Территорияның рекреациялық сыйымдылығын зерттеу
Автор: 12345600000 • Декабрь 12, 2021 • Эссе • 1,176 Слов (5 Страниц) • 635 Просмотры
Тақырып: «Территорияның рекреациялық сыйымдылығын зерттеу»
(эссе)
Демалушылар мен туристердің табиғи-рекреациялық айналасына деген таңдау сипаты бәріне мәлім. Рекреациялық зонасының табиғаты әртүрлі болған сайын, оның табиғи әлементтерінің саны да көп болады, және рекреациялық іс-әрекеттің көптеген түрлеріне қолайлы болады. Рекреациялық жергілікті жерді функциялары бойынша бағалау көптеген әлементтерге тәуелді. Мұнда рекреациялық жергілікті жер деп рекреациялық мақсатта қолдану алғышарттарына ие болатын табиғи кешенді айтамыз.
Сол тақырып төңірегінде ізденетін сұрақтар мынадай: туристік-рекреациялық сыйымдылық деген не?Табиғи кешен мен оның элементтерінің тұрақтылығы деген не? Ғалымдардың бұл жайында зерттеулері қандай нәтиже берді?
Соңғы кезде территорияның рекреациялық сыйымдылығы өзекті мәселеге айналып барады. Бұл халық демалысын қамтамасыз етумен және рекреация зоналарында табиғатты қорғаумен байланысты. Территорияның рекреациялық сыйымдылығы дегеніміз – бұл осы территорияда бір уақытта бола алатын, табиғаттың тұрақты бірқалыптылығын бұзбайтын және демалу жағдайын нашарлатпайтын, рекреанттардың максималды саны. Туристік маршруттың рекреациялық сыйымдылығы - оның қауіпсіздік техникасын бұзбаған жағдайдағы өткізу мүмкіндігі. Кейбір зерттеушілердің айтуынша, территорияның рекреациялық сыйымдылығын анықтағанда туристік-рекреациялық іс-әрекеттің объектісінен, яғни рекреациялық потенциалдан бастау керек. Рекреациялық потенциал дегеніміз - демалыс пен туризмді ұйымдастыру үшін табиғаттың, мәдени-тарихи және әлеуметтік-экономикалық құлдылықтардың жиынтығы. Польшада рекреациялық жерлердегі туристердің шынайы шоғырлануы 1 гектарға 75-115 адам болған. Табиғи кешендер және оны құрайтын әлементтерінің рекреациялық; салмаққа деген шыдамдылыгы жағынан айырмашылықтар болады. Поляк географы А. Костровицкий 1970 жылы эксперимент арқылы бір апта бойы 1 га жерінің шөбін таптап 400 өсімдіктің шыдамдылығын анықтады: қүрғақ қарағайлы орман 46 адамды, жас карағайлы орман 50-90, жас шабындық - 126-196, жайылым - 300 адамды зиянсыз қабылдай алды. Рұқсатты салмақты А. Костровицкий максималді адам саны арқылы анықтап, 8 сағат бойы тынымсыз қозғалып, 1 га жердің шөбін деградацияға дейін жеткізді. Поляк А. Марш бұл анықтамаға мынадай ескерту қосады: деградацияның рұқсатты турі - 3 м2 тапталған жерде ең болмағанда 1 дм2 жері толығымен бұзылса бұл деградацияның рұқсатты деградациясы болады.Табиғи кешеннің тұрақтылығы фитоценологиялық қасиетімен бірге топырақ сипатына, жер үсті көлбеуіне және табиғи компоненттерінің сипаттамаларына байланысты. А. Марш мәліметтері бойынша көлбеуі 2-ден 6° дейін болса беткей көлбеуі тапталу жылдамдығына шамалы ғана әсертигізеді, мұндай әсеркөлбеуі 6-12° болса, күшейеді. Көлбеуі 12° асып кетсе шөп тез тапталып кетеді, сондықтан көлбеуі осындай көрсеткіштен асқан аумақтар рекреациялық пайдалануга жарамайды. Топырақтың механикалық қасиеттері де рұқсат берілген жүктеме көлеміне әсеретеді. Мысалға, рекреанттардың қүмды жерлерге деген жүктемесі саздақка қарағанда үлкен болады.Кеңес географтары В.П.Чижова мен Е.Д.Смирнова 1976 жылы КСРО еуропалық бөлігінің орталық аудандарындағы табиғи кешендеріндегі ең көп рұқсат берілген демалушылар санының нормативтерін келтіреді. Нормалардың біркелкі болмауының себебі - табиғи кешендер мен олардың әлементтерінің шыдамдылығын анықтау әдістемелігінің бірқалыпты болмауында. Табиғи кешеннің туристік ауыртпалығына деген шыдамдылығы - оның өз қалпына келу қабілетінің шектері.