Мүгедектіктің түсінігі. Мүгедектікті анықтау шарты
Автор: Аят Жанаев • Ноябрь 1, 2021 • Лекция • 2,904 Слов (12 Страниц) • 361 Просмотры
Лекция 9
Тақырыбы: МҮГЕДЕКТІГІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ. ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ЖЫЛДАРЫ ҮШІН ТӨЛЕНЕТІН ЗЕЙНЕТАҚЫ
1.Мүгедектіктің түсінігі. Мүгедектікті анықтау шарты. 2.Мүгедектік топтары.Мүгедектіктің санаттары.
- Мүгедектікке байланысты зейнетақының мөлшері.
Еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы алуға құқығы бар тұлғалар.
- Еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақыны тағайындау жəне төлеу мерзімдері
Əдебиеттер
- Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жəне жасына байланысты берілетін мемлекеттік əлеуметтік жəрдемақылар туралы заңы 1997 ж 16 маусым
ҚР Конституциясы 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған (2007 ж өзгертулер мен толықтырулар енгізілген),
- Жұмағұлов Ғ.Б. «Əлеуметтік қамсыздандыру құқығы» оқу құралы, «Мемлекеттік қызмет тіралы» ҚР заңы А., 2006
Қазақстан Республикасы азаматтарын зейнетақымен қамсыздандыру жəне əлеуметтік қорғау» туралы заңы 1997 20 маусым
«Мүгедектік> сөзінің орысша баламасы «инвалидность» сөзі латын-ның
«іпуаіісіиз» сөзінен туындаған жəне «əлсіз, күші жоқ» деген мағы-наны білдіреді. С.Т.Ожеговтың сөздігінде мүгедек «аурудың, жарақаттың салдары-нан еңбекке қабілетін жоғалткан адам» деп аныкталған. В.Дальдың сөздігіне сəйкес, мүгедек - бүл «кызметке қабілетсіз əлсіз, жарақаттанған адам. Шетелдік сөздері сөздігінде мүгедек «аурудың, жарақаттың немесе дамуындағы туа біткен кемшіліктердің саддарьшан өз кəсібі бойьшша жүмыс істеуге қабілетсіз адам» ретінде анықгалған.Медициналык əдебиеттерде мүгедектік ретінде «еңбекке қабілетгің со-зылмалы аурудың, жарақаттың немесе патологиялық жағдайдың салдарынан бұзылуы немесе мардымсыз шектелуі» түсініледі. Сонымен, медицина өкілдерінің пікірінше, созылмалы аурудың, жарақаттың немесе патологиялық жағдайдың салдарынан адам толы-ғымен немесе ішінара еңбекке жарамсыз болуы мүмкін, яғни жоғары-да аталған себептердің нəтижесінде адам өзінің еңбек, кəсіби міндет-терін орындай алмайды. Мұндай жағдайларда медицина органдары түлғаға мүгедектікті тағайындайды.
Бұдан шығатын қорытынды, мүтедектік ретінде медициналық орган-мен куəландырылған, өмір сүруді шектеуге əкеп соққан қавдай да бір аурудың, жаракаттың немесе кемшіліктің салдарынан адамның денсау-лығының тұрақтытүрде бұзылуы. Бүл ретте өмір сүруді шектеу ретінде ағзаның келесідей функцияларьщ толығымен немесе ішінара жоғалтуы түсініледі:
- еңбек қызметіне катысты кабілеттер, яғни өзі дербес, өз əрекеттері арқылы жəне лауазымдықталаптарға сəйкес еңбек міндеттерін орындау қабілеті;
- өзі дербес жүріп-түру кабілеті, яғни тұрмыстык жəне еңбек жағ-дайларында тепе- тендікті үстай отырып, кеңістікте бөтеннің көмегінсіз жүріп-тұру қабілеті;
- өзіне-өзі кызмет көрсету кабілеті, яғни бетеннің көмегінсіз өмірлік қажетгіктерді, ағзаның физиологиялык функцияларын жəне санитария мен гигиенаталаптарын дербес қанағаттандыру қабілеті;
- карым-катынасқа түсу қабілеті, яғни адамдармен мақсатты байла-ныстарды орныктыру, ақпаратты беру, қабылдау жəне түсіну қабілеті;
- өз жүріс-тұрысына бақылау жасау кабілеті, яғни əлеуметтік-тұрмыс-тық нормаларды ескере отырып, сырткы жəне ішкі тітіркендіргіштерге максатгы түрде жауап беру қабілеті.
Мүгедектікті тағайындауды медициналык-əлеуметгік сараптамалық комиссия (МƏСК) жүзеге асырады. Медициналык-əлеуметтік сараптамалық комиссияға өмір сүрудің жəне еңбекке кабілеттің тұракты түрде шектелуінің белгілеріне ие жəне əлеуметтік қамсыздандыруды қажет ететін тұлғалар жібереді. Медициналык-əлеуметтік сараптамалык ко-миссия ағза функцияларының, аурудың, жаракаттың немесе туа біткен кемшіліктің салдарынан тұрақты түрде бұзылуьтн дəлелдейтін диагнос-тикалык емдеу, сауықгыру шараларының негізінде ағзаның жағдайын жалпы бағалаудан да жүргізіледі.
...