Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Текелі қаласының прокуратурасында кәсіби тәжірибеден өту жөніндегі жеке жоспары

Автор:   •  Март 11, 2022  •  Отчет по практике  •  1,369 Слов (6 Страниц)  •  190 Просмотры

Страница 1 из 6

Студент Жарылқасын Эльдар Маратұлының 2021 жылдың қаңтар айының 11 мен наурыз айының 5 аралығында Алматы облысы Текелі қаласының прокуратурасында кәсіби тәжірибеден өту жөніндегі жеке жоспары

бойынша атқарған жұмыстары туралы

ЕСЕБІ

        2021 жылдың қаңтар айының 11 мен наурыз айының 5 аралығында Алматы облысы Текелі қаласының прокуратурасында кәсіби тәжірибеден өттім. Кәсіби тәжірибенің жетекшісі ретінде қала прокуратурасының прокуроры Ж.Е. Иманғалиев тағайындалды.

Кәсіби тәжірибенің алғашқы күндері қала прокуратурасының құрылымы, қызметі және негізгі бағыттарымен таныстым.

        Кәсіби тәжірибені өту барысында Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 12.02.2018 жылғы №19 Бұйрығымен бекітілген «Қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру бойынша нұсқаулықпен» танысып зерделедім.

        Мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардың, сондай-ақ олар қабылдайтын актілер мен шешімдерін, заңды күшіне енген сот актілерін, атқарушылық іс жүргізу, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сотта мемлекет мүдделерін білдіру бойынша қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі ҚР Бас Прокурорының №60 бұйрығымен бекітілген нұсқаулықты зерделедім.

Текелі қаласының прокуратурасының ұйымдастырылуымен, жоспарлауымен және ережелерімен таныстым. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрықтары мен нұсқаулықтарын зерделедім.

        «Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы 2017 жылғы 30 маусымдағы № 81-VI», «Құқық қорғау қызметі туралы 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 380-IV.», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ЗРК», Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің этикалық нормалары мен мінез-құлық ережелерін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» заңдарды зерделедім.

        Прокуратура органдарындағы кеңсе жұмысының, ұйымдастырушылық және бақылау жұмыстарының негіздерімен таныстым («Кадагалау» АЖ, «Веб-портал», «AIS EUSS» және т.б.).

Мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардың, сондай-ақ олар қабылдайтын актілер мен шешімдерін, заңды күшіне енген сот актілерін, атқарушылық іс жүргізу, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сотта мемлекет мүдделерін білдіру бойынша қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі ҚР Бас Прокурорының №60 бұйрығымен бекітілген нұсқаулықты зерделедім.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының №19 бұйрығымен бекітілген қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты зерделедім.

Текелі қаласының прокуратурасының прокуроры А.Нүкебаевпен бірге қылмыстық істі қысқарту туралы қаулының күшін жою туралы қаулы жобасын дайындадым. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің толықтығы мен заңдылығын тексердім. Қылмыстық іс бойынша айыптау қорытындысымен қарап таныстым. Қысқартылған, тоқтатылған қылмыстық істерді қарап таныстым. Қылмыстық істер бойынша нұсқаулық жобасын дайындадым.

Қылмыстық істерді тоқтату туралы қаулыларды бас тарту туралы қаулыларды дайындап, прокурор орынбасарына тексеріске жібердім.

Осы қаулыларды дайындау үшін қала прокуратурасына келіп түскен қылмыстық істерді басынан бастап, яғни арыз түскен күннен немесе қылмыстық құқық бұзушылық орын алды деген баянат хабарланған сәттен бастап, қылмыстық істі тоқтату туралы қаулыға дейін бұзушылықтар орын алмадыма деген мақсатпен тексеріп шықтым. Тексеріс барысында басты негіз ретінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық процессуалдық кодексінің нормалары болып табылады.

...

Скачать:   txt (17.9 Kb)   pdf (108.5 Kb)   docx (12.5 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club