Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар: тарих, әлеуметтану, философия, әлеуметтік жұмыс, экология, валеология

Автор:   •  Апрель 14, 2018  •  Лекция  •  788 Слов (4 Страниц)  •  1,118 Просмотры

Страница 1 из 4
  1. секция. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар: тарих, әлеуметтану, философия, әлеуметтік жұмыс, экология, валеология.

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің Журналистика мамандығының 1 курс студенті, Қостанай қаласы,

Ғылыми жетекшісі: Әлеуметтік ғылымдар магистрі, оқытушы Какимбек Г.У.

Медиа мәтіндердегі «ң» дыбысының қолданысы

Қазіргі Қазақ тіл білімінде тілдік құбылыстардың бірқатары терең зерттелгенімен зерттеуді одан әрі қажет ететін құбылыстар баршылық. Сол құбылыстардың бірі -  «ң» дыбысының дұрыс айтылу, жазылу және қолдану ерекшеліктері. Әрине, «ң» дыбысы мүлдем қарастырылмаған, не зерттелмеген құбылыс деп айту қиын, бірақ оның толық зерттелмеген және әлі де болса қанағаттандыра алмай жатқан жақтары бар. Әр тілдің өзіне ғана тән төл дыбыстары болатыны анық. Бұл дыбыс қырғыз тілінде жоқ болса, керісінше, қазақ тілінде өте жиі кездесетін дыбыстардың қатарына жататын төл дыбысымыз болып табылады. Қазақ тілінің өзіндік бір ерекшелігі де осы дыбысқа байланысты деуге болады.

Балалардың «н» мен «ң»-ды айта алмауының себебін фонематикалық есту-түсінуі дұрыс қалыптаспағанынан. 6 жасқа дейін бала барлық әріптерді толық қамтып айтып үйренеді. Р-л, ш-с, н-ң, ж-з сынды ұқсас дыбыстарды мектеп жасына жеткен бала дұрыс айта алуы керек. Ал дұрыс дыбыстай алмаған жағдайда баланы мектеп логопедіне көрсету қажет. Дефектолог-логопедтер баламен жұмыс жасап, айта алмай жүрген әріптерін орнына қоямыз.

«Н» мен «ң»-ды дыбыстай алмау бірнеше себепке байланысты. Біріншіден, баланың сөйлеу мүшелерінің құрылысы дұрыс қалыптаспағаннан болады. Яғни, баланың тістерінің қисық шығуы, таңдайының биік орналасуы, жағының дұрыс жұмыс жасамауы, ернінің қалың болуы, тағысын тағылар. Бұл кедергілер баланың әріптерді дұрыс дыбыстауына әсер етеді. Екінші себебі, сөйлеу мүшелерінің қимыл-қозғалысының дұрыс болмауынан. Сөйлегенде еріннің, тілдің қозғалысы қалыпты болмауы, қозғалыстың шектеулі болуы әріптерді дұрыс дыбыстауға кедергі келтіреді. Сөйлегенде тіл бір қалыптан екінші қозғалысқа тынымсыз ауысып, жұмыс істейді. Тілдің белгілі қалыпты ұстап тұруы қиындық көрсе, тілдің қалпы, қызметі баяу, нашар болса баланың сөйлеу тілі анық болмайды.

«Н» мен «ң»-ды дыбыстай алмау көбіне тілшіктің қызметіне байланысты. Тілшіктің толық көлемде қимылдамауынан дыбыс мұрын арқылы шығады. Сол кезде ысқырық, ызың (с-ц, ж-з, щ-ц-ч-ц, т.б.) дыбыстар дұрыс шықпайды. Осыған байланысты біз әріптерді дұрыс дыбыстап үйретуге бастайтын түзету жұмыстарын жүргіземіз. Ол үшін баланың бет қимылының бұлшық еттеріне, ерінге, тілге артикуляциялық массаж жасалынады. Мысалы, «ң» мен «н»-ды дыбыстағанда тілдің қалпын балаға ұғындыруымыз керек. «Ң» дегенде тіл ұшы жоғары қарайды, үн мұрыннан шығады. «Н» дегенде тілдің ұшы жоғарғы тістің артына тоқталады. Осыны балаға түсіндіру қажет. Осы жұмыстардан кейін бала «н» мен «ң»-ды, жалпы ұқсас дыбыстарды ажырата алатын болады.

«ң» дыбысын дұрыс айтылуы мен емлесін үйренерде біз мектеп оқушыларына бірқатар фонетикалық жаттығулар жасаттық.

ФОНЕТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР

1-ЖАТТЫҒУ - Төмендегі «ң» әріпі кездесетін буындар мен сөздерді дұрыс айтқанға дейін оқу. Өзіңе таныс әуенге салып айтуға болады. аң – даң – жаң – заң – ұң – қаң– лаң – маң – оң – паң – раң – саң – таң – шаң – ең – бең – жең – зең – кең.

2-ЖАТТЫҒУ - Жоғарыда берілген сөздерді жаттап, сол сөздерді жатқа жазу және кез-келген уақытта айтып жүру.

3-ЖАТТЫҒУ - Көркем әдебиет туындыларын көп оқу, және сөйлем ішінен «ң» әріпі кездесетін сөздерді теріп жазып, сөйлем құрау

...

Скачать:   txt (10.4 Kb)   pdf (272.1 Kb)   docx (87.2 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club