Қылмыстық процесте сот сараптамасын тағайындау, жүргізуді ұйымдастыру, зерттеу
Автор: Амина БУЛЕГЕНОВА • Сентябрь 21, 2021 • Лекция • 1,267 Слов (6 Страниц) • 574 Просмотры
4 Дәріс.
Тақырып: Қылмыстық процесте сот сараптамасын тағайындау, жүргізуді ұйымдастыру, зерттеу.
Жоспар:
1. Сот сараптамасын тағайындау мен жүргізу негіздері
2. Сот сараптамасын жүргізуді ұйымдастыру
3. Сарапшылық зерттеу түсінігі мен сатылары
4. Сарапшылық зерттеу нәтижелерін ресімдеу
Мақсаты: Сот сараптамасын тағайындау, ұйымдастыру, зерттеу нәтижелерін ресімдеуді түсіну мен бекіту.
Негізгі ұғымдары: Сараптама тағайындаудың негіздері, сот сараптамасын жүргізуді ұйымдастыру,сарапшылық зерттеу түсінігі мен сатылары, дайындық, сот сараптамасының объектілерін бөлек зерттеу сатылары, салыстырмалы зерттеу сатылары, зерттеу нәтижелерін бағалау және сарапшының қорытындыларын, сарапшылық зерттеу нәтижелерін ресімдеу.
1.Сот сарараптамасын тағайындау мен жүргізудің негіздері.
Заңға сәйкес сараптаманы анықтаушы, анықтау органы, тергеуші, прокурор, сот тағайындауы мүмкін. Тергеуші сараптаманы қылмыстық істі қозғау сатысында және алдын ала тергеу жүргізу кезінде тағайындайды. Анықтау органы, анықтаушы сараптаманы қылмыстық істі қозғау сатысында және алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес сол істер бойынша анықтау жүргізу кезінде, қылмыстық істі қозғау туралы мәселені шешу үшін оның нәтижелері қажет болған жағдайда прокурор тағайындауға құқылы. Сараптама тағайындаудың негізі нақты және заңды деп бөлінеді.
Сараптама тағайындаудың нақты негізі іс бойынша іс жүргізу барысында, бір жағынан, қылмыстық процесті жүргізуші органның қарамағындағы бар іс бойынша ақпаратты, екінші жағынан, оның істің мән-жайларын арнаулы ғылыми білім негізінде анықтау қажеттілігін сипаттайтын проблемалық танымдық ситуациялардың туындауы болып табылады.
Сараптаманы тағайындаудың заңды негізі арнаулы ғылыми білімдерді пайдаланумен мәселелерді шешудің қажеттілігі расталатын іс материалдары болып табылады.
Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында сараптама істі қозғау туралы шешім қабылданған кезде, сондай-ақ анықтау немесе алдын ала тергеу сатысында тағайындалады.
Комиссиялық сараптама бір мамандықтағы сарапшылардың күрделі сарапшылық зерттеу жүргізу қажеттілігі жағдайында тағайындалады.
Кешенді сараптама іс бойынша бір мән-жайды анықтау үшін әр түрлі сарапшылық мамандықтардың негізінде зерттеулер жүргізу қажет болғанда тағайындалады.
Қосымша сараптама қорытынды толық және жеткілікті түрде айқын болмаған, сондай-ақ осының алдындағы зерттеумен байланысты туындаған қосымша мәселелер туындаған жағдайда негізгі жүргізілгеннен кейін тағайындалады.
Қайталама сараптама сарапшының алдыңғы қорытындысы жеткілікті түрде негізді болмағанда не оның дұрыстығы күмәнді болған не сараптама тағайындау мен жүргізудің іс жүргізу нормалары елеулі түрде бұзылған жағдайларда дәл сол объектілерді зерттеу және сол мәселелерді шешу үшін тағайындалады.
Сот сараптамасын жүргізу негіздері Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде, сондай-ақ "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген. Сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) сот сараптамасы органының басшысына не ССҚ туралы заңның 19-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын адамға сот-сараптамалық зерттеулерді жүргізу және қорытынды беру үшін қажетті зерттеу объектілерін және өзге де материалдарды ұсынады. Тірі адамдарға сот сараптамасын жүргізу ерекшеліктері ССҚ туралы заңның 6-тарауында айқындалады.
2. Сот сараптамасын жүргізуді ұйымдастыру
Сот сараптамасы органының сот сараптамасын жүргізуі. Сот сараптамасы органы басшысының өкілеттігі.
Қазақстан Республикасында сот сараптамасын сот сараптама органдары немесе сот сараптама органдарының қызметкерлері болып табылмайтын адамдар жүргізе алады. Олардың толық тізбесі «Сот сараптамасы туралы» заңының 4-бабында көрсетілген:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы және оның аймақтық бөлімшелері;
2.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Сот медецинасы орталығы және оның аймақтық бөлімшелері;
...