Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Өсіруге қажетті құсты таңдау

Автор:   •  Июнь 16, 2022  •  Контрольная работа  •  933 Слов (4 Страниц)  •  179 Просмотры

Страница 1 из 4

Өсіруге қажетті құсты таңдау

Үйді жыл бойы құс етімен қамтамасыз ету үшін сақа құс ұстамай-ақ балапандарды жылына үш рет сатып алып, 60-90 күн ішінде өсіріп-жетілдіріп союға болады. жасқұстың оған жұмсалған азық шығынын алынған өніммен қайтару қабілеті сақа құстан жоғары. Ал ондай мүмкіншілік болмаған жағдайда сақа құстарды жұмыртқалатып, жұмыртқасынан балапандар шығарып өсіреді. Сондықтан қолда өсірілетін құсты ұстау мерзімі ең алдымен жұмртқалағыш көрсеткіштеріне байланысты келеді. 2-кестеде үй құстарының жасына байланысты жұмыртқалағыштығы келтірілген.

Міне, жұмыртқалағыштығының жасына байланысты өзгеруіне қарай жұмыртқалағыш тұқымды тауықтарды 12 ай, етті тұқымды тауықтарды 8 ай, үйректерді 6-8 ай, күркетауықтарды 6-7 ай, мысыр тауықтарын 5 ай, бөденелерді 8 апта, қаздарды 2-3 жыл ұстаған пайдалы. Көп құстардың жұмыртқалағыштығы бірінші жылдары жоғары болғанымен, жұмыртқадан балапан шығу пайызы екінші жылда жоғары болады. Сондай-ақ шайқауға салынған жұмыртқадан балапан шығу деңгейі мекиендердің дер кезінде ұрықтанып тұруына тікелей байланысты. Шайқалуға салынатын жұмыртқалар жақсы ұрықтану үшін әр 10 тауыққа, 5 үйрекке, 3-4 қазға, 15 күркетауыққа, 4-6 мысыр тауығына, 2 бөдене меиеніне бір қораз (әтеш) қосылуы қажет. Күркетауық меиенінің саны қораз жасы ұлғайған сайын кемітіледі. Егер шаруашылықта жұмыртқалар шайқалмай, тек тағамға жұмсалып, балапандар сатып алынатын болса қораз ұстаудың қажеті жоқ. Олар мекиендер жұмыртқалағыштығына әсер етпейді.

Күзде, кәрі құс бордақыланып сойылады да, орнына басқалары қалдырылады. Алдымен ерте көктемде шығарылған балапандарды таңдайды. Тұқымға қалдырылатын құс шамасы жұмыртқалағыш тауықтар үшін – 5 ай, етті тауықтар үшін –6 ай, үйректер үшін –6-6,5 ай, күркетауықтар үшін –7-8 ай, қаз үшін –9 ай, мысыр тауығы үшін –7ай, бөденелер үшін –1,5 ай болуға тиіс.

Кесте 2. Құс жұмыртқалағыштығының жасына байланысты өзгеруі

Құс

Тауықтар

Қаздар

Үйректер

Күркетауықтар

Жасы, жыл

жұмыртқалағыштығы

етті

жұмыртқалағ-ғы

бір-і ж-н салыстырғанда, %

жұмыртқалағ-ғы

бір-і ж-н салыстырғанда, %

жұмыртқалағ-ғы

бір-і ж-н салыстырғанда, %

жұмыртқалағыштығы, %

жұмыртқалағыштығы, %

1

200

95

190

100

40

100

110

100

85

100

2

170

85

140

74

50

125

120

109

80

94

3

145

73

110

58

65

155

90

82

75

88

4

125

63

90

47

60

150

80

73

60

70

5

110

55

85

45

30

75

60

55

30

35

Тұқымға қалдырылатын құсты таңдағанда сырт пішінін тексеріп, тұлғасында кемшіліктер болмауын қадағалайды. Тұмсығы қисық, қанаты сынған, саусақтары, кеуде сүйегі майысқан құсты қалдырмайды. Сырт пішін, түр-тұлғасы дұрыс құс ішінде алдымен тірілей салмағы ауырларын таңдайды. Әлгінде айтылған таңдау мерзімінде жұмыртқалағыш тауықтардың тірілей салмағы 1,4 кг, қораздардікі – 1,7-1,9 кг, етті тауықтардікі –2,6 кг, қораздарынікі – 3,8 кг, пекин үйректерінікі 2,3 –2,7 кг, ірі боз қаздар меиендерінікі – 5 кг, ата қаздарінікі – 7 кг, қытай қазы меиендерінікі 4 кг, ата қаздарінікі 5,5 кг, ауыр салмақты күркетауықтарынікі – 5,5 кг, ауыр салмақты күркетауық тұқымдарының мекиендерінікі – 5,3 кг, қораздарінікі – 5,3 кг, қораздарінікі – 9 килограмнан аз болмауға тиіс.

...

Скачать:   txt (14.5 Kb)   pdf (76.4 Kb)   docx (14.6 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club