Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Құқықтық норма. Құқықтық мәдениет және құқықтық нигилизм. Қазақстан республикасының құқықтық жүйесі

Автор:   •  Декабрь 11, 2021  •  Реферат  •  3,122 Слов (13 Страниц)  •  654 Просмотры

Страница 1 из 13

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

[pic 1]

Факультеті: «Заң факультеті»

Кафедрасы: «Құқықтану»

СӨЖ

Тақырыбы: Құқықтық норма. Құқықтық мәдениет және құқықтық нигилизм. Қазақстан республикасының құқықтық жүйесі

                                     Орындаған: Амангелді Нұрсауле

                                     Тексерген: Турсынкулова Динара

Алматы, 2021ж

1. Құқықтық норма – мемлекетпен бекітілетін, мәжбүрлі күшке ие және қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталатын жалпыға міндетті, формальды түрде анықталған жүріс-тұрыс ережелері.

Құқықтық норманың белгілеріне мыналар жатады:

 1) Жалпыға міндетті сипаты - алуан түрлі өмірлік жағдайларға және тұлғалардың ауқымды шеңберіне таралатын жалпыға міндетті жүріс-тұрыс ережелерінен көрініс табады; мемлекет құқықтық нормаларды нақты бір жеке тұлғаларға емес, барлық субьектілерге – жеке және заңды тұлғаларға бағыттайды;

 2) Формальды түрде анықталуы – жазбаша түрде ресми құжаттарда бекітіледі; сол арқылы ол субьектілер жүріс-тұрыстарының шегін нақты және қатаң белгілейді;

 3) Мемлекетпен байланысы - мемлекеттік органдармен немесе қоғамдық ұйымдармен бекітіледі және мемлекеттік ықпал ету шараларымен қамтамасыз етіледі;

4) Ұсынушы-міндеттеуші сипаты - адамдардың мүмкін және міндетті жүріс-тұрысына қатысты мемлекеттің биліктік нұсқауы болып табылады;

5) Микрожүйелігі - құқықтық норма гипотеза, диспозиция және санкция өзара байланысты, өзара реттелген элементтерден тұратын ерекше микрожүйе болып табылады.

Құқықтық норманың түрлері:

  • Реттейтін
  • Қорғайтын
  • Тыйым салатын
  • Көтермелейтін
  • Міндеттейтін
  • Құқықты анықтайтын, белгілейтін
  • Норма-принциптер
  • Норма-анықтамалар

Құқықтық норма үш элементтен тұрады:

- гипотезадан;

- диспозициядан;

- санкциядан тұрады.

Гипотеза – құқықтық норманың әрекет ету және оны қолдану мән-жайларын көрсететін элементі.

Құқықтық нормалардың гипотезалары келесі негіздер бойынша жіктелуі мүмкін:

1) мазмұнының сипаты бойыншша: жалпы және нақты;

2) анықталу дәрежесі бойынша: абсолютті анықталған, абсолютті анықталмаған, салыстырмалы;

3) күрделілік дәрежесіне байланысты біртекті  және құрамдас.

Диспозиция – бұл гипотезада көрсетілген заңды фактілер туындағанда субъектілердің жүріс-тұрыс үлгісін анықтайтын құқықтық норма элементі. Диспозициялар түрлі сипатқа ие және келесідей түрлерге жіктеледі:

а) сипаттау тәсілі бойынша: жай, сипаттаушы, сілтеме жасайтын, бланкеттік;

б) құқықтық бағытталуы бойынша: ұсынып-міндеттеуші,  міндеттеуші, өкілеттік беретін, ұсынушы, тыйым салушы.

Санкция – бұл диспозицияны жүзеге асырушы субьект үшән салдар тудыратын құқықтық норма элементі.

Олар жағымсыз негативті, жағымсыз және позитивті деп бөлінеді.

Құқықтық норма мен Нормативтік акт бабының арақатынасы

Құқықтық норма мен нормативтік актінің бабы бір мағынаны білдірмейді, олар сәйкес келуі де мүмкін. Құқықтық норма – гипотеза, диспозиция мен санкциядан тұратын жүріс-тұрыс ережесі, ал заң шығару актісінің бабы – мемлекет еркінің көрініс табу нысаны, құқықтық норманы іске асыру құралы.

Құқықтық норма мазмұн ретінде өзінің сыртқы нысаны түрінде көрініс табатын нормативтік актінің бабымен түрліше қатынаста болады. Жүріс-тұрыс ережелерін мазмұндау барысынды заң шығарушы:

...

Скачать:   txt (49.5 Kb)   pdf (3.6 Mb)   docx (3.6 Mb)  
Продолжить читать еще 12 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club