Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Өсімдік және жануарлар қорларын қорғау шаралары

Автор:   •  Апрель 8, 2020  •  Реферат  •  1,194 Слов (5 Страниц)  •  728 Просмотры

Страница 1 из 5

12 тақырып. Өсімдік және жануарлар қорларын қорғау шаралары.

Тапсырмалар:

1. «Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар» (таңдау бойынша) тақырыбында реферат дайындау.

2. PowerPoint бағдарламасын қолдана отырып, 2 студенттен құралған топ «ҚР қорықтары» тақырыбында (таңдау бойынша) презентация-слайд жасау. Жұмысты өзі жасаған карта-схема, график, диаграмма т.б. безендіру.

3. Қазақстанның кескін картасына қорғауға алынған табиғаттың ірі нысандарын түсіру. Өз облыс, аудандарыңда жаңа табиғат қорғау нысандарын ашуды дәлелде.

4. «Өсімдік және жануарлар қорларын қорғау шаралары» тақырыбы бойынша 10 тест сұрақтарын дайындау.

‎1Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар – қоршаған табиғи ортаны қорғауға байланысты мемлекет және жеке адамдар тарапынан арнайы бөлініп қорғауға алынған жер телімдері мен су айдындарының жеке бөлімдері. Қазіргі кезде дүние жүзінде Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың саны 13 мыңнан асты, бұл Жер бетінің 8,5 %-ына тең. Халықар. жіктеу бойынша Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар 10 топқа бөлінеді: 1. Қатаң түрде қорғалатын табиғи-ғыл. резерваттар; 2. Ұлттық саябақтар; 3. Табиғат ескерткіштері мен табиғаттың ерекше көрікті нысандары; 4. Табиғат қорғауға арналған резерваттар; 5. Қорғалатын ландшафтылар; 6. Табиғат ресурстарын сақтауға арналған резерваттар; 7. Антропол. резерваттар (адамның іс-әрекеттерімен жасалған нысандарды қорғау); 8. Жергілікті жердің өзіне тән табиғаты қорғалатын және түрлі мақсатта пайдаланатын аумақтар; 9. Биосфералық резерваттар; 10. Бүкіләлемдік маңызы бар тарихи және табиғи орындар.Қазақстан Республикасы 2006 ж. 7 шілдесінде қабылданған «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңының 4-тарауының 4-бабында респ. маңызы бар Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы түрлері: мемлекеттік табиғи қорықтар; мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар; мемл. табиғи резерваттар; мемлекеттік зоология саябақтар; мемлекеттік ботаникалық саябақтар; мемлекеттік дендрол. саябақтар; мемлекеттік табиғат ескерткіштері; мемлекеттік табиғи қорықшалар; мемлекеттік қорықтық аймақтар. Қазақстан бойынша Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға: 10 мемлекеттік қорықтар, 10 мемлекеттік ұлттық саябақтар; 3 табиғи резерваттар; 49 табиғи қорықшалар, 127 геологиялық табиғи-қорықтық қор, 5 қорықтық аймақ, 6 ботаникалық және 3 зоологиялық бақтар, 26 мемлекеттік табиғат ескерткіштері, 2 ірі резерват (Семей, Ертіс орманы) бар. Бұлардың жалпы аумағы 2 млн. га-дан астам. Бұл көрсеткіш республиканың жалпы жер аум-ның 8%-ына тең. Халықар. стандарт бойынша әрбір мемлекеттің жалпы жер аумағының 10 – 12%-ы Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға бөлінуі тиіс. Мыс., мұндай көрсеткіш Германияда 31,5%, АҚШ-та 15,8%, Жапонияда 14%, т.б. 2008 ж. Дүниежүзілік мұралар комитетінің 32-сессиясының шешімімен ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік табиғи мұралар тізіміне, Орт. Азия мен Қазақстан бойынша алғаш рет Қорғалжын қорығы мен Наурызым қорығы енгізілді.

2 Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы – Ақмола облысы Қорғалжын ауданында 1968 жылы 16 сәуірде құрылған аумағы бойынша Қазақстан Республикасының ең ірі қорықтарының бірі болып табылады. Қорық заңды тұлға мәртебесіне иеленіп табиғи процестердің, үлгілі және бірегей экологиялық жүйелердің, өсімдік және жануарлар дүниесінің биологиялық алуантүрлігі мен генетикалық қорының жаратылыс қалпы мен дамытуда сақтау және зерделеу бойынша қызметтерін жүзеге асыруға бағытталған. Осы үшін Қазақ КСР Министірлер Кеңесінің № 214 Қаулысымен ұйымдастырылған. Қору аумағы 543 171 га, қорғау аумағы 89360 га, жалпы көлемі 632531 га құрайды. Жер аумағы 258,9 мың га (2003). Қорық аумағында 123 үлкенді-кішілі, ашылы-тұшылы көлдер бар. Олардың ішінде әйгілі үлкен, кіші Теңіз көлдері, Керей, Қыпшақ болса, тұсшы Қорғалжын, Есей, Сұлтанкелді, Қоқай, Асаубалық, Жаманкөл, Жабай, Табанқазы, үлкен, кіші Қаракөл, Манат, Суберген, Тоқтамыс, Базар, Сары және Қызыл көлдер болады. Осы

...

Скачать:   txt (17 Kb)   pdf (53.8 Kb)   docx (11.5 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club