Отчет по практике в «Қазақстан Халық Банкі» АҚ
Автор: minura234 • Июнь 1, 2021 • Отчет по практике • 7,281 Слов (30 Страниц) • 858 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
НАРХОЗ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
[pic 1]
ТАНЫСУ ТӘЖІРИБЕСІ БОЙЫНША ЕСЕП
1 КУРС СТУДЕНТІ 0516000-«ҚАРЖЫ» МАМАНДЫҒЫ
(САЛАЛАР БОЙЫНША)
Орындаған: Жандар Гүлім
Тексерген:Молдыбаева Т.К.
Алматы 2021
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ...................................................................................................................3
1. Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі бойынша нұсқау ...........................5
2. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ қызметін жоспарлау бойынша құжаттармен танысу................7
3. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Кәсіпорынның қаржы қызметі жұмыстарымен танысу ...........17
4. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ есеп саясаты...................................................................................22
5. Материалды жинақтау және тәжірибе бойынша есепті рәсімдеу..............24
Қорытынды............................................................................................................26
Қолданылған әдебиеттер тізімдері.....................................................................28
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Мен, Жандар Гүлім « Қаржы » мамандығының студентімін, танысу тәжірибесін 2021 жылдың мамыр айында 24-10 уақыт аралығында Нархоз университетінің экономикалық колледжінде «Қазақстан Халық Банкі» АҚ – ын мысалға ала отырып танысу тәжірибесі есебін әзірледім.
Танысу тәжірибесі есебін жазу барысында алдыма төмендігі аталып отырған мақсаттарды қойдым:
- қаржылық есепті және есеп беруді ұйымдастыру мәселелері бойынша нормативті-құқықтық актілерді және нұсқаулық материалдарды қолдануды;
- бастапқы бухгалтерлік құжаттарды құруды және толтыруды;
- шаруашылық операциялары бойынша шоттар корреспонденциясын құруды;
- кәсіпорынның қаржылық көрсеткіштерін анықтап және талдау жасадым.
Танысу тәжірибесінің міндеттері;
-кәсіптік қызметпен танысу және таңдау алынған мамандық бойынша
алғашқы тәжірибелік біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру;
-таңдап алынған мамандыққа қызығушылықтарын тәрбиелеу және
теориялық білімдерін саналы түрде игеруге талпындыру деп түсінемін
Танысу тәжірибесінің өтуінің мақсаты: танысу тәжірибесі бойынша есеп берудің өзектілігі мысалы ретінде «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ын толық зерттеп, қаржылық жағдайына, есеп саясатына, ақша қаражаттарымен жүргізілген операцияларға және де бастапқы құжаттарымен таныстым.
Осыған қоса теориялық сабақтарда алған білімді танысу тәжірибесінде бекіту және тереңдету болып табылады.
Танысу тәжірибесінде «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ын зерттеу себебім компания бойынша барлық деректер мен ақпарат табылып, оған талдау жасау мен баға беруге жағдай жасалды. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның негізі қайта құрылған Қазақстан Республикасы Жинақ банкінің базасында қаланған. Халық Банкінің бүгінгі тарихы – бұл оны жекешелендіру және құрылымдық қайта құру процесі ғана емес. Бұл жаңа банктік технологияларды үздіксіз ендіру, қызметтер спектрін кеңейту процесі, жинақ салымдары жүйесін жаңа талаптар бойынша толық сақтауға және жетілдіруге бағытталған ауқымды стратегия, филиалдық инфрақұрылымы дамыған «сатылас біріктірілген» банктік құрылымды жасау процесі. Бұл қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникативтік технологияларды ескере отырып Қазақстан Халық Банкінің басты міндеттерін – зейнетақы, жалақы төлеу, салықтық, коммуналдық және басқа да төлемдерді қабылдау, шағын және орта кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету міндеттерін шешуге бағдар жасау процесі. Халық банкі (Halyk Bank) 2019 жылғы Қазақстан Республикасының ең жақсы корпоративтік және инвестициялық банкі атағын алған болатын.
...