Құқықтық мемлекетті құру принциптері қандай
Автор: togzhan5565 • Сентябрь 23, 2021 • Лекция • 437 Слов (2 Страниц) • 643 Просмотры
БӨЖ:
1.Мемлекет пен оның органдары қызметінің принциптері қандай.
2.ҚР зайырлы мемлекет екенін дәлелдеңіз.
3. Құқықтық мемлекетті құру принциптері қандай.
4. Мемлекеттің әлеуметтік қызметі неде?
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мемлекет қызметін іске асыру нысаны бойынша — өкілді, атқарушы, сот, прокуратура және өзге де бақылаушы-қадағалаушы органдарға бөлінеді. Бұл органдар заң шығарушы, атқарушы және сот билігіне бөлу қағидатына негізделген; дәрежесіне қарай — орталық және жергілікті болып жіктеледі, өкілеттіктің мерзімі бойынша — тұрақты (қызмет мерзімі шектелмей құрылады) және уақытша (қысқа мерзімді мақсаттарға жету үшін құрылады); құзыретін жүзеге асыру тәртібі бойынша — алқалы (Парламент) және дара (Президент) басшылық; қызметінің құқылық нысаны бойынша — құқық шығарушы, қүқық қолданушы және құқық қорғаушы, қызметінің сипатына қарай — жалпы (Үкімет) және арнаулы (министрліктер) органдар болып бөлінеді.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік органдарды құру және олардың қызмет етуін айқындаушы негізгі қағидат билікті бөлу теориясы болып табылады. Заң шығарушы биліктің тармағы — бұл Қазақстан Республикасының өкілді органы: Парламент.
ҚР атқарушы органдарына ҚР Үкіметі, министрліктер, комитеттер, агенстволар, департаменттер, әкімшіліктер және оның басқарушы органдары жатады.
2. Қазақстан Республикасының Ата Заңы- Конституциясының 1-бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.» деп жазылған. Бұл – Қазақстанда ешқандай дін мемлекеттік емес, қай дінді жүрегімен қабылдауы немесе ешқандай дінге кірмеуі- азаматтың өз еркі дегенді білдіреді.
3. Құқықтық мемелкет дегеніміз, көп өлшемді даму үстіндегі құбылыс. Қоғам дамуының жетілу кезеңінде, жаңа қасиеттерді бойына сіңіреді және қоғамның дамуындағы кейбір ерекшеліктердің деңгейіне сай жаңа мазмұндармен баиды. Құқықтық мемлекет, ең алдымен мемлекеттік билікті Конститутцияға сай ұйымдастыру нысаны және құқық нормаларының әрекетімен бірге құрылады. Құқықтық мемлекеттің экономикалық негізіне, көптүрлі меншік нысандарының құқықтық тәртіптеріне сүйенген өндірістік қатынастар жатады. Яғни, тең құқықты және бірдей деңгейдегі заңмен қорғалатын субъектілер мемлекеттік, ұжымдық, арендалық, жекешеленген акционерлік кооперативтер жатады. Құқықтық мемлекеттің әлеуметтік негізін, өзін-өзі реттеуге қабілеті бар азаматтық қоғам құрайды. Азаматтық қоғам бос азаматтарды біріктіреді, оның ортасында әр түрлі мүдделері бар адам тұрады. Әлеуметтік институттардың қоғамдық жүйесі, әр азаматтың мүдделеріне сәйкес келетін, құқық нормалары арқылы шығармашылық, еңбек етуге қажетті жағдайлардың бәрін жасайды, ой плюрализмі, бостандығы қамтамасыз етіледі. «Құқықтық мемлекет – тәуелсіз мемлекет, ол өз бойына бүкіл халықтың ұлттың және елді мекендейтін аз ұлттардың тәуелсіздігін жинайды»
...