Сүт – бағалы өнім
Автор: glieaa • Апрель 10, 2024 • Реферат • 1,423 Слов (6 Страниц) • 103 Просмотры
Жоспар
1. Кіріспе
1.2. Сүт – бағалы өнім
2. Негізгі бөлім
2.1. Сүтті қабылдау
2.2. Сүтті гомогендеу
3. Қорытынды
3.1.Әдебиеттер тізімі
Сүт өнеркәсібі халық шаруашылығының маңызды саласы, сондықтан сүт және сүт өнімдерін өндіру тиімділігі халықтың өмір сүру деңгейіне әсер етеді. Елдің азық-түлік қауіпсіздігі елдің тәуелсіздігін қамтамасыз ете отырып, халықтың сапалы өнімдерді тұтынудың кепілі болады.
Қазақстан Республикасында сүт және сүт өнімдері саласында қарқынды технологиялық және өнімді жаңарту жұмыстары жүзеге асып жатыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында 2017 жылға қарай аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы керек екенін айтқан. Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің болашағы зор. Көптеген позициялар бойынша біз әлемде ірі аграрлық экспорттық өнім өндірушілердің бірі бола алатынын және шикізат өндірісінен сапалы өңделген өнім шығаруға көшу арқылы халықаралық нарықтарда бәсекеге қабілетті болатынын айтты [1].
Қазіргі уақытта мемлекетте сүт өндірісі тұрақтанып, сүт және сүт өнімдері өнеркәсібі дамып келеді. Оның бір жылдық орташа өсімі 4,95% құрайды. Сүт өнеркәсібі жыл сайын өсіп отырғанымен, отандық сүт өнімдерін өндірушілер нарықтағы сүт және сүт өнім-деріне сұранысты толық қанағаттандыра алмай отыр. Осыған байланысты сүт өнімдері импортының үлесі қарқынды дамуда.
Еліміздегі сүт өнімдері импортының көп бөлігін ірімшік, қойытылған сүт, құрғақ сүт, сары май алады. Сүт өнеркәсібіндегі экспорт көлемінің төмендеуіне әсер ететін негізгі себептер: құрғақ сүтті тұтыну көлемінің өсуі және отандық өнімдердің бағалық бәсекеге қабілетсіздігі болып табылады.
Сүт және сүт өнімдері маңызы жағынан халықты тағаммен қамтамасыз етуде екінші орыналады. Қазақстанның сүт индустриясы өнімнің негізгі түрлерін өндіруден одақтық республикалар арасында алдыңғы орындарға ие. Сүт саласы өнеркәсіптің маңызды салаларының бірі болып табылады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жалпы республикада сүт жеткілікті дәрежеде өндірілгенмен, оның 1/3 ғана өңделуден өтеді. Мысалы, 2016 жылы өндірілген өнімнің 31,6% өңдеуден өткен, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 1,4%-ға төмен. Сондықтан ішкі нарықта сүт өнімдерінің импорттық үлесі әдеттегідей жоғары деңгейде. Қазіргі таңда республикамызда сүт өндірісінің құрамында шамамен 186 сүт қабылдау және өңдеу мекемелері бар. Дегенмен қазіргі кезде де өндіріс қуатының жеткіліксіздігі байқалады, кейбір ескіқұрылыстар жаңа техникамен озық технологияны пайдалануға жарамайды. Тоңазытқыштар жетпегендіктен қаймағын алмаған сүт пен майсыз өнімдердің маусымдық қорын дайындау мүмкін емес, себебі сақтау орын көлемі өте аз.
2014 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 5,0 млн тоннадан астам сүт өндірілді, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықтарда 82%, ауыл шаруашылығы құрылымында 18%. Оған қоса, сүтті қайта өңдеу үлесі жалпы өндіріс көлемінің 40% құрайды [2].
Сүт өндіру кешені өте күрделі жүйе, барлық элементтері өзара байланысты, бірін бірі толыктыра алады, сатып алу, сату функцияларын, тасымалдау, өңдеу факторлары тығыз байланыста. Сүт өнімдерінің ішкі нарығы Қазақстанда 2020 жылы сүт эквивалентінде шамамен 1,6 млн. Тоннаны құрауы мүмкін, оның ішінде жергілікті өнім сүт эквивалентінде шамамен 1,5млн.тоннаны құрауы мүмкін[3].
Кейбір дүниежүзі елдері өнімдердің сапасын жақсарту мақсатында экологиялық тазалық үшін күресті кеңейте отырып, химиялық тыңайтқыштар басқа да химикаттар қолданбайтын шаруашылықтардан шикізат таралып, экологиялық таза тағамдар шығара бастады. Мысалы, Данияда мұндай сүттің бағасы 20% жоғары. Бифидогендік қасиеті бар сүт қышқылды өнім болып саналады [4].
Пастерлеу – сүттің сақтау мерзімін арттыру үшін жүргізетін жылу процесі. Пастерлеудің түрлері – ультражоғары температуралық өңдеу (УВТ) және термизация.
...