Қазақстанда туризмді дамыту жолдары
Автор: kukanai • Декабрь 7, 2018 • Доклад • 1,297 Слов (6 Страниц) • 1,614 Просмотры
Қазақстанда туризмді дамыту жолдары
Надин Нұртазина
Nadin.2000.00@mail.ru
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің экономика факультетінің студенті,Астана,Қазақстан
Ғылыми жетекшісі-Айнұр Ергешқызы
Қазақ елі табиғи қойнауға бай ел! Сан ғасырлық тарихы бар еліміз көптеген қиыншылықтарды бастан кешіріп, осындай тәуелсіз мемлекетке айналды. Қазақ халқымыз өзінің мәдениетімен, әдебиетімен, салт-дәстүрімен, өнерімен қатар табиғи байлықтарымыз арқылы да еңсесін биікке көтеріп, даму үстінде. Дүние жүзі елдерінің арасында жер көлемі бойынша тоғызыншы орынға тұрақтаған тәуелсіз мемлекетіміздің негізін салған батыр бабаларымыз елді, жерді сол жердегі табиғи байлықтарды қорғау үшін бар күш-жігерін аямаған. Атақты химик Мендеелев кестесіндегі пайдалы қазбалардың тоқсан тоғызы қазақ жерінде өндірілуде. Қазіргі кездегі тәуелсіз Қазақстан қандай ел?! Қазақстан Республикасы Еуропа құрлығындағы,Азияның кіндігінде орналасқан әсем де көрікті мемлекет. Қазақстанның табиғаты қолайлы, әр алуан, жері кең-байтақ қай жағынан алсақ та мақтанарлықтай тәуелсіз ел. Бізде көк аспанмен таласқан мұнар-мұнар таулар, тап-таза бұлақпен мөп-мөлдір суы бар өзендер,қалың қарағайлы ну ормандар, пайдасы мен дәмі ерекше жеміс-жидектер, сан түрлі өсімдіктер баршылық. Біздің ғажап өлкеміздегі аң-құстарға қазіргі кезде жағдайлар жасалып, қорғауға алынуда. Қазақта табиғатты аялауға насихаттайтын, жан-жануарларға қорған болуға насихаттайтын қасиетті сөздер жетерлік. Мысалға ала кететіндері: «Көк шөпті жұлма, таптама », «Көктем айында жан-жануарға тиіспе» деген мақалдармен қатар табиғатты аялауға үйрететін «Жалғыз ағаш орман емес,жалғыз үй қорған емес» секілді бабаларымыздың сөзі тегін айтылмаған.
Біздің Қазақстан Республикамыз туризм жағынан ілгері дамып келе жатқан мемлекет. Көптеген елдердің тәжірибелеріне сүйенсек табыс көзі жағынан туризм үшінші орынды иеленіп отыр. Алғашқы екі орындарда мұнай мен газ табан тіреп тұр. Зер салып қарасақ біздің елімізде осы үш табыс көзін табуға мүмкіндіктер жетерлік. Сөз жоқ, мұнай өндіру жағынан еліміз көшті бермей келе жатыр, газ өндіру кезегінен де еліміз алдыңғы орындардан көрінуде.
Туризм-бар жағынан алып қараса да экономиканы ілгертуге көп көмегін тигізетін сала. Яғни туризмнің арқасында елімізде шетелдік валюта ағымы көбейеді, халықтың тұрмыс-жағдайы жақсарып, еңбекпен қамтылады, мемлекеттің инфрақұрылымдық жағдайы жақсарады. Қарапайым сөздермен айтқанда екі жаққа да пайда болмақ. Яғни туристер рухани байлықпен дамыса, туристік мекен қаржылай дамиды. Қызықты мәліметтерге сүйенсек әлемдегі әрбір турист әр барған жеріне кем дегенде бір доллар ақшасын тастап кетеді екен. Мына бір пайыздык жүйемен келген статистикада әрбір турист 100% ақшасының: 30%- қонақ үйге, 20%-көлікке, 35%- тамақтану орталықтарына, 15%- басқа да қызмет көрсету орталықтарына жұмсайды екен. Осы мәліметтердің өзінен Қазақстандағы туризмді жақсарту туралы ой туындамақ.
Туризмнің дамуының табиғи-географиялық факторлары әсем де бай табиғаты мен климаты және жер бедерлерінің көрінісі. Халықаралық туризмнің өсуіне әлеуметтік және экономикалық факторлар ерекше рөл атқарады. Оның ішіндегі басты фактор- ұлттық табыс. Ұлттық табыстың өсуі мен саяхаттардың көбеюінің өзара байланыстылығы қисынды және түсінікті. Бірақ туристік саяхаттың көбеюі адамның тұрмысына ғана емес сонымен қатар бос уақытымен де байланысты. Соңғы он бес пен жиырмасыншы жылдардың арасында Еуропа елдерінің көбінде адамдардың бос уақыты едәуір ұзарды. Осы негізде төленетін жылдық демалыстың ұзаруы қазіргі болып жатқан ғылыми және техникалық революцияға байланысты болып отыр, өйткені онда ақыл мен ойдың еңбегң артады, өндіріске және тұрмысқа ынта қою күшейеді, қоршаған ортаның жағдайы нашарлайды.Міне, осы болып жатқан жағдайлардың барлығы да адамдарға психологиялық және физикалық қысым туғызуымен қатар олардың еңбек қабілетін қалпына келтіруді қажет етеді. Ең бір айта кететін жайт, осы факторлар туризмнің арқасында жылдам әрі тиімді орындалады
...