Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Кәсіпкерлік түсінігі

Автор:   •  Сентябрь 28, 2021  •  Контрольная работа  •  1,050 Слов (5 Страниц)  •  257 Просмотры

Страница 1 из 5

А. Алибек Каржы 3Топ

1) Кәсіпкерлік түсінігі

Кәсіпкерлер деп жаңалық енгізуді жүзеге асыратын жаңа тәсілді қолданатын шаруашылық субъектілерді айтамыз. «Кәсіпкер» ұғымы кәсіпкерлік іс ұғымымен қатар жүреді. Кәсіпкерлік іс дегеніміз өндіріс, қызмет көрсету, жұмыс орындау сияқты шаруашылық және басқа да істе пайда түсіру мақсатымен жеке адамдардың кәсіпорындар немесе ұйымдардың заң жүзінде жүзеге асыратын ісі. Кәсіпкерлік істің субъектілері жеке адамдарда әріптестердің бірлестігі де бола алады. Кәсіпкерлік істің субъектісі ретінде жеке адамдар, жеке немесе жанұялық кәсіпорындарды ұйымдастыру арқылы бола алады. Мұндай кәсіпкерлер өз еңбегінің шығынымен ғана шектеледі. Экономиканың дамуының барлық даму сатыларындағы негізгі тізбек кәсіпорын болып табылады. Өйткені кәсіпорында жұмыскердің өндіріс құралдары мен тікелей байланысы анық көрінеді. Жеке өнеркәсіптік  кәсіпорын дегеніміз өндірістік - техникалық бірлігі бар, ұйымдастыру - әкімшілік және шаруашылық тұрғыда тәуелсіз өндірістік бірлік болып табылады. Кәсіпорын өз ісін жүзеге асыра алады, салық және басқа төлемдерді төлегеннен кейін тапқан пайдасын, шығарылған өнімді керегінше жұмсай алады.

2) Кәсіпкерліктің түрлері

*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*

Кез келген кәсіпкерлік іс-әрекеті белгілі бір кәсіпорындардың ұйымдық форма шекарасында жүзеге асады. Форманы таңдау кәсіпкерлердің жеке қызығушылықтар мен мамандығына байланысты болады, бірақ көбінесе объективті жағдайлармен анықталады:

  • іс-әрекет саласы;
  • қаражаттың көлемімен;
  • белгілі бір кәсіпорын артықшылығы;
  • нарық жағдайымен.

Кәсіпкерлік алуан түрлі және кешенді ұғым. Мысалы, кәсіпкерлік атқаратын жұмысына байланысты өндірістік, коммерциялық, кеңес беру, қаржылық және т.б. болып бөлінеді. Бұлар бірігіп немесе өз алдына әрекет етуі мүмкін. Олардың әрқайсысының өзіне тән даму ерекшеліктері бар.

*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*

Кәсіпорын формасы – кәсіпорын бойынша серіктестер арасындағы ішкі қарым-қатынасты және сол кәсіпорынның басқа кәсіпорындарымен және мемлекеттік органдармен қарым-қатынастыанықтайтын нормалар жүйесі болып табылады. Кәсіпкерліктің келесі түрлері бар:

  • жеке;
  • ұжымдық;
  • корпоративті.

Кәсіпкерліктің  жеке формасы жеке ынталандырылған кәсіпкерлік түрі болып табылады.  Жалпы алғанда жеке кәсіпкерліктің  өндірістік секторда алатын үлесі шамалы болады.

Кәсіпкерліктің ұжымдық формасы ХХ ғасырдың аяғында шағын және ірі бизнеске басымдылық танытты. Мемлекеттік заңдар айырмашылығына қарамастан, дүниежүзінде келесідей ұжымдық формалар белгілі болды:

  • шаруашылық серіктестік;
  • шаруашылық қоғам;
  • акционерлік қоғам;
  • қауымдастық, одақ.

Шаруашылықтың сетіктестіктердің төрт түрі бар: толық, коммандиттік, жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер.

Өндірістік  кооперативтер(шаруашылық қоғам) – ортақ өндірістік немесе басқа да шаруашылықтық іс-әрекет үшін мүшелік негізде құрылатын тұлғалардың бірігуі.

Акционерлік қоғам – қаражатты капиталға біріктіру, акцияны шығару арқылы пайда болатын кәсіпорын формасы, яғни өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға. Акционерлік қоғамның акционерлері заң актілерінде көзделген басқа жағдайларда оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және өзіне тиесілі акциялар құнының шегінде қоғамның қызметіне байланысты шығындар тәуекелін көтереді.

Корпорация(қауымдастық, одақ) деп бiр заңды болып бiрлесiп, кәсiпкерлiк қызмет жасау үшiн қосылған адамдар жиынтығын атайды. Корпорация меншiгiне құқықтар акцияларға сәйкес бөлшектерге бөлiнедi. Сондықтан корпорацияның иелерi акция ұстаушы, ал корпорацияның өзi – акционерлiк қоғам деп аталады. Корпорацияның табыстарына корпорация салығы салынады.

*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*-*

Кәсiпкерлiк фирманың көлемiне сәйкес:

  • шағын
  • орта
  • iрi кәсiпкерлiк - болып бөлiнедi.

Шағын кәсіпкерліктің субъектілеріне заңды тұлғасы құрылмаған жеке тұлғалар және жұмыскерлердің жылдық орташа саны 50 адамнан аспайтын, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, жыл ішінде активтерінің жалпы құны 60000 еселік айлық көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар жатады.

...

Скачать:   txt (15.8 Kb)   pdf (83.3 Kb)   docx (12.6 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club