Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Криминалистік идентификация және диагностика

Автор:   •  Октябрь 10, 2019  •  Лабораторная работа  •  1,280 Слов (6 Страниц)  •  1,155 Просмотры

Страница 1 из 6

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

«Бизнес және құқық» факультеті

«Құқықтану» кафедрасы

 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС

                                          Пәні: Криминалистика

                                                                                                                                     

Орындаған: Юп-16-1 студенті Дюсенов А.Н.

Зертханалық жұмыс №1

Тақырып: «Криминалистік идентификация және диагностика»

  1. Жұмыстың мақсаты:

Криминалистикалық диагностика деп тергеуді жүргізуде оқиға жағдайын, құбылыс немесе фактілер мəнін, зерттеудегі объектінің жағдайы мен қасиетін білікті адаммен анықтауды айтамыз.  Жалпы «диагностика» термині гректің diagnostikos - тани білетін деген ұғымды білдіреді. Жоғарыдағыға мысал ретінде, оқиға болған жердегі аяқкиім ізі бойынша адамның шамамен бойын, жынысын, жүру бағыты мен жүріс жылдамдығын, жүк көтергенін, тағы басқа да жағдайларды анықтауға болады.

Криминалистік идентификацияның обьектілерін тізіңіз?

Криминалистикалық идентификацияның ғылыми негіздері материалдық əлемдегі барлық объектілерде болатын мына төмендегі қасиеттермен анықталады:

1) жеке даралық (индивидуальность);

2) салыстырмалы тұрақтылық (относительная устойчивость);

3) объектілердің қоршаған ортада кескінделу (бейнелену) мүмкіндігі

Объектілерді идентификациялық зерттеу мынандай кезеңдерден тұрады:

1. Объектілерді қарау, шешілетін сұрақтарды анықтау.

2. Бөліп зерттеу, эксперимент.

3. Салыстырмалы зерттеу, идентификациялауға жататын жəне идентификациялауға көмектесетін объекті белгілерін салыстыру.

4. Нəтижелерге баға беру жəне қорытынды жасау.

Идентификация жүргізу барысында мынандай нəтижелер алынуы мүмкін:

а) теңдіктің (тождество) болуын анықтау;

б) теңдіктің болмауын анықтау;

в) теңдестіру мүмкіндігі жоқ деген қорытынды (мысалы, белгілердің жеткілікті мөлшерде идентификациялық жиынтығының болмауынан).

2. Теориялық бөлім: Тергеу тəжірибесінде əр түрлі идентификациялық мəселелерді шешу қажеттілігі жиі туындайды. Мысалы, оқиға болған жерде қалған із осы затпен қалдырылған ба, мəйіттің денесінен алынған оқ осы тапаншадан атылған ба, қолмен жазылған мəтінді осы адам жазды ма, куə оқиға болған жерде осы адамды көрді ме деген сияқты көптеген сұрақтарға жауап алуға болады. Мұндай сұрақтарға жауап алу үшін криминалистикалық идентификацияның арнайы əдістерін кеңінен қолданады.

Жалпы алғанда «идентификация» термині латынның іdеntifiсаrе - дəл соның өзі, тең, теңдес, ұқсастыру, сəйкестендіру деген мағынаны білдіреді, яғни белгілі бір объектінің немесе жеке тұлғаның жалпы жəне жекелеген белгілері жиынтығы арқылы бірбіріне теңдестіру деген сөзінен шыққан. Объектіні идентификациялау, яғни белгілі бір объектінің өзіне тəн кескіндері мен бейнелерінің көмегімен салыстырмалы зерттеулер жүргізу арқылы, оның əр уақыттағы жəне əр күйдегі теңдігін, сəйкестігін анықтау болып табылады. Криминалистикалық идентификация қылмыстық іс жүргізуде күдіктінің тексеріліп отырған оқиғаға қатыстылығын оның осы жерде қалдырған іздері, заттары, басқа да материалдық бейнеленулері арқылы анықтаудың негізгі əдістерінің бірі.

Идентификацияның мəні – қалдырған кескіндері арқылы осы объектіні анықтау. Бұл жерде объект жəне кескін кең мағынада қарастырылады. Объектілерге адамдар, олардың киіміндегі заттар, аяқ киім, қылмыс қаруы, транспорт құралдары т.с.с жатқызсақ, ал кескін ретінде əр түрлі іздер, объектілердің бөлшектері, құжаттар, фотокино-бейне көріністер, адамның есінде қалған ойдағы образдарды қарастыруға болады. Əлемдегі барлық материалдық объектілер өзіне-өзі ғана тең, яғни дəл мұндай екінші объект болмайды. Əрбір объект өзінің қасиеттеріне байланысты, өзі тектес басқа объектілерден ерекшеленеді. Басқаша айтқанда, қандай да бір болмасын материалдық объект өзі тектес объектілерге жалпы белгілері ұқсас болғанмен жеке белгілерімен ерекшеленеді. Объектіні идентификациялау дегеніміз, оны қалдырған кескіні арқылы өзімен сəйкестендіру немесе теңестіру. Объектінің өзіменөзінің сəйкестендірілуі оның қайталанбайтындығының куəсі. Сонымен, криминалистикалық, идентификация дегеніміз - нақтылы бір обьектінің қалдырған кескінделуі немесе бөлінділерінің көмегімен анықталған теңдігі.

...

Скачать:   txt (17.2 Kb)   pdf (152.1 Kb)   docx (297.8 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club