Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мырыштың металлургиясы

Автор:   •  Март 1, 2018  •  Курсовая работа  •  21,165 Слов (85 Страниц)  •  1,286 Просмотры

Страница 1 из 85

                                        МАЗМҰНЫ

      Кіріспе

1     Қорғасынның металлургиясы

1.1 Қорғасынның физикалық-химиялық қасиеттері

1.2 Қара қорғасынды алу жолдары

1.3 Қорғасын концентратын агломерациялвқ күйдіру

1.4 Қорғасын концентратын шахталық тотықсыздандыра балқыту

1.5 Қара қорғасынды тазарту

1.6 Қорғасын концентратын автогендік әдістермен өңдеу

2    Мырыштың металлургиясы

2.1 Мырышты шикізаттардан бөліа алу жолдары

2.2 Мырыш концентратын күйдіру

2.3 Құрамында мырышы бар материалды ерітінділеу

2.4 Ерітіндіні гидролиттік жолмен тазалау

2.5 Ерітіндіні қоспалардан тазарту

2.6 Мырышты электролизбен бөліп алу

3. Кадмийдің металлургиясы  

4 Әдебиеттер тізімі

     

   6

   7

   7

   8

  11

  19

  28

  36

  37

  39

  40

  41

  43

  44

  44

  46

  47

КІРІСПЕ

Менделеевтің периодтық жүйесіндегі элементтердің сексенге жуығы металлдық қасиеттері бар элементтер.

Металдық күйдің негізгі белгілері:  

  1. металдық жылтырлығы;
  2. мөлдір еместігі;
  3. электр және жылу өткізгіштігі;
  4. пластикалылығы жоғары;
  5. құрылымы крмсталдық түрде;
  6. әр турлі түсті (көбінесе сұр).

Металдың электр өткізгіштігі температураға тәуелді. Температура

жоғарлаған сайын, электр өткізгіштігі төмендейді. Металды өңдеуге және қолдануға олардың химиялық белсенділігі маңызды рөл атқарады. Металдардың химиялық белсенділігі электрохимиялық кернеулік қатармен сипатталады. Кернеулік қатардың электрлік теріс металдар қосындылардан оң электрлік металдарды ығыстырып шығарады. Металдардың электрлік потенциалдары өскен сайын, олардың тұрақтылығы өседі. Металдардың көптігі қасиеттерінің өндіру және қолдану жолдарының әртүрлілігі оларды жіктеу қажеттілігін тудырады. өндірістік жіктеуде металдарды 2 топқа бөлуге болады. Қара металдар(марганец, хром, темір және қортпалары) және түсті металдар.

Түсті металдарды шартты түрде 5 топқа бөлуге болады:

  • негізгі ауыр металдар(Cu,Ni,Zn,Sn,Cо)
  • кіші ауыр металдар(Bi,As,Sb,Cd,Hg – бұлар негізгі ауыр металдардың табиғи серіктес металдары)
  • жеңіл металдар(Al,Mg,Ti)
  • асыл металдар(Au,Ag,Pt)
  • сирек және шашыранды металдар(Tl,In,Ga,Se,Te,Mo)

  1. ҚОРҒАСЫННЫҢ  МЕТАЛЛУРГИЯСЫ
  1. Қорғасынның физикалық және химиялық қасиеттері:

Физикалық қасиеттері- қорғасын көкшіл, сұр түсті металл. Пластикалық қасиеті жоғарғы және механикалық жеңіл өнделеді. Сынған жерінде металдың жылтырлығы жоғары. Балқу температурасы 327,40С, қайнау температурасы 17400 С (15250  С қайнай бастайды). Қатты қорғасын тығыздығы 11,25г/см3 , сұйық 10,69 г/см3 температура өсуімен тығыздығы төмендейді.

Қорғасын салыстырмалы түрде төменгі температурада өте ұшқыш, сондықтан қорғасын өндірісінде техника қауіпсіздігі бойынша тиісті шаралар қолдануы қажет.

Қорғасын бу қысымының температураға тәуелділігі.

t,°C

620

710

820

960

1130

1290

1360

1415

1525

Р,мм.сын.бағ

10-3

10-2

10-1

1

10

50

100

289

760

        

Химиялық қасиеттері- қорғасын периодтық жүйенін 4-ші тобының элементі, реттік номері 82, атомдық салмағы 207,2, валенттілігі 1,4. Химиялық инертті, құрғақ ауада өзгермейді, ылғал ауада Pb2O3 қабығын түзе баяу тотығады. Балқыған қорғасын ауаның қатысуымен шала тотыққа дейін баяу тотығады. Температура өсуімен PbO (глет) түзеді. 330-4000С Pb2O3 –ке өтеді, 450-4700С Pb3O4 түзеді.

...

Скачать:   txt (150.1 Kb)   pdf (815.9 Kb)   docx (1.1 Mb)  
Продолжить читать еще 84 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club