Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны
Автор: Ұлпан Сапарова • Декабрь 23, 2021 • Эссе • 473 Слов (2 Страниц) • 2,963 Просмотры
Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны
Дәл қазіргі кезде ең қатты дамып келе жатқан нәрселердің бірі-ол әлеуметтік желі.Күнделікті бізге берілетіні 24 сағат болса біз соның 8-9 сағатын әлеуметтік желіге жұмсайтынымыз өтірік емес.Тіпті кейбіреулер жұмыс жасаудың орнына,уақытын ,әлеуметтік желіге кіріп ,пайдасыз нәрсеге жұмсағанды артық көреді.Уақыт өте келе,адамдар әлеуметтік желіге тәуелді болып барады.Әсіресе бұл жайт жасөспірімдердің арасында белең алып келеді.
Қазіргі таңда,енді тәй-тәй басқан балаға да,еңкейген қарт кісілерге де әлеуметтік желі қызықты.Бұрынғы кездегідей балалар атқа мініп,асық ойнап,ата-апаларымыз немерелеріне ақылын айтып,мына нәрсе дұрыс емес деп айтпайтын да болған. Осы жайт мені қатты қапаландырады. Ал,мына біздер дәл қазір кітап оқып,өрісімізді кеңейтіп,Абай аталарымыздай өмірімізді білім жолына арнаудың орнына,әлеуметтік желіге кіріп,уақытымызды зая өткізгенді жөн санаймыз.
Менің ойымша,әрбір адам баласы өзіне берілген алтындай уақытын бағалап,уақытын пайдалы өткізуі тиіс. Кез-келген нәрсенің пайдасы мен зияны болады демекші,әлеуметтік желінің пайдасы да, зияны да болады.Бірақ алаңдатататын жайт,пайдасынан зиянының басым болуы.Ең біріншіден,әлеуметтік желінің зиянына тоқталып өтсем:
Әлеуметтік желінің ең үлкен зияндарының бірі-денсаулыққа қауіп төнуі.Қазіргі таңда,әлеуметтік желілердегі кейбір кішкентайлар қарауға болмайтын сайттар көбейіп кетті,сол нәрселер жаңадан өсіп келе жатқан кішкентай ғана бүлдіршіндердің психикасына қатты әсерін тигізуде. Мысалы,көп қаралым жинаймыз деп,көп қабатты үйлердің төбесінде суретке түсіп,мерт болып жатқандар қаншама.Қазір іздесең әлеуметтік желіде барлығы бар,кейбір адамдар бұны пайдасы деп есептесе,мен зияны деп есептер едім.Себебі,барлығы дайын ақпаратты ұсынғанды жақсы көреді.Сонда болашақ жастар,оқып талпынбаса,жаңашыл дүниелер ойлап таппаса,біздің болашағымыз не болмақ?Әлеуметтік желінің тағы бір үлкен зияны- танымал боламыз деп,ардан аттап,қазақилығымызды аяққа таптап жатқан жастарымыз да аз емес.Оны мен мына мысалдармен дәлелдей аламын,біздің нар тұлғалы ақын,жазушы аталарымыздың бет-бейнесіне әртүрлі бейнелер қойып, мазақ қылып,желіге салып жатқандар да болды.Желі-дәл қазіргі кездегі үлкен дертке айналды десем де,қателеспеспін.Адамдардың әлеуметтік желіге тәуелді болып кеткендері соншалық,ағайын –туыс,көрші-қолаң бір-бірімен араласуды да қойған.Қазір балалар да өте ашуланшақ,қатігез болып кеткен.Оған себеп,ата-анасының уақыттан тыс,ұялы телефон ұстатауы,баласының, немен айналысып жатқанына назар аудармаулары.Балалар кез-келген нәрсені ашық көре алады.Мысалы атыс,өз-өзіне қол жұмсау деген секілді дүниелерді көру арқылы,психологияларына зиян келтіруде.Дәл осындай нәрселердің кесірінен,балалар арасында бір-бірін ұрып-соғу,өз-өзіне қол жұмсау көбейіп барады.Жоғарыда айтып өткеніміздей,адамдардың бір-біріне деген мейірімділігі қалмаған.Біреу көлік апатына ұшыраса, өрт шықса жан-жағындағы адамдар көмектесудің орнына,ұялы телефондарын алып,бейнероликке түсіріп,әлеуметтік желіге жүктеп,көп қаралым жинасам екен деген,мақсатпен тұрады.Әлеуметтік желіге шыққан,кез-келген ақпаратқа тез сеніп қаламыз.Өкініштісі,көп адамдар,жалған ақпарат таратып та,басқаларға зиянын тигізуде.Әрине,осындай дүниелердің барлығының орын алуы әлеметтік желінің зияны деп ойлаймын.
...