Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Лекции по "Астрономии"

Автор:   •  Март 27, 2023  •  Курс лекций  •  15,409 Слов (62 Страниц)  •  241 Просмотры

Страница 1 из 62

«Астрономия» пәні бойынша дәрістік сабақ конспектілері

1 - лекция. Кіріспе. Астрономия пәні және оның міндеттері. Астрономияның негізгі бөлімдері, пайда болуы және даму тарихы

Ғаламның материалдық тұтастығы мен әр алуандығын, оның өз заңымен үздіксіз дамып отыратындығын, аспан денелерінің физикалық табиғатын зерттейтін орта мектептің жоғары сыныптарында оқытылатын астрономия пәні болып табылады.

Астрономия ғылымы (бұл гректің екі сөзінен шығады: астрон-шырақ, жұлдыз және номос-ғылым, заң) жұлдыздардың, планеталардың, кометалардың, метеорлар мен   метеориттердің т.б. аспан денелерінің қозғалысын, құрылысын, пайда болуын және дамуын зерттейтін ғылым.

Астрономия  ежелгі ғылымдардың бірі, ол адамзаттың тұрмыс қажетінен туындап, онымен бірге дамып отырды. Қарапайым астрономия деректері мыңдаған жылдар бұрын  Вавилонда, Египетте (Мысырда) және Қытайда мәлім болды да, сол елдердің халқы оларды уақыт өлшеу және горизонт тараптарын бағдарлау үшін қолданды.

Қазіргі кезде де астрономия дәл уақытты және  географиялық координаттарды (кеме қатынасында, авицияда, космонавтикада, геодезияда, картографияда) анықтау үшін пайдаланады. Астрономия  космос кеңістігін зерттеуге және игеруге, космонавтиканың дамуына және біздің планетамызды космостан  зерттеуге көмектеседі. Алайда оның шешетін мәселелері мұнымен де сарқылмайды.

Біздің Жер Әлемнің бір бөлігі екені белгілі. Жер бетіндегі тасу мен қайту құбылыстарын туғызатын – Ай мен Күн. Күннен тарайтын сәулелер мен өзгерістері Жер атмосферасындағы процестерге және организмдердің тіршілік етуіне әсерін тигізеді. Әр түрлі космос денелерінің Жерге тигізетін әсерінің механизмін  де астрономия зерттейді.

Өте ерте заманнан-ақ адамдар аспандағы жұлдыздарға, олардың қайсыбір топтарына ат қойып, оларды тани білген. Жұлдыздар белгілі бір пішін құрып, бір затты не жануарды есестетсе, кейбір шоқжұлдыздардың атауында ата-бабаларымыздың тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы, ғарыштанулық және діни түсініктері елес береді. Оларды есте сақтау үшін аспан ертегі-аңыздары ойлап шығарылды. Мысал үшін, аспанның солтүстік полюсіне таяу орналасқан  Темірқазық және оған маңайлас бірнеше жұлдыздарды алайық. Астрономия тарихын зерттеуші орыс ғалымы Д.О.Святский еңбектерінде дала қазақтарының бұл жұлдыздарды аспан қазығына арқандалған жылқы ретінде бейнелейтінін жазған. Түркі елінің көпшілігінде шөміш тәріздес пішін құрайтын жеті жұлдыз Жетіқарақшы немесе Жетіген, монғолдарда Жеті құдай (Дархан-Бұрхан),  башқұрттарда-  Жеті қыз,эстондарда – Арба, сібірліктерде – Бұғы, ал ежелгі гректерде – Аю ретінде танылған да, сол мағынаға сәйкес әр елдің өзіне тән аңыздары сақталған. Осы жеті жұлдыздың аспанда болуын қазақтар жеті ұрының қуғыншылардан қашып, Көкті паналауымен түсіндірсе, ежелгі гректерде аюды аңшыдан Зевс құдайы арашалап аспанға шығарады. Сол сияқты қазақтың  Үркерін- алты батыр мен бір қыз, алты қыз немесе дәу жасыл жылан,гректер Плеядтар (апалы-сіңлілі алты қыз немесе бір топ кептер) деп атаған. Уақыт өте келе жұлдыз атаулары ескіріп, оның орнына жаңа атаулар пайда болып от ырған. Мысалы, өте ертеде Алтай түркілері және монғолдар Орион шоқжұлдызын Үш мыйғақ (бұғы),Үш Марал десе,  кейініректе оларды Үш құс, Үш арқар, Садақтың үш оғы деп атаған. Ал оның қазақ халқының Үшарқар-Таразы  деп еншілеуінде сол көне түркі әрі парсы атауы елес береді.

Айсыз ашық түні аспаннан сан жетпес жұлдыздар жымыңдап, адамның ойын өздеріне еріксіз аударады. Оларды танып-білмек болған жағдайда алғашқыда жұлдыздар бейберекет орналасқан тәрізді де, аспаннан қажет шоқжұлдыздарды тауып алу мүмкін емес сияқты болып көрінеді. Шынында да, Жер бетінен кез келген орнынан бір мезетте аспан күмбезінен жай құралсыз көзбен үш мыңға тарта жұлдызды көруге болады. Бірақ біршама уақыт өткенде жұлдыздарға үздіксіз қарап жүрген адам сол жұлдыздардың құрайтын пішіндердің өзгермейтінін байқайды. Міне, осындай бақылаулардың нәтижесінде жұлдыздардың өзара орналасуын бір нәрсеге немесе жан-жануарларға ұқсатып, оларға шоқжұлдыз атауларын берген. Мысалы, Геркулес пішіні бір тізесін бүккен адамға, Торпақ – үшбұрыш құра орнналасқан екі қатар жұлдыздар бұқаның мүйізіне,  Аққу мен Бүркіт қанатын самғап ұшқан құстарға ұқсайды. Сондай-ақ, Қарақұрт,Жылан, Сужылан т.б. шоқжұлдыздардың атаулары олардың бейнелерінің осы құрт-жыландарға айна-қатесіз ұқсауынан туып отыр. Сонымен  қайсыбір шоқжұлдыз атауларының мағыналық мәні де бар. Мысалы, Таразы шоқжұлдызының аталуы күзгі күн теңелуі кезінде Күннің осы шоқжұлдызда орналасуынан туған.

...

Скачать:   txt (203.9 Kb)   pdf (1.5 Mb)   docx (1.3 Mb)  
Продолжить читать еще 61 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club