Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Үндістан туризмі

Автор:   •  Март 30, 2018  •  Реферат  •  1,616 Слов (7 Страниц)  •  1,810 Просмотры

Страница 1 из 7

Үндістанның туристік-рекреациялық жүйесінің ресурстық потенциалы өзінің көлемі жағынан ерекше және кіру туризмнің обьектілерімен және ресурстарының  көптүрлілігімен ерекшеленеді.   Ол 3163 объектімен ұсынылған, яғни табиғи (1055 объект, 33,4%), мәдени-тарихи (1602 объект, 50,6%), әлеуметтік-мәдени (506 объект, 16%) деген түрлерге бөлінеді. Туристік-рекреациялық ресурстардың өткізілген баллдық бағасы осы ресурстармен айтарлықтай аймақтық (әкімшілік-территориялық) қамтамасыз етілгенін көрсетті. (1-сурет). Туристік-рекреациялық ресурстардың қамтылуы жағынан штаттардың және территориялардың үш тобын бөлуге болады: көбірек қамтылған (152-ден 266 баллға дейін) штаттар-Раджастхан, Махараштра, Карнатака, Химачал-Прадеш, Мадхья-Прадеш, Тамилнад, Гуджарат, Уттар-Прадеш, Батыс Бенгалия, Керала, Джамму және Кашмир, орташа деңгейде қамтылған штаттар мен территориялар (67-ден 151 баллға дейін) – Андаман және Никобар аралдары, Уттаракханд, Орисса, Андхра-Прадеш, Гоа, Дели, Бихар, Сикким, Ассам және туристік-рекреациялық ресурстармен  аз қамтылғандығымен сипатталатын 15 штат пен одақтық территориялардан тұратын топ (67 баллдан кем).

[pic 1]

1-сурет. Үндістанның туристік-рекреациялық ресурсының потенциалы бойынша әкімшілік-территориялық айырмашылығы (баллмен).

Баллдық бағалау кезінде туристік ресурс объект бір баллмен бағаланады, мәдени-тарихи жәдігерлер қатарына кіретін, мемлекетпен қорғалатын және шетелдік туристер арасында кең танымал ескерткіштер екі баллмен бағаланады, ғаламдық жәдігерлер тізіміне кандидат обьект үш баллмен бағаланады, ал ЮНЕСКО-ның ғаламдық тізіміне кіретіндер төрт баллмен бағаланады. Үндістанның туристік-рекреациялық потенциалының бұндай бағалануы өз нәтижесін берді, себебі туристерді өзіне тартуда обьектілердің статусы айтарлықтай әсерін тигізді.    

Үндістанның кіру туризмі жүйесінің дамуының басым факторлары:

Мемлекет ішіндегі туристік қызмет көрсету инфрақұрылымның арзандығы,

  • ел тұрғындарының туристерге деген шынайы ықыласы
  • транспорттық жүйелердің дамуы
  • мемлекеттік құрылымдардың салаларды басқарудағы белсенді араласуы
  • туристік нарыққа қатысушылардың көмегі
  • Үндістандағы туризм обьектілерін шетелде жарнамалау мақсатындағы елдің қаржылай қолдау көрсетуі
  • виза алудың оңайлығы

Елдің туристік-рекреациялық жүйесінің, соның ішінде кіру туризмінің жұмыс істеуінің басты факторы болып туриндустрия мекемелерінің территориялық құрылуының айқын белгілері-туристік компаниялар мен қонақүйлер  болып табылады.   Үндістанның туристік-рекреациялық жүйесін атқарумен 1059 (2008 ж. қарсы 674 2002 ж.)  мемлекетпен арнайы лицензияланған арнайы мекемелер басқарады, бес категорияға: туроператорлар, туристік агенттіктер (олар бірігіп шамамен 88% мекемені құрайды), туристік транспорттық компаниялар, ішкі туризмнің агенттігі, туризмнің шытырман агенттіктері деп бөлінеді.  Бірақта ел территориясында бұл ұйымдар біркелкі таралмаған, айқын көрінісін әкімшілік-территориялық айырмашылығынан көруге болады (2-сурет). Олар негізінен штаттарды өзіне тартудың туристік-рекреациялық, сол аймақтағы сапалы инфрақұрылымның және турфирмаларға деген сұранысқа сай қалыптасқан.    Айтарлықтай ықпал ететін сол жердегі штаттар мен территорияларда тұратын жергілікті жердің халқы саналады, өйткені туристік компаниялардың көптеген қызмет көрсетулерінің негізгі тұтынушылары да солар.   Үндістанның мекемелерінің жартысынан астамы ел астанасы – Делиге бағытталған. Туризмнің арнайы мамандандырылған ұйымдарының көп бөлігі Махараштра, Тамилнад, Керала және Карнатака штаттарында шоғырланған.   Шетелдік туристер үшін осы штаттар  өте танымал, соған сәйкес осы территориядағы транспорттық байланыстар арқылы көптеген шетелдік туристердің көп бөлігі келеді.  

...

Скачать:   txt (25.3 Kb)   pdf (340 Kb)   docx (237.7 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club