Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шаруа кожалыfынын ауыл шаруашылык дакылдарын суару yшiн сорап станциясын жобалау

Автор:   •  Ноябрь 19, 2020  •  Реферат  •  5,566 Слов (23 Страниц)  •  465 Просмотры

Страница 1 из 23

«Қазақ ұлттық аграрлық университеті»

Коммерциялық емес акционерлік қоғамы

«Су, жер және орман ресурстары» факультеті

«Су ресурстары және мелиорация» кафедрасы

6В08601- «Су ресурстары және суды пайдалану»

білім беру бағдарламасы бойынша студенттерге арналған 

«Сорап және сорап станциялары»

пәні бойынша семестрлік жұмысты орындау әдісі

 

ШАРУА (ФЕРМЕРЛІК) ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ДАҚЫЛДАРЫН СУАРУ ҮШІН СОРАП СТАНЦИЯСЫН ЖОБАЛАУ

АЛМАТЫ,  2020 ж.

  1. Семестрлік жұмыстың мақсаты, міндеттері және семестрлік жұмысқа қойылатын талаптар.

Семестрлік жұмыстың мақсаты: теориялық білімді бекіту және ортадан тепкіш сораптардың, сорап агрегаттарының және сорап қондырғыларының параметрлерін анықтау бойынша, ауылшаруашылық дақылдарын, мысалы, шаруа (фермерлік) қожалығының дақылдарын суару үшін сорап станциясын жобалау мен параметрлерін есептеу бойынша есептерді іс жүзінде шешкен кезде өз бетімен қолдануды үйрену.

Семестрлік жұмыстың міндеттері:

1) Бастапқы мәліметтер (нұсқа бойынша) бойынша сорап агрегаттарын, су арынды құбыржолдарды, су көзімен су қабылдағыш құдықты және су жинақтағыш резервуарды құрамдастыра отырып, сорап станциясының сызбанұсқасын жасау:

- тапсырманың нұсқасының бастапқы мәліметтері;

- жер телімдерін суаруға арналған сорап станциясының сызбанұсқасын жасау.

2) Сорап станциясының және сорап агрегаттарының параметрлерін есептеу:

- су жинақтағыш резервуардың минималды және максималды сыйымдылығын анықтау;

- сорап станциясының және сорап агрегаттарының параллель және тізбектей  жұмысы кезінде ортадан тепкіш сораптардың берілісін анықтау;

- сорғыш және арынды құбыржолдардың  диаметрлерін анықтау;

- сорап станциясының қажетті арынын анықтау;

- сорап станциясының және сорап агрегаттарының параллель және тізбектей  жұмысы кезінде ортадан тепкіш сораптардың қажетті қуатын анықтау;

-  сорап станциясы үшін ортадан тепкіш сорап агрегаттарын іріктеп алу керек.

3) Сорап станциясының жұмыс нүктесін және оптималды жұмыс аймағын анықтай отырып, ортадан тепкіш сораптардың параллель және тізбектей  жұмысы кезінде біріктірілген графикте таңдап алынған сорап агрегатының, сорап станциясының  және су беретін құбыржолдың жұмыс сипаттамаларын тұрғызу:

- ортадан тепкіш сораптардың параллель жұмыс істеуі кезінде біріктірілген графикте сорап агрегатының, сорап станциясының және су беретін құбыржолдың жұмыс сипаттамаларын тұрғызу;

- ортадан тепкіш сораптардың тізбектейс жұмыс істеуі кезінде біріктірілген графикте сорап агрегатының, сорап станциясының және су беретін құбыржолдың жұмыс сипаттамаларын тұрғызу керек.                                    

4) Орындалған семестрлік жұмыс бойынша қорытындылар жасау керек.

Семестрлік жұмысқа қойылатын талаптар:

Семестрлік жұмысты орындауға арналған мәліметтер берілген нұсқа бойынша алынады (П 9.1 кесте).

«Сорап және сорап станциялары» пәні бойынша орындалатын семестрлік жұмыс бойынша түсінік алу үшін, семестрлік жұмысты орындардың алдында тиісті әдебиетті зерделеу қажет.

Семестрлік жұмысты орындауға арналған оқу-әдістемелік құрал оның барлық тармақтарын орындаудың тізбектейлігін қатаң сақтаудың міндетті шарты ретінде қарастырылмауға тиіс. Семестрлік жұмысты орындардың алдында қажетті сілтемелерді келтіре отырып, әдебиет көздерінде бар басқа әдістерді қолдануға болады. Есептеу формулаларын, коэффициенттерді, нормативтік мәліметтерді және  т.с. пайдалануға әдебиет көздеріне сілтемелер ілесіп отыруға тиіс.

...

Скачать:   txt (54.1 Kb)   pdf (1.1 Mb)   docx (864.1 Kb)  
Продолжить читать еще 22 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club