Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

All inclusive

Автор:   •  Апрель 4, 2019  •  Доклад  •  378 Слов (2 Страниц)  •  693 Просмотры

Страница 1 из 2

«All inclusive» ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША ТҮРКИЯДАҒЫ ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ТӘЖІРИБЕСІ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІГІ

Шерова А.Т.

Сақыпбек М.А. жетекшілігімен

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

e-mail: sherova.ayakoz@mail.u

Бүгінгі таңда туристік нарықта туристік фирмалар арасында қатал бәсекелестік орын алуда. Олардың позицияларын нығайту және одан әрі дамыту үшін түрлі жаңалықтарды енгізу қажет. Бұл жағдайда туризмнің орнықты дамуын қамтамасыз ету, қазіргі заманғы туристердің бос уақытын ұйымдастыруда қажеттілігін қанағаттандыра алатын қызметтердің сапасын үнемі жетілдірген жағдайда ғана мүмкін болады. Туристік саланың дамуының алғышарты сапалы туристік өнімнің жоғары деңгейі болып табылады. Әр туроператорлық фирма туристік нарыққа бәсекеге қабілетті өнім ұсынып, нарықта жетекшілік етуге талпынады.

Қазіргі уақытта туризм саласындағы кең сұранысқа ие сондай өнімдердің бірі «All inclusive» жүйесі бойынша демалыс болып табылады. «All inclusive» немесе «барлығы қамтылған» - бұл белгілі бір уақыт аралығында қонақ үйдің аумағында ұсынылатын тегін қызметтер жүйесі. Алдымен бұл жүйе тек круиздерде жұмыс істеді. Кейіннен қонақ үйлер де бұл жүйеге қызығушылық таныта бастады. Қазіргі уақытта Анталья қонақ үйлерінің 90%-ы және Мармарис пен Бодрумның 50%-ы осы қағидаға сәйкес жұмыс істейді. «Барлығы қамтылған» жүйесі Түркияның туризміне шетелдік туристерді өз тарапына тартуда маңызды қадам жасауға мүмкіндік берді.

Негізгі идея - қонақ үйдің қонақтарын демалыста болған барлық проблемалардан босату. «Бәрі қамтылған» жүйесі бойынша демалыстың артықшылықтары анық. Басты себеп – абсолютті жайбарақаттық. Туристерге қанша ақша қалғаны және оны неге жұмсай алатыны туралы ойланудың қажеті жоқ. Өйткені, барлық қызметтер турды сатып алған кезде төленген. Сондай-ақ, қалай уақыт өткізу және көңіл көтеру туралы ойланудың қажеті жоқ - бұл қонақ үй қызметтерінің кең спектрі мен анимациялық топтың қамқорлығында болады. Бірақ «All inclusive» жүйесінде мүмкін болатын қызметтердің ауқымы таңдалған қонақ үй деңгейіне қарай айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін. «All  inclusive» жүйесі елдерге байланысты да ерекшеленуі мүмкін. Әрине, курорт неғұрлым беделді және қонақ үй жұлдыздарының рейтингісі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым толыққанды қызмет көрсетулерді ұсынады. Әдетте, «All inclusive» турларының құны мыналарды қамтиды:

...

Скачать:   txt (5.5 Kb)   pdf (94.2 Kb)   docx (8.8 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club