Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шығарылатын өнімнің номенклатурасы

Автор:   •  Декабрь 21, 2017  •  Курсовая работа  •  4,902 Слов (20 Страниц)  •  242 Просмотры

Страница 1 из 20

Кіріспе

Құрылыста әлдеқайда тиімді және берік материалдармен қамтамасыз ету  – бұл қазіргі заманауи кезеңнің өзекті сұрақтарының бірі. Ірі блоктар мен панельдердің және көлемдік элементтердің массалық-зауыттық түрде өндіру үшін әлдеқайда перспективті шикізат материалы ретінде және табиғи мен жасанды кеуекті толтырғыштардың негізінде жасалған жеңіл бетонды қолданады.

Толтырғыштар – белгілі бір түйіршікті құрамы бар табиғи не жасанды материалдар. Олар байланыстырғыш заттың ерітінідісімен рационалды түрде құрамдалған қоспадан бетонды шығарады.

Жасанды кеуекті толтырғыштарды силикатты органикалық не басқа шикізатты механикалық немесе термиялық өндеу жолымен алып, кейіннен  ұнтақтап елейді.

Жасанды кеуекті толтырғыштардың аязға төзімділік қасиеттері стандарттар талаптарына сай. Пайдалданудың ауыр шарттарына тағайындалған жеңіл бетондардың толтырғыштары аязға төзімділік бойынша талаптарын кейде қанағаттандырбайды, сондықтан да оны ұқыпты түрде зерттейді.

Қазіргі таңда жасанды толтырғыштардың барлық түр түрлілігінің ішінде шунгизитті малтатастың дамуы қарқынды. Керамзитті малтатастың түрлігі шунгизит болып келеді. Шыңында шунгизит – бұл шикізат түрімен ажыратылатын керамзиттің бір түрі.

Шунгизитті құрамында графиті бар сланц жынысын (шунгит) күйдіру кезінде ісіну үрдісі арқылы алады. Жынысты фракциондалған түйіршік (үгінді) түрінде көптеген кәсіпорындарға жеткізеді. Онда оны шунгизитті малтатасты өндіру үшін негізгі шикізат ретінде шунгит қолданады.

Бұл жұмыста шунгизит өнімін жылына 150000 м3 қуаттылығымен Алматы қаласында шығарады. Шунгизитті малтатасты құрғақ әдіс бойынша өндіреді. Өндірістің құрғақ әдісі бойынша шунгизитті алу үрдісі әлдеқайда ұтымды және ыңғайлы болып келеді.

Құрылыста шунгизитті малтатасты В3,5…В7,5 классты әртүрлі қолданудағы жеңіл бетондарды дайындаған кезде толтырғыш ретінде қолданылады: құрылымдық – жылуоқшаулағыш, жылуоқшаулағыш және құрылымдық (аражабынның үйілмелі жылуоқшаулағышы ретінде, монолитті құрылымдарда, қоршауыш құрылымдар мен іріпанельді үйлерді жабын плиталарында).

1 Шығарылатын өнімнің номенклатурасы

Шунгизитті малтатас (ГОСТ 9757-03) – құрамындағы жыныстардың айналмалы пеште күйдіру кезінде шунгит түйіршіктерінің ісінуі арқылы алынатын дөңгелек пішінді материал.

Шыңында шунгизит – бұл керамзиттің бір түрі, тек шикізат түрімен ерекшелінеді.

Шунгизиттің негізгі мәліметтері:

- керамзитті малтатасқа қолданылатын «байыту» термині түйіршіктерінің тығыздығы бойынша олардың класстарға бөлінуі болып табылады. Түйіршіктері жақсы ісінгенмен байытылған әлдеқайда жеңіл болады, ал әлдеқайда ауыр – азырақ ісінгенмен байытылған, бірақ түйіршіктері әлдеқайда берік. Шунгизитті малтатастың үйілмелі тығыздығы бойынша маркасы – М500;

- шунгизитті малтатастың беркітік бойынша маркасы оның көлемдік үйілмелі тығыздығы бойынша маркасына тәуелді болады да, келтірілген 1- кесте бойынша сай болу тиіс.

1-кесте – Шунгизиттің беріктік бойынша маркасы

Көлемдік үйілмелі масса бойынша марка

Беріктік бойынша марка

300

400

500

Б25

Б35

Б50

Жасанды кеуекті толтырғыштардың аязға төзімділік қасиеттері стандарттар талаптарына сай. Пайдалданудың ауыр шарттарына тағайындалған жеңіл бетондардың толтырғыштары аязға төзімділік бойынша талаптарын кейде қанағаттандырбайды, сондықтан да оны ұқыпты түрде зерттейді.

Шунгизитті малтатас аязға төзімді болу керек және сынау кезінде кем дегенде 15 циклден өту керек.

Кеуекті толтырғыштардың кейбір түрлеріне бұл көрсеткіш тұрақтандырылады. Бірақ та толтырғыштың құрылымдық ерекшеліктері туралы көрнекі көзқарас көлемдік сусіңіргіштік көрсеткішін береді. Көбінде түйіршіктердің сусіңіргіштік пен беріктік арасында тығыз корреляционды байланыс бар. Кеуекті толтырғыштардың сусіңіргіштігі әлдеқайда жоғары болса, беріктігі соғұрлым төмен. Бұл жағдайда материал құрылымының ақаулары байқалады.

...

Скачать:   txt (68.6 Kb)   pdf (435 Kb)   docx (230.2 Kb)  
Продолжить читать еще 19 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club