Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Государственно-частное предпринимательство

Автор:   •  Май 4, 2018  •  Лекция  •  1,147 Слов (5 Страниц)  •  624 Просмотры

Страница 1 из 5

Жұмаханова Әсел

«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІКТІ ДАМЫТУ ТАЛАПТАРЫ

Мақалада мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің (бұдан әрі МЖӘ) мемлекет пен бизнеске, сонымен қатар халыққа тиімді жақтары қарастырылған. Еліміздің МЖӘ-ні дамытуға байланысты жұмыстарды белсенді жүргізуге деген  қажеттілік себептері көрсетілген. Көптеген ғалымдардың мемлекетіміздегі МЖӘ жүйесі жағдайын талдау жұмыстарына негізделіп, аталмыш жүйені дамыту талаптары атап өтілген.

Кілт сөздер: мемлекеттік-жеке меншік әріптестік, тәуекелді теңгерімді бөлу, заңнамалық базаны жетілдіру, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік механизмы, мемлекет пен бизнес арасындағы ынтымақтастық.

Zhumakhanova Asel

“State and local government”

СONDITIONS OF DEVELOPMENT OF PUBLIC-PRIVATE PARTNERSHIP IN KAZAKHSTAN

        In article the attractive parties of PPP for the state and business including for the people are considered. The reasons of need of development of PPP for our country are specified. On the basis of the analysis of PPP of many scientists conditions of development of PPP are provided.

Keywords: public-private partnership, division of risks, formation of legal base, the mechanism of PPP, interrelation between the state and business.

        

Мемлекеттік және жеке-меншік әріптестік (МЖӘ) өзінің рөлін әлемдік тәжірибеде өткен ғасырдан бері дәлелдеп, айқындап өткен болатын. Біздің мемлекет те МЖӘ-ке деген қажеттілік туындағандықтан осы жүйені енгізуге бет бұрған болатын. МЖӘ өзін мемлекеттің шектеулі ресурстар жағдайында қаржылық база құру, нысандарды модернизациялау мен эксплуатациялву үшін тиімді механизм ретінде көрсетті. Аталмыш механизмды қолдану мемлекетке де, бизнеске де бірқатар басымдықтарды иемденуге мүмкіндік береді. Жеке сектор үшін жаңа инвестициялық мүмкіндіктер, сәйкесінше жаңа табыс көздері және де ірі жобаларға қатысу мүмкіндігі ашылады. Ал мемлекет елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын қамтамасыз етудегі жауапкершілігін жеке бизнеспен бөлісе отырып, оң көрсеткіштерге жету мүмкіндігіне ие болады. Сол себепті елімізде МЖӘ-тің институционалдық негізін дамыту, жобалар ауқымын кеңейту бағытындағы жұмыстар өзекті деген пікірге келдім. Бірақ бірінші кезекте МЖӘ-ке деген қажеттілік қайдан туындады және халық бұл жүйенің дамуынан қандай пайда табады деген сұраққа жауапты анықтап алғанды жөн санаймын. Сол себепті ойымды әуелі осы сұрақ төңірегінде өрбітпекпін.

Бірінші кезекте МЖӘ арқылы құрылған жаңа жұмыс орындары халыққа зор пайдасын тигізеді деп ойлаймын. МЖӘ ірі жобаларды қамтығандықтан жұмыс орындарының саны да біршама болады деген сөз. Ал мемлекет пен жеке кәсіпкер арасындағы МЖӘ шартында сол жұмыс орындарына бірінші кезекте ел азаматтарының кандидатурасын қарастыру көзделсе, тіпті әсері көп болмақ. Себебі елімізде шетел мамандарының тартылуына байланысты мәселелелер әлі де өзекті. Бәрімізге белгілі жұмыссыздық мемлекетке кері әсерін тигізетін жағымсыз әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Яғни, бұл мәселенің орнықты деңгейде болуы көптеген сұрақтардың шешілуіне алып келеді. Атап өтсем, жұмыссыздықтың төмендеуі табысты халықтың көбеюі дегенді білдіреді. Демек, ұсынылып жатқан тауарлар мен қызметтерді пайдалануға мүмкіндігі жететін тұтынушылар саны көбейіп бизнеске пайда көп түседі, сол арқылы, әрине, мемлекетке түсетін салық көбейеді. Бұл жерде тағы да адамдардың жеке мүдделері, сыйластыққа, ұйым мүшесі ретінде сезіну қажеттіліктерінің қаңағаттандырылуы арқылы психологиялық жағдайларының жақсаруын атап өтпеске болмайды.

МЖӘ-тің тағы бір пайдасы жергілікті және мемлекеттік деңгейде әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жақсарып, инфрақұрылымның дамуы. Яғни, мемлекет белгілі бір облыстың жағдайын бақылап, сол жерде салынуы қажетті объектіге конкурс жариялап, қолданысқа енгізген жағдайда тұрғылықты халықтың сұранысындағы қызмет немесе тауар түріне деген қажеттілік қанағаттандырылады. Сонымен қатар, мемлекет тікелей қатысушы тарап ретінде сол ұсынылатын қызметтер мен тауардың сапалы болуын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының  2015 жылғы 31 қазандағы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» заңының 3-бабында атап өткен міндеттер төмендегідей берілген:

...

Скачать:   txt (17.3 Kb)   pdf (188.5 Kb)   docx (16 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club