі;
- хабарламаларды тасымалдау үшін байланыс каналдары;
- хабарламаларды қабылдаушы ;
- қабылданған хабарламаларды өңдейтін ақпарат қабылдаушысы.
ЭЕМ (электронды есептегіш машиналардың) маңызды ерекшеліктерінің бірі ақпараттың мол көлемін сақтау және өңдеу, сонымен бірге мәтіндік және графикалық құжаттар (суреттер, сызулар, фотосуретгер, географиялық карталар) ғана емес, жаһандық жүйе, дыбыстық және бейнефайлдардың беттері де жинақталады. Бұл мүмкіндіктер мәліметтер базасының көмегімен іске асады.
Мәліметтер базасы (МБ) - белгілі бір арнаулы ауқымға қатысты мәліметтерді баяндау, сақтау мен амал-тәсілдермен ұқсата білудің жалпы прииңиптерін қарастыратын белгілі бір ережелер бойынша үйымдастырылған мәлімет-тердің жиынтыгы. Адамның қатысуы ықтимал, автоматтық құралдармен өңдеуге жарамды түрде ұсынылған ақпарат мәліметтер ретінде түсініледі. Арқаулы ауқым ретінде нақты зерттеуші үшін қызықты нақты әлемнің бөлігі түсініледі.
...