Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Кәсіпорын имиджін құру

Автор:   •  Март 14, 2018  •  Реферат  •  9,594 Слов (39 Страниц)  •  1,806 Просмотры

Страница 1 из 39

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым  Министрлігі

Алматы Технологиялық Университеті

Экономика және Бизнес Факультеті

Туризм және сервистік қызмет көрсету кафедрасы

                                    [pic 1]

Курстық жұмыс

Тақырыбы: «Кәсіпорын имиджін құру»

                                                                           

                                                                                    Орындаған: Шегераева З.

                                                                                         Тексерген:Тоқбергенова Ұ.А.

Алматы 2017[pic 2][pic 3][pic 4]

КІРІСПЕ

3

1 Кәсіпорын имиджін құрудағы теориялық аспектілер

5

1.1 Кәсіпорынды дамытуда корпоративтік мәдениеттің алатын орны мен рөлі

5

1.2  Кәсіпорындағы корпоративтік мәдениеттің эстетикалық ерекшеліктері мен бақылау әдісін жүргізудің бағдарламалары

8

2 ЗАМАНАУИ МЕЙМАНХАНА КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ КОРПОРАТИВТІК МӘДЕНИЕТІ МЕН ИМИДЖІН ТАЛДАУ

13

2.1    Мейманхана кәсіпорындарындағы имидж түсінігі және имиджге әсер ететін факторлар

13

2.2   Кәсіпорынның имиджін талдау

19

3 КӘСІПОРЫНЫНЫҢ КОРПОРАТИВТІК МӘДЕНИЕТІ МЕН ИМИДЖІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

24

3.1 Мейманхана кәсіпорынының корпративтік  мәдениетін жоғарлату бағыттары

24

3.2 Заманауи мейманханаларда персоналдың имиджін жетілдіру бағыттары

28

ҚОРЫТЫНДЫ

32

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

34

[pic 5][pic 6]

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қонақжайлылық индустриясындағы мейманхананың корпоративтік мәдениеті мен имиджін құру, білікті жұмыскерлерді дайындау – халықаралық қатынас пен байланыстағы, республика аумағындағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Қазіргі уақытта көптеген мейманханалардың басқарушылары корпоративтік мәдениет пен имиджді жасау қажет екенін түсінеді, бұл – объективті қажеттілік. Серіктестердің белгілі бір мейманханамен одақтасуы имиджге тәуелді, яғни жағымды имидж коммерциялық табысты анықтайтын фактор.

Корпоративтік мәдениет және ішкі имидж тығыз байланысты. Кәсіпорын мәдениеті – бұл құндылықтар жүйесіне және тәртіп моделдеріне теориялық бағыттауыш, ал ішкі имидж – бұл өмірлік жағдайларда құндылықтарды орнатудағы тәжірибе түрінде іске асыру болып табылады. Осыдан келе отырып, бірлескен мәдениет орнатқан рухани-эстетикалық ережелер мен принциптер ұжымды ішкі имидж арқылы қоректендіреді.

Мейманхана ісін ұйымдастыру жетістігі ең алдымен қонақтар мүддесі мен қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілетімен анықталады. Ұжымның мәдениеті мен имиджі мейманхана бизнесінің тиімділігі акционерлер алдына қоятын концепцияларға (мақсаттар мен міндеттерге) байланысты. Сонымен қатар қабылданған концепцияны жүзеге асыруға, соның ішінде менеджерлер тәртібі және т.б. байланысты.

Мейманханалардағы корпоративтік мәдениет – келушілерде мейманхана туралы қолайлы түсінік қалыптастыратын негізгі факторлардың бірі. Қатаң бәсекелестік жағдайда мейманхана бәсекелес кәсіпорындардан қызмет көрсету деңгейімен ғана емес, қонақтарды қабылдау ерекшеліктерімен ерекшелену керек.

Корпоративтік мәдениет –жалпы қоғам мәдениетінің бір бөлігі. Бұл көп қырлы, күрделі түсінік. Корпоративтік мәдениет – халыққа психологиялық, этикалық, эстетикалық, ұйымдастырушылық-технологиялық және басқа аспекттерде қызмет көрсету үрдісінің жетілу деңгейі.

...

Скачать:   txt (142.6 Kb)   pdf (487.9 Kb)   docx (89.2 Kb)  
Продолжить читать еще 38 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club