Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Казну имени Әл-Фараби

Автор:   •  Май 19, 2023  •  Статья  •  488 Слов (2 Страниц)  •  193 Просмотры

Страница 1 из 2

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) - Қазақстандағы және Орталық Азиядағы ең көне және жетекші классикалық университеті мәртебесіне ие университеттердің бірі. 1934 жылы 15 қаңтар күні ресми түрде құрылды.

1991 жылы Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін университеттің маңызды міндеті жаңа бастамаларға бет бұру көзделді. ҚазҰУ дамудың бас векторы ретінде әлемдік білім беру жүйесіне дәйекті ілгерілеуді, мамандарды даярлаудың халықаралық стандарттарына көшуді айқындады.     Университеттің мәртебесі айтарлықтай өзгерді, оған егемендіктің бірінші жылында Шығыстың ұлы ойшылы, «Аристотельден кейінгі екінші мұғалім» – Әбу Насыр ибн әл-Фараби есімі берілді. 1993 ж. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің мәртебесі туралы» арнайы қаулысымен университетке автономды мемлекеттік ЖОО мәртебесі берілді және ол Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті болып өзгертілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен «Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының автономды мемлекеттік жоғары оқу орны ретіндегі ерекше мәртебесі туралы ереже 2000 жылы бекітілді. Ал 2001 жылғы 5 шілдеде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен университетке Қазақстанның жоғары оқу орындарының біріншісіне ұлттық университет ерекше мәртебесі берілді. 2006 жылы ҚазҰУ мемлекет тарихындағы алғашқы жоғары оқу орны – Қазақстан Республикасы Президентінің Сапа саласындағы жетістіктері үшін сыйлығының лауреаты болды. Осылайша ҚазҰУ Қазақстанның білімі мен ғылымының инновациялық дамуының ұлттық көшбасшысы атанды.

ҚазҰУ-да әлемдік деңгейдегі заманауи жоғары оқу орны, еліміздің барлық жоғары білім беру жүйесінің тірегі, білікті мамандар ордасы деуге болады.

ҚазҰУ жоғары білікті факультеттер бар және студенттерге заманауи зертханалар, кітапханалар мен жатақханаларды қоса алғанда, заманауи оқу материалдары мен инфрақұрылымға қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Жаратылыстану ғылымдары, Гуманитарлық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар, медицина, инженерия және технология сияқты әртүрлі білім салаларында 200-ден астам бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша  ұсынады.

...

Скачать:   txt (7.4 Kb)   pdf (55.6 Kb)   docx (8.6 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club