Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қозғалтқыштың жалпы құрылымы мен негізгі параметрлері

Автор:   •  Январь 18, 2018  •  Лекция  •  539 Слов (3 Страниц)  •  3,956 Просмотры

Страница 1 из 3

Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжі

Арнайы пән оқытушысы: Молдакулов О.Т.

№ 2 дәріс тақырыбы: Қозғалтқыштың жалпы құрылымы мен негізгі параметрлері

Двигатель типтері мен атқаратын қызметі

Автомобиль двигателі оның цилиндерінде жанатын отынның жылу энергиясын механикалық энергияға айналдыратын механизмдер мен жүйелердің бірлігін құрайды. Қазіргі заманғы автомобильдерде ең көп тарағаны іштен жанатын поршеньді двигательдердегі отынның жану кезіндегі әлденеше ұлғайуы газдың олардың цилиндірлерінің ішіндегі поршеньдердің қозғалысына әсер етеді.

Автомобильдерде колданылатын двигательдер әртүрлі белгілерге байланысты типтерге бөлінеді. (1 - кесте).

Бензинді двигательдер мұнайдан алынатын ауыр сүйық отында - бензинде жүмыс істейді. Дизельді двигательдер ауыр сүйық отынды дизельде жүмыс істейді. Ол да мүнайдан алынады.

Көрсетілген двигательдердың ішіндегі қуаттысы болып бензинді, ал ең тиімдісі мен экологиялық таза болын жоғары пайдалы әсер коэффициенті бар дизельді двигательдер саналады. Сонымен, бірдей шарттар негізінде дизельдерде отынның шығыны бензинді двигательдерге қарағанда 25т30% аз.

          Сыртқы аралас қоспасы двигательдерде отын қоспасы цилиндрлерден бөлек, арнайы қүрылғыларда - карбюраторда (карбюраторлық двигательдер) немесе енгізу қүбырында (тікелей бензинді бүрку двигательдері) және цилиндрлерге дайын түрінде келеді. Ішкі аралас қоспалы двигательдерде (дизельдер, бензинді бүрку двигательдері) жанар май қоспасы цилиндрлерде оларға отынды бүрку негізінде дайындалады.

Үрлеуі жоқ двигательдерде цилиндрлердің толтырылуы цилиндрлерде поршеньнің жоғарғы шеткі төменгі жағдайдан қозғалысынан пайда болатын вакуум негізінде жүргізіледі. Үрлеуі бар двигательдерде жанар май компрессор мен пайда болатын қысым нөтижесінде цилиндрлерге келеді.

Жанармайдың жану шырақтарында пайда болатын электірлік үшқыннан мәжбүрлі жануы бензинді двигательдерде жүргізіледі, ал қысудан болатын жану (өзінен-өзі тұтану) - дизельдерде жүргізіледі.

[pic 1]

1-кесте Әртүрлі белгілер бойынша классификацияланған автомобиль, двигательдерінің негізгі типтері

Төрт тактілі двигательдерде жүмыс процесі (цикл) двигательдердің жұмысы барысында тізбектей қайталанатын төрт тактіде орындалады (енгізу, сығу, жұмыс барысы, шығару).

Тізбектей двигательдерде тігінен қатар орналасқан немесе тігіне 20...40 бұрыш жасай орналасқан цилиндрлер бар.

V-түріндегі двигательдер 60, 75 және 90° бұрышта орналасқан екі қатарлы цилиндрлердің тізбегінен түрады. Цилиндір тізбектері арасында 180° орналасқан V-түріндегі қозғалтқыш оппозитті деп аталады. Екі, үш, төрт, бес цилиндрлі двигательдер әдетте тізбектей орналасады, ал 6, 8 және көп цилиндрлі двигательдер V-түрінде орнатылады.

Сұйықтықпен суыту механизмі бар двигательдерде суыт  заты ретінде суу температурасы -40° және одан да төмен болатын антифриздерді (төменгі температурада қататын сүйықтар) қолда- нылады. Ауамен суыту механизмі бар двигательдерде суыту заты ретінде ауа қолданылады. Двигательдердің көбісі сұйықпен суытылады, себебі ол ең тиімдісі болып табылады.

...

Скачать:   txt (8.5 Kb)   pdf (224.1 Kb)   docx (49.3 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club