Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Танысу практикасы

Автор:   •  Май 28, 2019  •  Отчет по практике  •  4,165 Слов (17 Страниц)  •  2,247 Просмотры

Страница 1 из 17

ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ

ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Туризм  және мейрамхана ісі кафедрасы

5В091200-«Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» мамандығының

1-курс күндізгі бөлім студенттерінің

оқу тәжірибесінен өту

 БАҒДАРЛАМАСЫ

ҚАРАҒАНДЫ – 2016

Тәжірибе бағдарламасы 5В091200-«Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» мамандығының жұмыс оқу бағдарламасы мен ҚР МЖМБС негізінде және кәсіби тәжірибе ҚҚЭУ-МИ-115-2014 сәйкес өңделді.  

Құрастырған: аға оқытушы Аешова Н.Т.

Бағдарлама кафедраның оқу-әдістемелік семинарында талқыланды және шығаруға ұсынылды.

Хаттама № ____  «__»  ___________2016 ж.

Кафедра меңгерушісі

э.ғ.к. доцент                                 А.К. Жуспекова

Бағдарлама мазмұны

I. Тәжірибенің мақсаты  мен тапсырмалары ………...............…...4

II. Тәжірибені ұйымдастыру және дайындау...............…………...5

III.Кафедра атынан тәжірибеден өтуші студенттің және

 тәжірибе жетекшісінің міндеттері..............................................6

IV. Тәжірибе бағдарламасының мазмұны     .........……………….7

V. Тәжірибе туралы есеп пен күнделікті дайындау, жазу

және рәсімдеу...................................................................................15

VI. Тәжірибе қорытындысын рәсімдеу …............................…....18

Қосымшалар.....................................................................................20

  1. Тәжірибенің мақсаты мен тапсырмалары

Танысу тәжірибесі – бұл кәсіби тәжірибенің бір түрі. Ол арнайы мамандандырылу желісі бойынша студенттің теория жүзіндегі кәсіби және базалық білімдерін іс жүзінде шынайы маман ретінде тәжірибе жинақтап және болашақта таңдаған сала мамандығы бойынша іскер маманға қатысты керекті міндеттер мен жауапкершілікті  меңгере отырып, тәжірибеден өтумен қатар, жұмысты ұйымдастыруға деген қабылеттілікті арттыруға негіз болады. Танысу тәжірибесі барысында студенттің базалық және мамандандырылу бойынша біліктілікті меңгеру дайындығы тәжірибе арқылы тікелей жүзеге асырылады.

Танысу тәжірибесі МЖМБС 5В091200 – Мейрамхана  ісі және қонақ  үй бизнесі сәйкесінше жүргізіледі. Танысу тәжірибесі 3-ші курстан кейін тоериялық оқыту аяқталған кезде  ұйымдастырылады.

Танысу тәжірибесінің негізгі мақсаты негізгі компоненттерді бекіту, таңдаған мамандық бойынша кәсіби қызметтің бастапқы  тәжірибесі мен тәжірибе түрінде меңгеру болып табылады.

Танысу тәжірибесінің өту уақыты жұмыс оқу жоспарындағы мамандықтағы кредиттер санымен анықталады, ал уақыты МСО түлектерінің жұмысқа орналастыру бойынша менеджер анықтайды. Туризм және мейрамхана  ісі кафедрасының меңгерушісінің келісімі бойынша күндізгі бөлімде оқитын студенттің тәжірибеден өту кестесі бірінші проректор – оқу әдістемелік жұмыс бойынша проректормен бекітілген.

Тәжірибе барысында студент:

  • Университеттің нақты шешімі бойынша тәжірибе орнына дәл уақытында баруға;
  • Кәсіпорынның ішкі тәртібі мен ережелерін және еңбек заңнамасының талаптары мен міндеттерін қатаң сақтауға және орындауға;
  • Бекітілген кестеге сәйкес тәжірибе бағдарламасын және кәсіпорындағы тәжірибе жетекшісінің тапсырмаларын орындауға;
  • Университтегі және ұйымдағы тәжірибе жетекшілерінің кеңестерін қолдануға;
  • Белгіленген форма бойынша күнделік жазуға және атқарылған жұмыстар бойынша жазбалар жазуға;
  • Кәсіпорын ұйымының жұмысымен, оның құрылымыммен, кәсіпорын  бөлімдерінің негізгі функцияларымен танысуға міндетті.

  1. Тәжірибені ұйымдастыру және дайындау

Тәжірибенің оқу-әдістемелік жетекшілігін туризм және мейрамхана ісі кафедрасы жүзеге асырады. Тәжірибе басталар алдында 2-3 күн бұрын кафедрада студенттермен және университет пен кәсіпорыннан тағайындалған жетекшілермен бірлесе отырып, жиналыс өткізіледі.

Жиында міндетті түрде тәжірибе тапсырмалары туралы, кәсіпорындағы жұмыстың мақсаты мен түрлері жайлы, мамандықтың оқу жоспарымен нақтыланған тәжірибенің өту уақыты туралы айтылады.

Тәжірибе басталғанға дейін студент кафедрадан университеттің  Сапа және маркетинг орталығы жасаған мына құжаттарды алуы керек:

...

Скачать:   txt (55.3 Kb)   pdf (258.8 Kb)   docx (37 Kb)  
Продолжить читать еще 16 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club