Контрольная работа по "Теории государства и права"
Автор: Елдиар Дюсенбай • Январь 13, 2021 • Контрольная работа • 691 Слов (3 Страниц) • 545 Просмотры
1.апта Семинар тапсырмасы
Тапсырмалар мен кейстер
Тапсырма
Күресбаев Д. деген азамат жемқорлармен өзі күресіп, олардың көліктерін айдап алып кетіп және сатып, ақшасын балалар үйлеріне аударып отырған.
Осындай әрекет құқыққа қаншалықты сәйкес келеді? Неліктен?
Бұл кісінің жасаған ісі қанша жерден қайырымды болса да заң тұрғысынан дұрыс емес деп білемін, себебі пайдалы іс жасасаңыз да заңнан аттап кетсе, ол қылмыс болып табылады.Әрине жемқорларды алдап машиналарын алғаны орынды алайда оны заң органдарына айтып жазалағаны дұрыс еді.Жемқорлар өздеріңіз білетіндей халық ақшасын жеп кез-келген жағдайда ақшаны бірінші орынға қоятын,заманның алаяқ мүшелері десек артық етпес,бұл қоғамдық мәселе әлі күнге дейін тоқтар емес.
КЕЙС
Дархан емтихан кезінде өзінің досы Азаматтан жауапты көшіріп алуды сұрайды. Азамат оған: «Бұл әрекет «Емтихан тапсыру ережесіне» қайшы келеді ғой» – деп, көмектесе алмайтындығын білдіреді. Бірақ Дарханның ойынша әрбір адам өз досына көмектесуі тиіс.
Есеп: Осы жағдайда кім дұрыс ұстанымға ие? Азамат па, әлде Дархан ба?
Өз жауабыңызды дәйектеңіз.
Бұл жағдай да Азаматтың айтқаны орынды, себебі бұл білімге қатысты мәселе.Ал білім дегеніміз, адамдардың белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдауларының жиынтығы. Білім - адамзат мәдениетінің ең ауқымды ұғымдарының бірі болып табылады.Ең басты мәселе біздің осы өмірде жұмыс жасауымыз,табысымыз,осы біліммен тікелей байланысты.Мысалы, Азамат Дарханға тестте көмектесті делік және бұдан кейінгі тесттер де көмектесіп жүрді.Азамат пен Дархан ертеңгі күні оқу бітіріп жұмысқа тұрған кезде, жедел жәрдем қызметіне тұрды делік,оның қандай жұмыс екені белгілі,минуттың өзі маңызды.Бір науқасқа жедел көмек керек және оның жауабын Дархан білмеді және білмейді де,себебі ол сұрақтың
жауабы тестте болды,алайда оны өзі белгілеген жоқ.Осылайша оның осы уақытқа дейін босқа жүріп, оқымай,уақытын құр бекерге өткізгені өзіне емес өзгеге де зиян келтіреді. Дарханның ойынша достар бір-біріне көметкесуі керек.Әрине, көмектескен жақсы алайда,әр нәрсенің өз орны бар екенін ұмытпаған жөн...
Президенттік және парламенттік республиканың ең аз дегенде бес оң жақтарын және бес кемшіліктерін атаңыз.
Президенттік республика
Оң жақтары (5) | Кемшіліктері (5) |
| 1.мемлекет басшысының билігі парламенттік республикадағы билікке қарағанда билігі кеңірек. 2. Президенттік республикада, президентте парламентті таратуға және парламенттің үкіметке сенімсіздігін білдіруге құқы жоқ. 3. Қос демократиялық заңдылық (президентті де, парламентті де халық сайлайды). Бұл президент пен парламент арасындағы ең өткір жанжалдың қайнар көзі бола алады. 4. Парламент президенттің бастамаларын қабылдауға тосқауыл қойса, биліктің тиімсіздігі мүмкін. 5. Демократиялық режимнің салыстырмалы тұрақсыздығы. |
Парламенттік республика
...