Табиғи кешендердің эстетикалық ішкі қасиеттері мынадай көрсеткіштермен де сипатталады: орманның тығыздық дәрежесі, ағаштардың толықтығы, орманның жік қабаты, балауса орман ағаштарының молдығында. Жоғарыда айтылғанға сүйеніп «рекреациялық іс-әрекет» анықтамасын беруге болады. Рекреациялық іс-әрекет- бұл адамның бос уақытында пайда болатын физикалық және психикалық күшін қалпына келтіру және өз-өзін жан-жақты дамыту мақсатында орындалатын іс-әрекет. Рекреациялық іс-әрекет адамның қолы бос уақытында өтеледі.Табиғи кешен оның рекреациялық ауыртпалыққа деген төзімділігіне қарай орналастыру орындарының көлемі мен түріне белгілі шектеулер салады. Рекреациялық ауыртпалық инженерлік-мелиоративтік шаралар мен абаттандыру арқылы күшеюі мүмкін екенін ұмытпау керек. Рекреациялық әсерді анықтау жұмыстары рекреациялық салмақты басқару үшін жүргізіледі. Рекреациялық салмақты басқару әдісіне аумақты функционалді зоналарға бөлу қағидасы жатады. Сонымен қатар, туристік-рекреациялық ресурстардың пайдалануын реттеу әдістері жатады. оның ішінде рекреанттардың тәртібін реттеу, яғни зиян келтіретін әрекеттерге тыйым салу; өсімдік жамылғысын қалпына келтіру үшін тыңайтқыштарды пайдалану; жерді қайта өңдеу шараларын жүргізу.Жасанды соқпақтар жасап, аумақты жақсы жабдықтағанда, оның сыйымдылығы табиғи сыйымдылығымен салыстырғанда 6 есе көтеріледі. Табиғи кешендеріне түсетін ауыртпалықты оңтайлы қылу, туристік рекреациалық ресурстарды қорғау мақсатында демалыс аудандары мен зоналарының аумақтық ұйымдастырылуына іске асыру қажет. Б.Б.Родоман 1976 жылы қала маңы демалысын ұйымдастыру мақсатындағы аумақтың зоналауының сызықтық-торлық принципін ойлап тапты. Өзінің теорилық схемасында жерді рекреация мақсатында пайдаланудың 3 деңгейімен айқындалатын 3 зонаны: 1-жоғары, 2-орташа, 3-рекреациялық пайдаланудың төмен деңгейі атап шықты. Табиғи аумақтың кешеннің рекреациялық сыйымдылығына рұқсат берілген жүктемені табиғи аумақтың кешені ауданына көбейтіп табамыз. Соңғы зерттеулердің ішінде "рекреациялық дигрессия" туралы 1972 жылы Н.С. Казанская Мәскеу төңірегінің орман зонасында рекреациялық дигрессияның 5 кезеңін зерттеді: 1.Адамның іс-әрекеті орман кешеніне ешқандай өзгерістер енгізбейді.2. Адамның рекреациялық әсер сирек кездесетін соқпақтардың және жарық сүйгіш өсімдіктердің пайда болуына әкеледі. 3. Соқпақтар мен жарық сүйгіш өсімдіктер жиі кездеседі. 4. Орман өсімдіктері азайып, соқпақ желісі басым болып келеді.5.Тапталған алаңдарда арам шөптер мен біржылдық шөп түрлері пайда болады, ал шөп төсеніштері мен жас ағаштар толығымен жоқ.3 және 4 кезең арасында табиғи кешеннің тұрақтылығының шекарасы өтеді. Жіберелетін салмақ дигрессияның 3 кезеңіне сәйкес келеді. Қалпына келтірілмейтін өзгерістер 4 кезеңде пайда болады. 1,2,3 кезеңдерін эстетикалық жағынан тартымды. Табиғи кешендердің тұрақтылығы олардың әртүрлі әсер етулерге қарсы тұру мүмкіншіліктермен түсіндіріледі: табиғи және антропогенді . Қазіргі кезде табиғи кешендер арасында серігу аймақтарының жағдайы айтарлықтай жақсы зерттелінген. Табиғи комплекстердің сенімділігі негізінен оның құрамына кіретін компоненттерге тікелей тәуелді болып келеді, әрі кейіннен рекреациялық табиғи кешендерді қолдануға мүмкіншілік қалдырады. Бұл жағдайда белгілі бір табиғи компоненттің жойылуы оның толықтай табиғи қолдану мүмкіншілігінен айырмайды, себебі демалушыны кез келген уақытта басқа қызмет түріне бағыттауға болады. Рекреациялық аумақтарды зоналау үшін линиялық бағдарламалау қолданылуы мүмкін. Линиялық бағдарламалау моделі дегеніміз жоба-ланатын аумақта «пик» маусымында алдыңала берілген шектеулердің ескерілуімен биоценоздарды қорғау мен рекреациялық шаралар үшін жайлы жағдай жасау - рекреациялық жүктемені максимумға жеткізу моделі. Осындай модель жасау үгдін мынадай мәліметтер қажет: 1) жобаланатын аумақ ауданы; 2) рекреациялық шаралар түрлерінің үлестерін көрсететін рекреациялық іс-әрекетқұрылымы; 3) рекреациялық әрекеттердің аумаққа түсетін ауыртпалық жүктемесі; 4) табиғи кешендердің тұрақтылық коэффициенттері.
...