Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шпаргалка по "Предпринимательству"

Автор:   •  Май 13, 2022  •  Шпаргалка  •  22,986 Слов (92 Страниц)  •  220 Просмотры

Страница 1 из 92
  1. Кәсіпкерліктің мәні,белгілері және түрлері

Кәсіпкерлік - меншік түріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранысты қанағаттандыру арқылы пайда немесе жеке табыс табуға бағытталған және жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) немесе мемлекеттік кәсіпорындарды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызмет.

[pic 1]

Кәсіпкерлік қызметтің негізгі белгілері ретінде мыналарды атап көрсетуге болады:

- мүліктік және үйымдастырушылық дербестік;

- тәуекел мен жауапкершіліктің болуы;

- экономикалық мүдделілік немесе табыс табу;

- қоғамдық қажеттілікті және сұранысты қанағаттандыру үшін өнім өндіру (жұмыс орындау, қызмет көрсету);

- заң шеңберінде іскерлік іс-эрекеттерді жүзеге асыру.

2. Кәсіпкерліктің түрлері:өндірістік,қаржылық,сақтандыру,делдалдық

Қызмет мазмұнына қарай кәсіпкерлік мынадай түрлерге бөлінеді:

  1. Өндірістік,
  2. Қаржылық,
  3. Коммерциялық
  4. Кеңес беру

Өндірістік кәсіпкерлік - бүл кәсіпкерліктің айтарлықтай маңызды түрлерінің бірі. Мұнда өнім өндіру немесе қызмет көрсету (жұмыс орындау) жүзеге асырылады жэне одан әрі дайын өнімді (қызметті, жұмысты) түтынушыларға сатуды көздейді. Өндірістік кәсіпкерлік материалдық өндіріс сферасында іске асырылады. Сондықтан өндіріс функциясы кәсіпкерлер үшін ең негізгі болып саналады. Өндірісті жүзеге асыру үшін кәсіпкер ең алдымен қандай өнім өндіру (қызмет корсету, жүмыс орындау) жэне оны кім үшін өндіру керектігін білуі керек. Яғни, маркетингті жетік меңгергені дүрыс.

     Кәсіпкерлік қызметің ерекше түрі - қаржылық кәсіпкерлік болып табылады. Оның сату-сатып алу объектісі - ақша айналымы, бағалы қагаздар, валюталық қатынастар. Яғни, ақшаны тікелей және қосымша нысанда сату жатады. Нарықтық қатынастарға өтуге байланысты қаржы нарығы, валюта жэне бағалы қағаздар нарығы бой көтерді, оларға қатысушылар: коммерциялық банктер, қор биржалары, жекелеген кэсіпорындар мен ұйымдар, кәсіпкерлер жэне жеке тұлғалар. Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қатысушылар (брокерлер, дилерлер т.б.) да қызмет ете алады.

Коммерциялық кәсіпкерлік өндірілген өнімді (қызметті, жұмысты) сатумен жэне оны сату-сатып алу келісімшарты негізінде тұтынушыларға дейін жеткізумен байланысты, яғни тауарлы-ақшалай, саудалық-айырбас операцияларымен сипатталады. Мүндай қызмет нақты тұтынушылармен тікелей байланысты болатындықтан өзгермелі қажеттіліктерге тез бейімделеді жэне мобильді болады. Коммерциялық кәсіпкерлікті дамыту үшін мынадай екі шарттың сақталуы қажет: сатылатын тауарларға салыстырмалы түрде түрақты сұраныстың болуы және өндірушіден тауарды едәуір томен бағаға сатып алу мүмкіндігі.

Кеңес беру (консалтингтік) кәсіпкерлігі - бұл ой нарығының бір бөлігі. Онда қаржылық, инвестициялық саясаттарды жасақтау, белсенді маркетинг, тэуелсіз кеңестер бойынша жүмыстар жүргізіледі. Кеңес беру әдістері эксперттік, үрдістік жэне оқу үйрету нысандарында болуы мүмкін. «Консультант» сөзі латын сөзінен шыққан және «кеңес беруші» деген мағынаны білдіреді.

3. Кәсіпкерліктің ұйымдастыру құқықтық формалары және оның ерекшеліктері

Қазақстанда кәсіпкерліктің пайда болуы мен қалыптасуы қайта қүру кезеңінен бастау алып тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жалғасын тапты. Еліміздің негізгі заңнамалық құжаттарының бірі Азаматтық кодексте (Жалпы бөлім, 1-бөлімнің 10-бабы) кэсіпкерліюсе мынадай анықтама берген: «Кэсіпкерлік - меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған (жеке кәсіпкерлікке не мемлекеттік кәсіпкерлікке негізделген) ынталы қызметі». Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады. Ал, мемлекет кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне кепілдік береді жэне оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының Конституциясында атап көрсетілгендей, әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген занды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға қүқығы бар. Монополистік қызмет заңмен реттеледі әрі шектеледі. Жосықсыз (әділетсіз) бәсекеге тыйым салынады. Сонымен бірге, кәсіпкерліктің негізгі қағидаларына келесілерді де жаткызуға болады:

...

Скачать:   txt (349.8 Kb)   pdf (1.5 Mb)   docx (1.4 Mb)  
Продолжить читать еще 91 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club