Ф.Энгельс «Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы»
Автор: Рабига Аршабаева • Декабрь 5, 2021 • Эссе • 772 Слов (4 Страниц) • 1,747 Просмотры
ЭССЕ
Ф.Энгельс «Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы»
«Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы» - неміс ойшылы Фридрих Энгельстің отбасы, жеке меншік, мемлекеттің пайда болуы, алғашқы тарихтың даму мәселелерін қозғаған ерекше туындысы. Бұл кітаптың ең алғашқы басылымы 1884 жылы жарық көреді. Осы жұмысында Энгельс Морган, Маркс және басқа да ғалымдардың мәліметтерін өңдеп, оған қосымша толықтырулар жасап, өзінің көзқарасын білдіріп, еңбегін жазады. Негізінен шығарма 9 бөлімнен құралып, көптеген теория мен мәліметтерден тұрады.
Ф.Энгельстің шығармасындағы бірінші бөлім «Мәдениеттің тарихқа дейінгі кезеңдері» деп аталады. Мұнда автор адамзат өмірінің негізгі үш кезеңін ажыратады: тағылық, варварлық және өркениет. Осы алғашқы екі кезең төменгі, орта және жоғарғы деңгейлерден тұрады. Егерде әрқайсысына тоқталып айтатын болсам, ең бірінші кезең ол – тағылық. Тағылық деген не? Тағылық – алғашқы адамдардың еңбекке деген қарым – қатынасы, іс – әрекеттері және табиғатты игерудегі жабайлығы. Ф.Энгельс өз жұмысындағы тағылықтың үш деңгейіне тоқталып өткен. Ең бірінші, тағылықтың төменгі сатысы ол адамзаттың алғашқы мекен еткен жерлері мен әртүрлі жеміс – жидектерді теріп жеп жүрген дәуірді жатқызамыз. Оның ең негізгі жетістігі – алғашқы сөйлеудің пайда болуы. Тағылықтың орта сатысы бұл алғаш рет балық қолданып және от жағуды үйренуден бастау алады. Мұнда адамзат жаңа тамақ пісіруді игерген болатын. Және де тағылықтың ең жоғарғы сатысын талдайтын болсақ, ол садақ пен жебенің ойлап табуынан өз бастауын алады, ал аң аулау олардың негізгі кәсібіне айналды. Сондай –ақ, олар әртүрлі жаңадан құрал-жабдықтарды ойлап тауып, алға қарай бір сатыға дамыды. Ал енді келесі кезеңге келетін болсақ, ол - варварлық дәуір. Варварлық ұғымы қатыгездік, мәдениетсіздік деген мағынаны білдіреді. Еңбектің авторы варварлық кезеңді де үш сатыға бөліп, қарастырған. Аталған кезеңнің ең төменгі сатысы қыш өнерін енгізу, яғни неолит дәуірінен өз бастауын алады. Қыш өнерінің пайда болуы , негізінен отқа төзімді өрілген ыдыстарды сазбен жабуға байланысты туындаған. Бұл кезеңнің өзіне тән ерекшелігі - жануарларды қолға үйрете бастау. Мысалы, Ескі әлем деп аталатын Шығыс материк өсіруге жарамды барлық дерлік жануарлар мен дәнді дақылдар түрлеріне ие болды; ал Батыс материк барлық жеуге жарамды жануарлардың ішінен тек лама, ал мәдени дәнді дақылдардың тек біреуі - жүгеріні өсіре алған. Варварлық кезеңнің келесі орта сатысына көшетін болсақ, орта саты шығыста үй жануарларын бағудан, батыста – тастан жасалған құрылыстарды пайдалану арқылы жеуге жарамды өсімдіктерді өсіруден басталады. Дәнді дақылдарды өсіру, ең алдымен, мал азығының қажеттілігінен туындады және кейіннен адамдар үшін маңызды тамақ көзі болды. Келесі соңғы саты бұл – жоғарғы саты. Темір кенін балқытудан басталып, әріптік жазу және оны ауызша қолдану нәтижесінде өркениетке өтеді. Тек шығыс жарты шарда өздігінен жүретін бұл қадам барлық алдыңғы сатыларға қарағанда өндіріс саласындағы жетістіктерге бай. Оған батырлық дәуірдегі гректер, Рим құрылғанға дейін итальяндық тайпалар, Тацит германдары, викингтер заманындағы нормандар жатады. Энгельс өзінің туындысында тағы бір ұғым «өркениет» жайлы айтып кеткен болады. Өркениет – бұл табиғат өнімдерін одан әрі өңдеуді игеру кезеңі, сөз бен өнердің мағынасында өнеркәсіп кезеңі. Энгельс «Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы» атты еңбегінің екінші бөлімінде отбасы жайлы сөз қозғайды. Негізінен «Отан – отбасынан басталады» дегендей, ең бірінші отбасының пайда болуын , ал одан соң мемлекеттің тууы жайлы автор өз пікірін жазады. Фридрих Энгельс жалпы позицияны келесі түрде нақтылайды: «... күнкөріс құралдарын өндіру (тамақ, киім, тұрғын үй және оған қажетті құралдар) - адамның өзі өндірісі мен ұдайы өндірісі ». Автор теориясы құрылған негіздердің бірі - некенің үш негізгі түрінің адам дамуының негізгі үш кезеңіне сәйкестігі. Жабайы - бұл топтық неке, варварлық - ерлі -зайыптылар, өркениет - моногамия. Мұнда үлкен нақты материалды талдау негізінде қарапайым адамзат қоғамында әр әйел әр еркекке, ал әр ер адам әр әйелге тең болатын жағдай болған деп қорытынды жасалады. Осылай отбасын жіктеген соң, Энгельс кітабының келесі бөлімдерін мемлекеттің пайда болуына арнайды. Яғни шығарманың 3-8 бөлімі ирокездер, гректер, римдіктер, немістер арасындағы рулық жүйе қарастырылады. Бұл аталған бөлімдерде мемлекеттің пайда болып, дамып және ыдырау тарихын қозғап кетеді. Әрине, қарастырылып отырған қоғамдардың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар, көптеген субъективті және объективті факторларға байланысты бірқатар ауытқулармен сипатталады. Мемлекеттің пайда болуының екі моделін бізге ұсынған: шығыстық және батыстық. Батыстық модель мысалы, Афиныдағы мемлекеттің пайда болуы. Энгельс ол туралы рулық қоғамның өз ішінен таптық қарама-қайшылықтары туралы айтқан. Ал шығыстық модель белгілері африкалық және азиялық тайпалардағы климаттық жағдайлармен сипатталған. Шығарманың ең соңғы бөліміне келетін болсақ , ол – варварлық және өркениет. Бұл жерде жоғары айтқандарды жалпылап айту болып табылады. Қоғамның рулық құрылымына нұқсан келтіретін және өркениеттің пайда болуымен жалпы экономикалық жағдайларға арнаған.
...