Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану

Автор:   •  Октябрь 6, 2022  •  Лекция  •  3,645 Слов (15 Страниц)  •  284 Просмотры

Страница 1 из 15

1 тақырып. Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану

Дәріс жоспары:    

1.Әлеуметтануға кіріспе

2.Әлеуметтанудың заңдары мен категориялары, функциялары

3.Индивид және қоғам.

4. Әлеуметтік орта және әлеуметтік мінез-құлық.

5. Әлеуметтік шынайылық және ақыл –ой.

    Әлеуметтік қиял.

Дәріс мазмұны:

1.Әлеуметтануға кіріспе

Әлеуметтанудың (халықаралық қолданыста «Социология») ғылым ретінде пайда болуының әлеуметтік-экономикалық және теориялық алғы шарттары бар. Ол  ХІХ ғасырдың бірінші ширегіндегі капитализмнің дамуымен байланысты.  Аталған  тарихи кезеңдегі Батысевропаның  дамыған елдерінде жеке меншік пен нарықтық экономикаға негізделген  капиталистік қатынастардың орнауы, яғни өнеркәсіп өндірісінің оқшауланып, экономика саласына айналуы, тауар айырбасының кеңейіп, күрделілене түсуі, соның нәтижесінде ақша мен сауданың пайда болуы, олардың ортағасырлық қалаларда саудагерлердің қолына шоғырлануы, сөйтіп ақшаның капиталға, пайда табу құралына айналуы қоғамдық қатынастар мен қоғамдық дамуды күрделендіріп, адамдар өмірінде қарама қайшы көзқарастар  туғызды. Қоғамда меркантилизм ілімі басым сипат алды. (Бұл ілімді қолдаушылардың пікірінше, байлық тек сауда саласында ғана пайда болады). Қоғамды осындай өзгерістерге әкелген  өндірістік капитализмнің қалыптасуы ғылымнан қоғамды тәжірибелер арқылы зерттеуді, шаруашылық санақ жүргізу үшін статистикалық деректер жинауды т.б. талап етті. Жаңа қоғамдық құбылыстар мен процесстерді, әлеуметтік таптар мен олардың арасындағы қатынастарды ой елегінен өткізу үшін арнаулы ғылым қажет болды. Осындай қажеттіліктер Әлеуметтану  ғылымының қалыптасуына алғышарт болды.  

Әлеуметтанудың пайда болуын қоғамдық талапқа өзінше үн қосу, жауап беру деп қарауымыз керек. Әлеуметтану қоғамды зерттейтін дербес ғылым саласы ретінде  ХІХ ғасырдың бірінші жартысында қалыптасқандықтан, оған дейін қоғам адамзаттың зерттеу нысанынан тыс қалды деп айтуға болмайды. Яғни, Әлеуметтану ғылымы пайда болғанға дейін  қоғамның өмір сүруі мен дамуы жөнінде түрлі ілімдер Шығыс және Батыс ойшылдарының жалпы философиялық көзқарастарының кұрамдас бөлігі ретінде қарастырылып келген еді. Қоғамның дамуында ғасырлар бойы өзіндік ерекше, бірегей көзқарастар қалыптасып, ол туралы, әсіресе, саясат, мораль, ғылым, дін, өнер мәселелері көне Үнді, көне Қытай, көне грек философтарының, Еуразияның орта ғасырлық және Жаңа заман ойшылдарының еңбектерінде баяндалған болатын.

Алғашқы рет “Социология” ұғымын ғылыми айналымға енгізген   француз ғалымы Огюст Конт ( 1798—1857) болды, ал оны ғылым ретінде дамытқандар М.Вебер, Э.Дюркгейм, К.Маркс, П.Сорокин, Т.Парсонс т.б. болды.

Социология – (латынның “cosіtos”,социум - қоғам, гректің “logos” – ілім) деген сөздерінен құралған,  демек социология тұтастай қоғам туралы ілім.

О.Конттың айтуынша, Әлеуметтану қоғамның тарихын, саясатын, экономикасын, мәдениетін және жалпы дамуын зерттеуші ғылым саласы.      

Әлеуметтану қоғамды, оның барлық жақтарымен тығыз байланыста зерттейді. Ол шынайлықтың кез келген фрагментін мысалы, психологиялық проблемаларды, мемлекетті, нарықтық қатынастарды, мәдениетті, т.б. қоғаммен байланысы позициясынан, яғни қандай да бір мәселенің қоғамдық құрылыстың дамуына қандай әсері бар, оның қоғамда атқаратын қызметі қандай, осы тұрғыда зерттеу жүргізеді. Мысалы, Әлеуметтану дінді белгілі бір сенім жүйесі ретінде емес, адамдар массасына ықпал етуші қоғамдық институт ретінде зерттейді. Ал мәдениет Әлеуметтану үшін, адамдар массасының өмір сүру образы.

Әлеуметтану қоғамды тұтас күйде зерттей отырып, ондағы әлеуметтік таптарды, топтарды және жеке индивидтерді қоғамды дамытушы негізгі күш ретінде қарастырады.

Сондай – ақ, әлеуметтану әлеуметтік өзара әрекеттестік пен даму заңдылықтары, әлеуметтік институттардың қызмет етуі мен ерекшеліктері, қоғамның әлеуметтік құрылымы, әлеуметтік қатынас ерекшеліктері және әлемдік қауымдастықтың даму тенденциялары жайлы түсінік береді. Әлеуметтану адамдарға өз өмірін қамтамасыз етіп, қоғамдық қатынастарды реттеу үшін, ұрпақ тәрбиелеп, қоғамның біртұтастығын сақтап қалу үшін,  адамзаттың өмір сүруі үшін құрған күрделі әлеуметтік жүйені түсіну үшін көмектеседі.

...

Скачать:   txt (51.7 Kb)   pdf (204.1 Kb)   docx (22.6 Kb)  
Продолжить читать еще 14 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club