Контрольная работа по "Журналистике"
Автор: Ayaulym Orynbassarova • Ноябрь 10, 2020 • Контрольная работа • 679 Слов (3 Страниц) • 346 Просмотры
Студент: Орынбасарова Ажар (СӨЖ)
Басылымдарды безендіру элементтерін пайдалана отырып мақала жазу не болмаса газет беттеріне жарияланған мақалаларыңызды талдау
«Макет – газеттің киімі, ал қолыңа іліккен кез-келген киімді талғамсыз үстіне жапсыра салмайсың ғой. Газет безендіру де – үлкен өнер. Орнымен қолданылған түймедей штрих, оймақтай детальдің өзі ойнап кететінін әрдайым ескерген жөн. Жазғаның жарқырап шықсын, оқушысын адаспай тапсын десең, макетке мән бер. Ол – айнаң...» - деп спорт журналистикасының майталманы С. Бердіқұлов текке айтпаса керек. Расында оқырман ақпараттың мәні мен мазмұнынан бөлек, сыртқы дүниесіне ерекше көңіл бөледі. Ол – эстетика, талғам.
Әр мерзімді баспасөздің бағыты, стилі, аудиториясы сияқты басылымның өзіндік сыртқы дизайны болады. Мәселен, қоғамдық-саяси мен білім – мәдениет пен жастар, ғылыми журналдарды бір стильде, бір дизайнда қарауға болмайды. Жалпы дизайндық безендіру жұмысы бүгінгі баспасөздің ерекше назар аудартатын мәселесі болып отыр. Әсіресе бүгінгідей нарық заманында газет пен журналдар арасында бәсекелес артып келеді, оған қоса оқырман талғамы да күн сайын артуда. Әлем сағат сайын жаңа бір цифрлық технологиямен толығуда, ал бұл жаңа технология дизайн сапасының жақсаруын міндеттейді. Мәселен, әлемде жыл сайын «үздік газет пен журнал дизайны» конкурсы өткізеледі. Бұл конкурсқа әлемнің түкпір-түкпірінен елдер қатысады, оның ішінде ең көп елдер Еуропа мемлекеттері мен Америкадан. Біз қолданып жүрген «дизайн» терминінің өзі 1928 жылы АҚШ-та пайда болған екен. Бұл мемлекеттер үшін сән мен дизайн басты назардағы дүние. Мұнда газет дизайны сапасына ерекше көңіл бөлінеді дейді әділ қазылар. Тіпті түстің өзі, орынды сызық пен сапалы сурет, шрифтер газет ақпаратының оқылуына әсер етеді. Соңғы 20 жыл ішінде кескіндік безендіру газеттің ажырамас қыры болып келеді. Интернет пен теледидардың, соңғы жылдары тіпті ұялы байланыстың, күшті бақталас бола алатынын сезінген газет бар күшін безендіру ісіне сарм етуде. Сондықтан газет шығару шеберлері әрдайым жаңа идея мен ойдың жетегінде жүреді. Ал бұл асқан ой шеберлігі мен талғампаздықты қажет етеді.
Негізінен газеттің жобасын жасау барысында басты төрт элементті қолдану арқылы беттің қалай болатынын алдын ала болжайды. Бірінші – сурет, екіншісі – суреттегі бейне жайлы ақпарат, үшінші – мақала тақырыбы, төртінші – мақала мәтіні. Макеттегі оқырман аудартатын нүктенің, суреттің, жарнаманың беттің қай бұрышында тұруы да дизайн сапасына әсер етеді. Бетті ашқан кезде оқырманның көзі бірден сол нүктеге қадалатыны даусыз. Бұл – газет табысы. Осы арқылы оқырманды еріксіз әлдебір материалды оқуға жетелейді. Мұндай нүкте кей басылымдарда тұрақты болуы да мүмкін. Мәселен, «Алаш айнасы» газетінің ашпа беті осы қағиданы басшылыққа алған. Сапалық пен сары басылымдардың арасында әлі күнге дейін бәсекелестік бар. Сары басылымдар оқырманын тарту үшін дизайнға ерекше назар аударатын болса, сапалық мәтін мазмұнына баса мән береді. Нәтижесінде оқырман көзі түскен газетті алғысы келеді.
...