Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Цифрлы тарату жүйелері

Автор:   •  Май 20, 2018  •  Курсовая работа  •  5,453 Слов (22 Страниц)  •  1,317 Просмотры

Страница 1 из 22

КІРІСПЕ

Бұл курстық жұмыста «Байланыс жолы» пәні бойынша біз желіні таңдап және таңдаған кабельдің параметрлеріне есептеу жүргіземіз.

Жалпы байланыс жолы (Линия связи) — электр сигналының берушіге жеткізілуін қамтамасыз ететін техникалық құрылғылар мен табиғи немесе жасанды орта жиынтығы болып табылады. Байланыс жолы электрлік, дыбыстық (акустикалық) жөне оптикалық болуы мүмкін. Кең таралган электрлік байланыс жолының қатарына: сымдық/өткізгіштік (өуе немесе кабель), радио (радиорелейлік, жерсеріктік және т.б.), оптикалық (кабельдік) және атмосфералық жолдар жатады. Әуе байланыс жолы изоляторлар арқылы ағаш немесе темір-бетон бағаналарға ілініп тартылған изоляцияланбаған металл немесе биметалл сымдардан тұрады. Кабельдік байланыс жолы жер астына тікелей немесе канализация құбырлары арқылы төселіп көміледі, су асты аркылы тартылады, тіректерге де ілінеді, үй қабырғаларына бекітіліп те тартылады.

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты ретінде, әр түрлі байланыс жолдарына арналған бағыттаушы байланыс жүйелерінің параметрлері мен электрлік сипаттамаларын есептеу және тәжірибелерін жетілдіру болып табылады. Негізгі берілген бастапқы мәліметтерді пайдалана отырып, кабельдің маркасы бойынша құрылымын қарастырып, қоладанылу аймағымен танысып, сызбасын сызамыз. Келесі бөлімде байланыс құрылыстарын ішкі әсерлерден қорғау, байланыс құрылыстарын тотығудан қорғау, кейін құрылыс трассасын таңдау арқылы, сол бойынша сызба сызамыз. Байланыс кабельдердің төселуі және ілуі жайында және де байланыс кабельдеріне мантаж жасаумен таныс боламыз.

Бұл курстық жұмыс сипаттамаға ие, яғни бұл жағдайда элементтер мен құрылғыларды өңдеу және жете есептеу талап етілмейді. Курстық жұмысты орындау кезінде байланыс жолдары бойында есептеулердің қысқартылған әдістемелерін қолданып, жобаланатын байланыс жолының ортақ параметрлерін анықтау керек.

1 ТАРАТУ ЖҮЙЕСІ, БАЙЛАНЫС ЖОЛДАРЫНЫҢ ТИПТЕРІ, КАБЕЛЬ ТАҢБАСЫ (МАРКАСЫ)

Тарату жүйесін, байланыс жолының үлгісін, кабель маркасын таңдау талап етілетін арналар саны мен магистраль қуатын талдау негізінде іске асырылады. Арналар саны магистраль трассасы бойында орнасқан соңғы және аралықтағы қоныстанған пункттерге қалааралық байланыстың қажеттілігімен, жалпы айтқанда магистральді және аймақтық желілер жұмысының сенімділігі мен тұрақтылығын, ыңғайлылығын арттыру үшін резервті арналарды құрумен анықталады. Төмендегі 1.1-кестеде таңдалған кабель бойынша тарату жүйесі көрсетілген.

1.1-кесте. Цифрлы тарату жүйелері

Таратужүйесі

Таратужылдамдығы (мБит/с)

Кабель үлгісі

Күшейтілетінтелімұзындығы, км

Біріншілік ИКМ-30

Екіншілік ИКМ-120

Үшіншілік ИКМ-480

Төртіншілік ИКМ-1920

2

8,45

34

140

СК – симметриялық СК

КК – коаксиалды

КК

10

5

6

3

Кабель үлгісі мен сыйымдылығын және байланыс жолының тарату жүйесін таңдау біріншілік және екіншілік желілердегі арналар санымен анықталатын байланыс жолының жобаланатын қуатын ескере отырып іске асырылады. Таңдалған кабель үлгісі бойынша оның параметрлері анықталады: ені бойынша сыйымдылығы, индуктивтілігі, кедергісі; өшулік коэффициенті, фазасы, таралу жылдамдығы.

  1. Екіншілік ИКМ-120

Бұл тарату жүйесі қалалық АТС пен қаласыртындағы АТС арасында ТЖ 30 арнасы арқылы төменгі жиілікті кабельдің қағазд және полиэтиленді изоляциясы бар диаметрі 0,5, 0,6 және 0,7мм байланыстырады. Сонымен қатар ИКМ – 30 цифрлы тарату жүйесі үшін арна үзіліссіз құрылғы ретінде қолданылады. Жүйе бір кабельдік және екі кабельдік болып құрыла алады. Бір кабельді қолданғанда қарама – қарсы бағыттағы мәлімет тарату қайтагенерациялауда бір кабельдің әртүрлі сыныарларына , ал екі кабельдік әртүрлі кабельдер түрінің сыңарлары қосылады. Бірінші жағдайда өтпелі өшудің көлеміне байланысты сыңарлары таңдалады 2 кабель. Жүйеде цифрлы сызықты тракт барлық кабель сыңарларында қалыптасуы мүмкін, сол кезде кабельдік сыйымдылық 13 – 14 рет ұлғаяды, ал бір кабельдік жүйеде 10 рет қана, өйткені 1/3 кабель сыйымдылығы қолданылады.

...

Скачать:   txt (77.4 Kb)   pdf (1 Mb)   docx (732 Kb)  
Продолжить читать еще 21 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club