Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Көлік кешінінің даму тарихы

Автор:   •  Март 28, 2023  •  Реферат  •  4,527 Слов (19 Страниц)  •  172 Просмотры

Страница 1 из 19

   Археологиялық деректемелер неолит заманынан бастап көліктің шаруашылық салаларына ене бастағанын байқатады. Көне обалардан табылған әбзел қалдықтары малдың көлік ретінде ежелден-ақ пайдаланылғанын көрсетеді. Ежелгі заманнан келе жатқан көлікке негізінен жегін малы мен мініс малы: түйе, жылқы, қашыр, құлан, есек, сиыр, бұғы, ит, т.б. жатады. Әрбір көлік малының тұрмыстық-шаруашылық жұмыстарда қолданылуы оның табиғи ерекшеліктеріне байланысты болды. Мініс малы көне замандардан бері шөл далалы, орманды, батпақты, таулы-қыратты жерлерде негізгі көлікке айналды. Жегін малы арба, күйме, шана сияқты көлік құралдарына жегіліп, жолаушы, жүк тасымалдауға, көшіп-қонуға пайдаланылды. Мұндай көлік түрлерінің біразы ежелгі Мысырда, Вавилонда, т.б. жерлерде б.з.б. 3-мың жылдықта қолданылғанын тарихи-археологиялық деректер дәлелдейді. Әскери арбалар шығыстағы ежелгі мемлекеттерде соғыс кезінде кеңінен пайдаланылды. Әскери және жүк арбалардың тасқа қашап салынған суреттері Қаратау өңірінен де табылды. Қазақстан жеріндегі жергілікті халықтың ежелгі тұрмысын көрсететін петроглифтерде немесе басқа да археологиялық бұйымдарда, ескерткіштерде көлікке қатысты деректер көптеп кездеседі. Әсіресе көшпелі қазақтардың тұрмыс-тіршілігінде жылқы мен түйенің орны ерекше болған. Түйе шөлге және ұзақ жүріске шыдамды болғандықтан, ежелгі және орта ғасырларда Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда керуендерінде, сондай-ақ мал қамымен көктеуге, жайлауға, күздеуге, қыстауға көшіп-қону кезінде негізгі көлік ретінде пайдаланылған. Жылқы да көшпенді қалықтың тұрмыс-салтына аса қолайлы көлік болды. Қазақтар «ат – ердің қанаты» деп есептеген. Бағзы бір замандарда «аттың жалында, түйенің қомында» жүрген кездер де болған. Адамзат қоғамының дамуы барысында ғасырлар қойнауынан келе жатқан дәстүрлі көлік түрі мен құрамы да өзгеріске ұшырап отырды. Ғылыми техникалық жетістіктерге орай көлік малын бірте-бірте автомобиль, поезд, ұшақтарға ығыстыра бастады. Сөйтіп техникалық көлік түрлері қоғамдық даму сатыларын айқындайтын көрсеткіштердің біріне айналды. Қазіргі кезде де мініс малы – автомобиль, трактор бара алмайтын жерлерде көлік ретінде пайдаланылады. Қазақстанда теміржол, автомобиль, әуе, ішкі су көлігін, құбыр желісін қамтитын және жеткілікті дәрежеде дамыған көлік жүйесі қалыптасқан.  Қазақстандағы көлік (транспорт) өте маңызды рөлге ие. Елдің үлкен аумағы (2,7 млн км²), халық тығыздығының аздығы, өндіріс және ауыл шаруашылық орталықтарының бытыраңқы орналасуы, сонымен қатар әлемдік нарықтардан алшақта орналасуы көлік жүйесінің дамуын Қазақстан үшін маңызды етуде. Қазақстанның көлік және коммуникация кешенін теміржол, су көлігі, әуе көлігі, автомобиль көлігі, құбыр көлігі және телекоммуникация құрайды. Осы көлік және коммуникация кешеніне қызмет ететін мынадай ірі мемлекеттік кәсіпорындар бар, олар "Қазақстан теміржолы", "Қазақтелеком", "Қазпошта" т.б. Қазақстандағы жетекші көлік түрі – теміржол. Себебі теміржол еліміздегі жүк айналымының 57,5%-ын, жолаушы жүк тасымалының 56%-ын құрайды. Теміржолдың артықшылығы жылдың барлық маусымдарында жұмыс істейді, өзіндік құны арзан.

                                                                                      2          


                                                                       Кіріспе

   Көлік кешені – экономиканың инфрақұрылымын қалыптастыратын салалардың бірі.       Көлік- экономиканың қалыпты жұмыс істеуінің негізі. Ол ендіріс процесін қамтамасыз етіп, кәсіпорындарды, салалар мен аймақтарды байланыстырады, сыртқы сауда жүктерін  тасымалдап, халыққа қызмет керсетеді. Көлікті онсыз өмір сүре алмайтын «шаруашылық ағзасының кан тамыр жүйесі» деп те атайды. Сондықтан жоғары дамыған, тұрақты жұмыс істейтін көлік жүйесін қалыптастыру — елдің өсіп-өркендеуінің негізгі жағдайларының бірі.   Қазақстанның көлік және коммуникация кешенін теміржол, су көлігі, әуе көлігі, автомобиль көлігі, құбыр көлігі және телекоммуникация құрайды. Көлік- экономиканың қалыпты жұмыс істеуінің негізі. Ол ендіріс процесін қамтамасыз етіп, кәсіпорындарды, салалар мен аймақтарды байланыстырады, сыртқы сауда жүктерін тасымалдап, халыққа қызмет керсетеді. Көлікті онсыз өмір сүре алмайтын «шаруашылық ағзасының кан тамыр жүйесі» деп те атайды. Сондықтан жоғары дамыған, тұрақты жұмыс істейтін көлік жүйесін қалыптастыру — елдің өсіп-өркендеуінің негізгі жағдайларының бірі.

...

Скачать:   txt (41.9 Kb)   pdf (193.2 Kb)   docx (349.9 Kb)  
Продолжить читать еще 18 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club